4. Бүйрек қандай қызмет атқарады?

5. Бүйректе не түзіледі?

6. Несепағардың ұзындығы, диаметрі қанша?

7. Қуықтың пішіні, сыйымдылығы қандай?

 

2-жаттығу.Мәтіннен үстеулерді теріп жазыңыз. Жасалу жолына қарай түрін анықтаңыз.

3-жаттығу. Мысалдарды көшіріп жазып, себеп пысықтауыштардың астын сызыңдар да, қандай сұрақға жауап беріп тұрғанын айтыңдар.

1.Асқардың тірі қалғанына қуанған Ботакөз баланың атын Амантай қойды. 2. Асқан ерлігі үшін Әлия Молдағұлова Кеңес Одағының Батыры деген атақ берілді. 3. Бала қуанғаннан дауыстап та жіберді. 4. Ақ тай енесінің асаулығынан былтыр байланбаған.

4-жаттығу.Төмендегі мүшелердің қай жүйеге жататын көрсетіңіз:

бауыр, өкпе, бүйрек, асқазан, тіс, несепағар, ішек, жүрек, қуық, қолқа, ми, көмей, саусақ, омыртқа, несеп шығаратын өзек, ұйқы безі, өт, қылтамыр, жұлын.

5-жаттығу.Оң жақтағы етістіктер мен сол жақтағы етістіктерден сөз тіркесін жасаңыз.

минералды тұздар орналасу (қайда?)

сыртқа орналасу (қалай?)

бел омыртқада шығару (нелер?)

өзгермелі шығарылу (қайда?)

зәр болу (қандай?)

жоғары түзілу (не?)

6-жаттығу.Мәтін бойынша сан есімдерді теріп жазыңыз. Сан есімнің қандай түрлері берілген? Сан есімдердің түрлерін еске түсіріп, ерекшеліктерін айтыңыз.

7-жаттығу.Мәтіннен сын есімдерді теріп жазыңыз. Жасалу жолына қарай түрін анықтаңыз.

 

8- жаттығу.Төмендегі сөйлемдерді қазақ тіліне аударыңыз.

Микроорганизмы могут поражать разные отделы мочевыделительной системы: почки, мочеточники, мочевой пузырь, мочеиспускательный канал. Они проникают в них через кровь. Этому способствует наличие очагов инфекции в различных участках организма, например ангины, заболевания зубов, ротовой полости.

Часто причиной заболеваний почек и мочевыводящих путей могут быть называемые восходящие инфекции. При несоблюдении личной гигиены болезнетворные микробы проникают через мочеиспукательный канал в мочевой пузырь и распространяются на другие участки мочевыделительной системы, вызывая их воспаление. Воспалительным процессам и распространению микробов способствует общее охлаждение организма, простуды.

Некоторые лекартсвенные средства (сульфаниламиды, антибиотики), применяемые в больших количествах, накапливаются в почках и сами могут стать причиной почечных заболеваний. Но особенно вредно злоупотребление алкоголем, который поражает почки. Постоянные нарушения обмена могут вызвать заболевание почек, например стать причиной отложения солей и образования так называемых "камней" в почках и мочевыводящих путях.

болезнетворные микробы-ауру тудырғыш микробтар

воспаление-қабыну

накопиться-жиналу; шоғырлану

отложение-қабаттар; қабаттану

9-жаттығу

Қосарлану арқылы жасалған үстеулерге сөйлем құрастыр.

Көзбе- көз, тұс- тұстан.

 

Сабақтың тақырыбы: Шылау сөздер туралы түсінік. Ыбырай Алтынсарин – ағартушы педагог.

Сабақтың түрі: теориялық, жаңа сабақты меңгеру.

Сабақты өткізу әдісі:Сұрақ-жауап, интерактивті тақтамен жұмыс істеу.Сабақтың мақсаты:

Білімділік:

-Лексикалық мағынасынан айрылған жеке грамматикалық тұлға сөздерді;

-Шылау сөздердің сөйлемдегі қызметін;

- Шылау сөздердің мағыналық түрлерін, ерекшеліктерін;

-Ы.Алтынсариннің өмір жолы мен шығармашылығы туралы түсініктерін одан әрі тиянақтау;

Дамытушылық:

-Тұрмыстық, қоғамдық саяси, оқу-мамандық, ғылыми мәселелерде ана тілінде сөйлеу білуге қажет екендігін түсіндіру;;

-Жаңа сөздерді дұрыс қолдана білуге;

-Жылдам жауап беруге;

