5. Он екі елі ішекте қандай процесс жүреді?

6. Бауыр қандай қызмет атқарады?

7. Ең соңғы қорытылу қай жерде өтеді?

8. Аш ішекте қорытылмаған заттар қайда барады?

2-жаттығу.

Төмендегі мақал-мәтелдердің мәнін қалай түсінесіз? Осылардың бір-екеуін күнделікті өмірмен қатыстырып, мысал арқылы түсіндіріп беріңіз.

1.Ас-адамның арқауы

2.Ертеңгі асты тастама,

Кешкі асқа қарама .

3.Аш адамнан ақыл сұрама

4.Ас біреудікі болғанмен,

Асқазан өзіңдікі екенін ұмытпа

 

3-жаттығу.

Мәтіннен үстеулерді табыңыз

4-жаттығу.

Ас қорыту жүйесіне жататын мүшелерді атап көрсетіңіз.

5-жаттығу.

Ағзадағы ең үлкен без – бауыр туралы анатомия пәнінен өткеніңізді есіңізге түсіріңіз (ол қайда орналасқан, салмағы қанша, пішіні (формасы) қандай т.б.).

6-жаттығу.

Төмендегі сөйлемдерді қазақ тіліне аударыңыз.

1. Тонкий кишечник имеет длину – 3-4м. 2. В двенадцатиперстной кишке под влиянием ферментов пищеварительного сока происходит расщепление белков, жиров и углеводов. 3. Какова роль желчи в процессе переваривания жиров? 4. Разнобразие пищи, различные салаты, добавление к пище небольшого количества перца возбуждает аппетит. 5. Какую роль в процессах пищеварения играет сок поджелудочной железы? 6. Вся кровь, оттекающая от кишечника, проходит через печень. 7. В печени обезбреживается до 95% ядовитых веществ, образующихся в процессе пищеварения.

7-жаттығу.

Үстеулерді ұқсас тұлғалардан ажыратыңыз, себебін түсіндіріңіз.

Абай да, Әбіш те ол адамның әрі жастай өмірден өткенін, әрі жазғаны жоғалғанын өкініш етті (М.Әуезов). АВлда ұзынынан сұлап ақ басты Алатау жатыр. Алда ұзақ жол. Шоқан бұл жерлерде бұрын болған (Н.Баяндин). Кейін Ақан іздеп барған (Т.Әлімқұлов). Содан кейін Бораштың алдында өлең айтуды да қойдым. Әрі арық, әрі тоңғақ Бораш Шеген екеуміздің ортамызда отыр. Қуғыншылар әрі ұзап кетті. Асты – үстімізде таза ақ төсеніш. Менің өтінішім стол үстінде жатыр (Ғ.Мүсірепов).

 

 

Сабақтың тақырыбы: Себеп –салдар үстеуі. Зәр шығару жүйесі

Сабақтың түрі: теориялық, жаңа сабақты меңгеру.

Сабақты өткізу әдісі:Сұрақ-жауап, интерактивті тақтамен жұмыс істеу.Сабақтың мақсаты:

Білімділік:

- Себеп-салдар үстеулердің сөйлемдегі қызметін;

-Себеп-салдар үстеулердің мағыналық түрлерін;

- Зәр шығару жүйесі және оның атқаратын қызметі туралы түсініктерін одан әрі тиянақтау.

 

Дамытушылық:

-Өз ойларын еркін жеткізуге;

-Тұрмыстық, қоғамдық саяси, оқу-мамандық, ғылыми мәселелерде ана тілінде сөйлеу білуге қажет екендігін түсіндіру;

-Мақал-мәтелдерді дұрыс қолдана білуге;

-Орыс тілі мен қазақ тілінің негізгі айырмашылықтарын;

- Жаңа сөздермен сөйлем құрастыра білуге;

 

Тәрбиелік:

- Берілген мәтіндер бойынша оқушылардың рухани байлығын қалыптастыру ;

- Адамгершілікке тәрбиелеу ;

Сабақ уақыты: 90 минут

Сабақтың құрылымы:

1. Ұйымдастыру кезеңі 2-3 мин

2. Үй тапсырмасын сұрау: 25 мин;

3. Жаңа тақырыпты түсіндіру: 40 мин;

4.Жаңа тақырыпты бекіту: 10 мин;

5.Сабақты қорытындылау: 7 мин;

6.Үй тапсырмасын беру: 4-5 мин;

Сабақтың барысы: 1.Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен амандасу. Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.Оқушылардың сыртқы келбеттеріне көңіл аудару. Сабаққа қажетті құрал-жабдықтарының бары-жоғын тексеру. Оқушыларды сабақтың тақырыбы және жоспарымен таныстыру.

