6 Ас қорыту жүйесіне қандай мүшелер жатады?
7 Ас қорыту жүйесінің жолын тізбектей айтып бер.
Сабақтың қорытындысы:
Оқытушы сабақты толығымен жүйелейді, әрбір оқушының жұмысын бағалай отырып, олардың жетістігі мен кемшіліктерін ескереді. Олардың сабақты меңгергенін сұрақ-жауап арқылы анықтайды.
Оқытушы төмендегідей критерийлер бойынша оқушылардың жасалған жұмыстарына баға қояды:
· Өткен тақырып бойынша бағалау;
· Жақсы жауаптарды ескеру;
· Жаңа тақырып бойынша білімдерін бекіту және қорытындылау;
· Тақырып бойынша жаттығулардың орындалуын тексеру;
· Қорытынды баға қою
Үйге тапсырма беру:Мақсат үстеулердің сөйлемдегі қызметі, мағыналық түрлері, ас қорыту жүйесінің атқаратын қызметі туралы түсініктерін әңгімелеу,жаңа сөздерді жаттау.
Мақсат үстеуі.
«Ас қорыту жүйесі» мәтіні
Ас қорыту өте күрделі процесс. Ол ас қорыту жолынан және бездерден құралады. Ауыз қуысы, жұтқыншақ, өңеш, асқазан немесе қарын, он екі елі ішек, аш ішек тоқ ішек – бұлар ас қорыту жолы болып табылады.
Ас ауыз қуысынан жұтқыншақ арқылы өңешке өтеді, одан соң асқазанға түседі. Ересек адамның асқазанының сыйымдылығы 1,5 литрдей. Асқазанның қабығының бездері асқазан сөлін бөліп шығарады. Адамның асқазан сөлі түссіз болады. Асқазанда ас 4 – 8 сағат болып асқазан сөлінің әсерінен қорытылады.Қоймалжың ас бұдан кейін ас қорыту жүйесінің келесі бөлімі аш ішекке біртіндеп өтіп отырады. Оның басты бөлімі – он екі елі ішек немесе ұлтабар. Он екі елі ішекте бауыр мен ұйқы безінің сөл шығару өзектері ашылады. Бауырдан бөлінетін өт сарғыш – жасыл түсті. Өттің әсерінен май уақ тамшыларға ыдырайды. Май осындай күйде тез қорытылады. Бауыр – ас қорыту бездерінің ішіндегі ең үлкен без. Бауыр ағзадағы улы заттарды залалсыздандырып отырады.
Он екі елі ішекте астың негізгі қорытылуы аяқталады. Қоймалжың ас ботқасы аш ішектің келесі бөліміне өтеді де, ең соңғы қорытылуға түседі. Бұл қорытылу аш ішектің ұсақ көп бездерінен бөлінетін сөлдің әсерінен болады. Аш ішектегі қорытылған кенеулі заттардың ерітіндісі қыл тамырлар арқылы қанға өтеді. Майдың ерітінділері негізінен лимфаға сіңіріледі.Сөйтіп аш ішектегі барлық кенеулі заттар қан мен лимфа арқылы бүкіл ағзаға тарайды.
Аш ішекте қорытылмаған заттар тоқ ішекке өтеді. Ол заттардағы су ішек қабырғасындағы тамырлар арқылы қанға өтеді. Ал қорытылмаған қалдық заттар тік ішекке түседі.
Жаңа сөздерді жаттап алыңыз.
Он екі елі ішек – двенадцатиперстная кишка
Шырышты қабық – слизистая оболочка
Түссіз – бесцветный1
Бөліп шығару – выделить
Асқазан сөлі – желудочный сок
Қорытылу – перевариваться
Қоймалжың – полужидкий
Ұйқы безі – поджелудочная железа
өзек – проток
өт – желчь
уақ – мелький
ыдырау – распад
зарарсыздандыру – обезвредить
сіңірілу – впитываться
тоқ ішек – толстая кишка
аш ішек – тонкая кишка
тік ішек – прямая кишка
1-жаттығу.
Мәтін бойынша мына сұрақтарға жауап беріңіз.
1. Ас қорыту қандай процесс?
2. Ас қорыту жолына қандай жолдар жатады?
3. Ас бірінші қайда түседі, одан кейін қандай мүшелерге барады?
4. Асқазанда ас қанша сағаттай болады және ненің әсерінен қорытылады?