-Орыс тілі мен қазақ тілінің негізі айырмашылықтарын;

- Сөйлем құрастыра білуге;

Тәрбиелік:

- Ы.Алтынсариннің шығармаларының тәрбиелік мәніне үңілу;

- Үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетуге шақыру;

Сабақ уақыты: 90 минут

Сабақтың құрылымы:

1. Ұйымдастыру кезеңі 2-3 мин

2. Үй тапсырмасын сұрау 25 мин

3. Жаңа тақырыпты түсіндіру 40 мин

4.Жаңа тақырыпты бекіту 10 мин

5.Сабақты қорытындылау 7 мин

6.Үй тапсырмасын беру 4-5 мин

Сабақтың барысы: 1.Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен амандасу. Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.Оқушылардың сыртқы келбеттеріне көңіл аудару. Сабаққа қажетті құрал-жабдықтарының бары-жоғын тексеру. Оқушыларды сабақтың тақырыбы және жоспарымен таныстыру.

Теориялық білімнің қажеттілігі:

Оқытушы бақылау сұрақтарын қою арқылы оқушылардың біліміне тексеру жүргізу.

· Себеп-салдар үстеуі дегеніміз не?

· Себеп-салдар үстеуінің сөйлемдегі қызметі қандай?

· Мәтіннен себеп салдар үстеуін табындар.

· Себеп салдар үстеуіне бірнеше мысал келтір.

· Зәр шығару жүйесі дегеніміз не.

· Зәр шығару жүйесінің атқаратын қызметі.

· Себеп*-салдар үстеуінің сөйлемдегі мағыналық түрлерін көрсет.

 

Жаңа сабақты түсіндіру:

Оқытушы оқушыларға берілген жаңа тақырыпты түсіндіреді.(тақырыпқа байланысты негізгі сұрақтар).

1) Шылау дегеніміз не?

2) Шылаудың сөйлемдегі атқаратын қызметі?

3) Шылаудың сөйлемдегі мағыналық түрлері қандай?

4) Ыбырай Алтынсарин дегеніміз кім?

5) Ыбырай Алтынсариннің еңбектерін ата?

6) Ыбырай Алтынсариннің өмірбаянын баянда.

7) Ыбырай Алтынсариннің өміріне хронологиялық кесте жаса.

Сабақтың қорытындысы:

Оқытушы сабақты толығымен жүйелейді, әрбір оқушының жұмысын бағалай отырып, олардың жетістігі мен кемшіліктерін ескереді. Олардың сабақты меңгергенін сұрақ-жауап арқылы анықтайды.

Оқытушы төмендегідей критерийлер бойынша оқушылардың жасалған жұмыстарына баға қояды:

· Өткен тақырып бойынша бағалау;

· Жақсы жауаптарды ескеру;

· Жаңа тақырып бойынша білімдерін бекіту және қорытындылау;

· Тақырып бойынша жаттығулардың орындалуын тексеру;

· Қорытынды баға қою

Үйге тапсырма беру:Шылау сөздердің сөйлемдегі қызметін, мағыналық түрлерін, ерекшеліктерін, Ы.Алтынсариннің өмір жолы мен шығармашылығын білу ,мәтінді жаттау.

 

 

 

Шылау сөздер туралы түсінік

 

Көмекші сөздердің келесі бір түрі шылау сөздер өзгешелеу. Лексикалық мағынасынан айрылған жеке грамматикалық тұлға.Және,дегенмен,болмаса,себебі,өйткені,сондықтан,сол себепті

 

Шылау сөздердің ерекшеліктері

1) Лексикалық мағынасынан айрылған.

2) Морфологиялық жағынан түрлене алмайды.

3) Сөйлем мүшесі болуға қабілеті жоқ.

4) Алғашқы шығу тек – төркінінен біржола қол үзген.

5) Сөз бен сөзді, сөйлем мен сөйлемді байланыстырады.

6) Өздері тіркескен сөздерге түрлі қосымша мағыналық реңктер үстейді.

 

Тіліміздегі шылаулардың атқаратын қызметтері де бірдей емес. Бір тобы сөз бен сөз арасындағы грамматикалық байланысты жүзеге асырады. Енді біреулері сөз тіркестері мен сөйлемдердің арасын жалғастырса, жеке сөздер мен сөз тіркесін анықтау, толықтау үшін қосымша реңк беретін шылаулар да болады. Осындай қызметтеріне қарай шылаулар үшке бөлінеді: жалғаулықтар, септеуліктер, демеуліктер.