Тыныс алу жүйесі мәтіні

Тыныс алу дегеніміз – ағза және сыртқы орта аралығында газ алмасу процесі. Ағза оттегіні сіңіріп, көмір қышқыл газын бөліп отырады. Адам оттегісіз өмір сүре алмайды. Оттегі жасушалар мен ұлпалардың тыныс алуы мен өз қызметтерін атқаруы үшін қажет. Тыныс алу жүйесі оттегін қан айналу жүйесіне өткізеді. Ал өттегі қанның құрамындағы гемоглобинмен бүкіл денеге таралады.

Тыныс алу мүшелеріне мұрын қуысы, көмей, кеңірдек, өкпе және бронхылар жатады.

Тыныс алу жолы мұрын қуысынан басталады. Мұрын қуысының ішкі қабырғасын шырышты қабықша астарлайды. Онда көптеген қан тамырлары, бездер және эпителий орналасқан. Мұрын қуысында ауа залалсыздандырады, ылғалданады және жылынады.

Мұрын қуысынан ауа аңқаға, одан кейін көмейге барады, көмейден кеңірдекке өтеді. Кеңірдек доға тәрізді, 16 – 20 шеміршекті сақинадан тұрады, олардың ұзындығы 10 – 15см. Кеңірдек тармақталып 2 бронхыға бөлінеді. Бронхылар оң және сол өкпеге кіреді.

Өкпе кеуде қуысында орналасады. Өкпеде бронхының әрқайсысы тармақталып 2 бронхыға бөлінеді. Бронхылар оң және сол өкпеге кіреді.

Өкпе кеуде қуысында орналасады. Өкпеде бронхының әрқайсысы тармақталып, біртіндеп кішірейетін, ауа жүретін түтікшеге айналады. Түтікшелер өкпе көпіршіктерімен аяқталады. Көпіршіктердің саны 300 – 350 миллиондай.

Ерлердің өкпесінің биіктігі 27 – 30 см, әйелдердікі 21 – 23 см.Оң жақ өкпе сол жақ өкпеден үлкендеу болады. Оң өкпе 3 бөлікке, сол өкпе 2 бөлікке бөлінеді.

Ересек адам өкпесінің тіршілік сыйымдылығы 3500 см. Адам минутына орта есеппен 16 – 18 рет тыныс алады. Осы мезгілде өкпе 8л. ауа өткізіп, адам өміріне аса маңызды газ алмасуды қамтамасыз етеді.

 

Жаңа сөздерді жаттап ал.

Газ алмасу - обмен газов

Көмей – гортонь

Кеңірдек – трахея

Залалсыздану – обезвредить

Ылғалдану – увлажняться

Аңқа – носоглодка

Шырышты қабықша – слизистая оболочка

Түкті – волосисты

Шеміршек – хрящ

Тармақталу – разветление

Өкпе көпіршіктері – легочные пузырьки

Сыйымдылық – вместимость

 

1-жаттығу.Тыныс алу жүйесі мәтіні бойынша түсінгеніңізді әңгімелеп беріңіз.

 

2-жаттығу.

Қазақтың жиі қолданылатын «Ағасы бардың жағасы бар,інісі бардың тынысы бар» деген мақалын қалай түсінесіз?Мақалдың мағынасын өмірге қатыстырып талдап беріңіз.

3-жаттығу.

Күшейту үстеулерін қолданып сөз тіркестерін жасаңыз.

Кілең,әбден,бекер,тым,аса,өте, өңкей, өңшең, мүлдем, орасан, нақ, нағыз, ең.

4-жаттығу.

Оң жақтағы етістіктермен керекті сөздер арқылы сөз тіркесін құрыңыз

 

денеге тыныс алуы (ненің?)

ауа таралу (қайда?)

кеңірдектен басталу (неден?)

2 бронхыға залалсызданады (не?)

жасушалардың өтеді (қайдан?)

мұрын қуысынан бөліну (неге?)

газ алмасуды қамтамасыз ету (нені?)

5-жаттығу.

Мәтінде кездесетін төмендегі сөз тіркестерін оқытушының көмегімен орыс тіліне аударыңыз.