Теориялық білімнің қажеттілігі:

Оқытушы бақылау сұрақтарын қою арқылы оқушылардың біліміне тексеру жүргізу.

· Мақсат үстеу дегеніміз не?

· Мақсат үстеуінің сөйлемдегі қызметі қандай?

· Мақсат үстеуінің сөйлемдегі мағыналық түрлері қандай?

· Ас қорыту жүйесі дегеніміз не?

· Ас қорыту жүйесінің атқаратын қызметін баянда.

· Мәтіннен мақсат үстеулерін тап.

· Мақсат үстеуіне бірнеше мысал келтір.

 

Жаңа сабақты түсіндіру:

Оқытушы оқушыларға берілген жаңа тақырыпты түсіндіреді.(тақырыпқа байланысты негізгі сұрақтар).

1) Себеп салдар үстеуі дегеніміз не?

2) Себеп-салдар үстеуінің сөйлемдегі қызметі қандай?

3) Себеп-салдар үстеуінің сөйлемдегі мағыналық түрлері қандай?

4) Зәр шығару жүйесі дегеніміз не?

5) Зәр шығару жүйесінің атқаратын қызметін баянда.

6) Зәр шығару жүйесіне қатысатын ағзаларды тізбектей баянда.

 

Сабақтың қорытындысы:

Оқытушы сабақты толығымен жүйелейді, әрбір оқушының жұмысын бағалай отырып, олардың жетістігі мен кемшіліктерін ескереді. Олардың сабақты меңгергенін сұрақ-жауап арқылы анықтайды.

Оқытушы төмендегідей критерийлер бойынша оқушылардың жасалған жұмыстарына баға қояды:

· Өткен тақырып бойынша бағалау;

· Жақсы жауаптарды ескеру;

· Жаңа тақырып бойынша білімдерін бекіту және қорытындылау;

· Тақырып бойынша жаттығулардың орындалуын тексеру;

· Қорытынды баға қою

Үйге тапсырма беру:себеп-салдар үстеулердің сөйлемдегі қызметі, мағыналық түрлері, зәр шығару жүйесі және оның атқаратын қызметі туралы түсініктерін одан әрі тиянақтау,мәтінді жаттау.

 

Себеп-салдар үстеуі.

Зәр шығару жүйесі

Зәр шығару жүйесіне: бүйрек, несепағар, қуық және несеп шығаратын өзек жатады.

Бүйрек – жұп мүше, бұршақ пішінді, қошқыл қоңыр түсті. Бүйректер бел омыртқаның екі жағына орналасқан. Оң жақ бүйрек сол жақ бүйректен 2-3 см төменірек тұрады. Ересек адам бүйрегінің ұзындығы 10 – 12см, ені 5-6 см, салмағы 120 – 200 грамм шамасында. Бүйрек биологиялық сүзгіш қызметін атқарады. Әр минут сайын бүйрек арқылы ағзадағы қанның 1/5 бөлігі өтеді. Бүйрекке қан қолқа тамыр арқылы келеді. Ағзаның тіршілігіне қажетсіз зиянды немесе улы заттар, артық су, минералды тұздар қанның құрамынан шығарылып, бүйрек арқылы сүзіледі. Тазартылған қан төменгі көк тамырға қайтып келеді. Сонымен, бүйректе зәр шығару түзіледі, ол несепағар арқылы қуыққа ағады.

Несепағар қуықпен жалғасқан. Оның ұзындығы 30 см- ге жуық түтік. Диаметрі 4 – 7 мм. Тәулігіне ересек адамда 1,5 л зәр түзіледі.

Қуықта несеп жиналып, одан рефлексті жолмен несеп шығаратын өзек арқылы сыртқа шығарылады. Қуық пішіні толуына қарай өзгермелі болады. Оның орташа сыйымдылығы 500 – 700 мл.

 

Төмендегі сөздерді жаттап алыңыз.

Несепағар – мочеточник

Қуық – мочевой пузырь

Несеп шығаратын өзек – мочеиспускательный канал

Қошқыл – темный

Ені – ширина

Сүзгіш – фильтр

Улы – ядовитый

Түзілу – образоваться

Пішін – форма

 

1-жаттығу.Мәтін бойынша төмендегі сұрақтарға жауап беріңіз.

1. Зәр шығару жүйесіне нелер жатады?

2. Бүйрек қандай мүше?

3. Бүйрек қай жерде, қалай орналасқан?