Ағза мен сыртқы орта, бүкіл денеге таралу, тыныс алу жолы, мұрын қуысынан басталады, мұрын қуысының ішкі қабырғасы, ауа залалсызданады, ауа ылғалданады, ауа жылынады, доға тәрізді, шеміршекті сақиналар, біртіндеп кішірею, ауа жүретін түтікшелер, адам өміріне қажетті, газ алмасуды қамтамасыз ету.

 

 

6-жаттығу

Түбірге жұрнақ жалғану арқылы немесе кейбір септік жағауларының көнелену арқылы жасалатын туынды үстеуді табыңыз.

Ең, бірге, ертең, зорға, балаша, бұрын.

7-жаттығу

 

Сөйлемнен түбірге сіңіп кеткен жатыс септік жалғау арқылы жасалған туынды үстеуді табыңыз.

Баяғыда, біздің ауылда бұрын соңды болмаған жағдай болды.

 

 

8-жаттығу

Себеп- салдар үстеуді табыңыз.

Мақсат аяғын ауыртып алып, амалсыздан сабаққа бармады.

 

Сабақтың тақырыбы:Мақсат үстеуі. Ас қорыту жүйесі.

Сабақтың түрі: теориялық, жаңа сабақты меңгеру.

Сабақты өткізу әдісі:Сұрақ-жауап, интерактивті тақтамен жұмыс істеу.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік:

-мақсат үстеулерінің сұрақтары, білдіретін мағыналары, мақсат үстеулердің сөйлемдегі қызметі, мағыналық түрлері, ас қорыту жүйесі, атқаратын қызметі туралы түсініктерін одан әрі тиянақтау;

-дамытушылық- өз бетінше ізденуге, ойлау қабілетін арттыруға ықпал ету, өз ойын еркін жеткізуге баулу, жылдам жауап беруге жаттықтыру

Дамытушылық:

- Өз ойын еркін айта білуге қалыптастыру;

- Қабілеттері мен грамматикалық сауаттылықтарын арттыру;

- Өз беттерінше салыстыру, қорытынды жасауға үйрету;

- Оқушылардың дағды-машығын, таным белсенділігін арттыру;

-Оқушылардың өз бетінше жұмыс жүргізуін,есін,ой-өрісін,сауатты жазуын,тіл байлығын дамыту;

Тәрбиелік:

- Студент бойындаэстетикалық тәрбиені қалыптастыру;

- Білімгерлердің өз мамандықтарын сүюге тәрбиелеу;

- Рухани байлығын қалыптастыру, адамгершілікке тәрбиелеу.

Сабақ уақыты: 90 минут

Сабақтың құрылымы:

1. Ұйымдастыру кезеңі 2-3 мин

2. Үй тапсырмасын сұрау 25 мин

3. Жаңа тақырыпты түсіндіру 40 мин

4.Жаңа тақырыпты бекіту 10 мин

5.Сабақты қорытындылау 7 мин

6.Үй тапсырмасын беру 4-5 мин

Сабақтың барысы: 1.Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен амандасу. Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.Оқушылардың сыртқы келбеттеріне көңіл аудару. Сабаққа қажетті құрал-жабдықтарының бары-жоғын тексеру. Оқушыларды сабақтың тақырыбы және жоспарымен таныстыру.

Теориялық білімнің қажеттілігі:

Оқытушы бақылау сұрақтарын қою арқылы оқушылардың біліміне тексеру жүргізу.

· Күшейіткіш үстеулердің сөйлемдегі қызметі?

· Күшейіткіш үстеулердің мағыналық түрлерін ата.

· Тыныс алу жүйесіне жататын мүшелерді ата.

· Мәтіннен күшейіткіш үстеуді көрсет.

· Күшейіткіш үстеуге бірнеше мысал келтір.

· Тыныс алу жүйесіне қандай мүшелер жатады.

 

Жаңа сабақты түсіндіру:

Оқытушы оқушыларға берілген жаңа тақырыпты түсіндіреді.(тақырыпқа байланысты негізгі сұрақтар).

1 Мақсат үстеуі дегеніміз не?

2 Мақсат үстеуі қайда қолданылады?

3 Мақсат үстеуіне 5 мысал келтір.

4 Ас қорыту жүйесі дегеніміз не?

5 Ас қорытудың адам ағзасына қандай маңызы бар?