1. Тірек – қимыл жүйесін нелер құрайды?
2. Адам қаңқасы неден тұрады?
3. Қаңқада қанша сүйек бар?
4. Адам қаңқасының қандай ерекшелігі бар?
5. Сүйек байланысының неше түрі бар?
2-жаттығу.Мәтіннен үстеулерді табыңыз.
3-жаттығу.Тірек-қимыл жүйесі мәтіні бойынша түсінгеніңізді әңгімелеп беріңіз.
4-жаттығу.Төмендегі сөйлемдерден үстеулерді табыңыз.Екі топқа(түбір, туынды) бөліңіз.
Төмен,шалқасынан,қазақша,орысша,жылдам, алға,жақында, күнде,адамша, аса, шапшаң,өте, ескіше,жаңаша,кеше, былтыр,тым.
5-жаттығу
Сөйлемнен үстеуді табыңыз.
Отбасы бала тәрбиесінің ең алғашқы ұжымы.Бала болашағы отбасынан басталады. Ата анасынан жақсы тәрбие алған бала болашақта саналы азамат.
6-жаттығу
Үстеулерді қолданып, сөйлем құрастырыңыз.
Әдейі, бүгін, амалсыздан, бекерге.
7-жаттығу
Үстеу құрамына қарай қаншаға бөлінеді?
Әрқайсысына мысалдар жаз.
8-жаттығу.
Оң жақта берілген етістіктермен сол жақтағы сөздерден (сұрақ арқылы) сөз тіркесін жасаңыз. Солармен сөйлем құрыңыз.
беске қимылдауы (ненің?)
саусақтарды бөліну (нешеге?)
жұмыртқаға байланысу (қалай?)
ауыздың қозғалту ( нені?)
қимылсыз ұқсау (неге?)
9-жаттығу.
Төмендегі сөйлемдерді қазақ тіліне аударыңыз.
1. Череп состоит из мозгового и лицевого отделов. 2. Мозговой отдел черепа образован прочно и неподвижно соединенными между собой костями. 3. Это парные теменные и височные и непарные лобная и затылочная кости. 4. В височной кости имеется отверствие наружного слухового прохода. 5. В лицевом отделе черепа 15 костей. 6. Самые крупные из них челюстные. 7. Нижечелюстная кость – единственная подвижная кость черепа. 8. Грудная полость образована 12 парами ребер и грудиной. 9. Из каких основных отделов и костей состоит скелет верхних конечностей?
10-жаттығу.
Төмендегі сөйлемдерді мәтінді тірек ете отырып толықтырыңыз.
1. Ми сауытының пішіні … тәрізді. 2. Бет сүйектерінің ішінде тек астыңғы … қана қимылдайды. 3. Ортан жілік … белдеуіне жатады. 4. Иық белдеуі арқылы қол сүйектері … байланысады. 5. Бұғана мен … бірігіп иық белдеуін құрайды. 6. Он екі жұп … кеуде қуысын құрайды. 7. Тұлға қаңқасы омыртқа жотасынан, қабырғалардан, … тұрады. 8. Омыртқалар бірігіп … өзегін түзеді. 9. Қолдың басын .. сүйектері қозғалтады. 10. Үшбұрышты сүйек … кеуденің сыртқы жағында орналасқан.
Сабақтың тақырыбы:Күшейткіш үстеуі. Тыныс алу жүйесі.
Сабақтың түрі: теориялық, жаңа сабақты меңгеру.
Сабақты өткізу әдісі:Сұрақ-жауап, интерактивті тақтамен жұмыс істеу.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік:
-Күшейткіш үстеулердің сұрақтары, білдіретін мағыналары,
- Күшейткіш үстеулердің сөйлемдегі қызметі, мағыналық түрлері,
- Тыныс алу жүйесін, атқаратын қызметі туралы, ойлау қабілетін арттыруға ықпал ету,
Дамытушылық:
- Ойлау,есте сақтау, өз ойын деңгейлік тапсырмалар арқылы жүзеге асыру;
- Танымдық қабілеттерін арттыру;
- Оқушының шығармашылық қабілеттерін арттыру;
- Әннің,қара өленнің құдіретін түсінуге тәрбиелеу ;
- Оқушы қабылдауы мен ойлау аралығын зерттей отырып, ой қорытқызу және жаңа ұғымды өзі іздеп табуға бағыттау
Тәрбиелік:
- Студенттерді шешен сөйлеуге қалыптастыру;
- Өз мамандықтарын сүюге тәрбиелеу;
- Адамгершілікке тәрбиелеу;
Сабақ уақыты: 90 минут
Сабақтың құрылымы:
1. Ұйымдастыру кезеңі 2-3 мин
2. Үй тапсырмасын сұрау 25 мин
3. Жаңа тақырыпты түсіндіру 40 мин
4.Жаңа тақырыпты бекіту 10 мин
5.Сабақты қорытындылау 7 мин
6.Үй тапсырмасын беру 4-5 мин
Сабақтың барысы: 1.Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылармен амандасу. Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.Оқушылардың сыртқы келбеттеріне көңіл аудару. Сабаққа қажетті құрал-жабдықтарының бары-жоғын тексеру. Оқушыларды сабақтың тақырыбы және жоспарымен таныстыру.
Теориялық білімнің қажеттілігі:
Оқытушы бақылау сұрақтарын қою арқылы оқушылардың біліміне тексеру жүргізу.
· Үстеу дегеніміз не?
· Үстеу қандай сұрақтарға жауап береді?
· Үстеулер қалай жасалады?
· Тірек қимыл жүйесі дегеніміз не?
· Тірек қимыл жүйесі деген не?
· Үстеулерге бірнеше мысал келтір.
· Мәтіннен үстеулерді тап.
Жаңа сабақты түсіндіру:
Оқытушы оқушыларға берілген жаңа тақырыпты түсіндіреді.(тақырыпқа байланысты негізгі сұрақтар).
1 Тыныс алу жолы туралы не білесің?
2 Тыныс алу жолына қандай мүшелер жатады?
3 Күшейіткіш үстеу дегеніміз не?
4 Күшейіткіш үстеуге 5 мысал келтір.
5 Күшейіткіш үстеу қандай жағдайда қолданылады?
Сабақтың қорытындысы:
Оқытушы сабақты толығымен жүйелейді, әрбір оқушының жұмысын бағалай отырып, олардың жетістігі мен кемшіліктерін ескереді. Олардың сабақты меңгергенін сұрақ-жауап арқылы анықтайды.
Оқытушы төмендегідей критерийлер бойынша оқушылардың жасалған жұмыстарына баға қояды:
· Өткен тақырып бойынша бағалау;
· Жақсы жауаптарды ескеру;
· Жаңа тақырып бойынша білімдерін бекіту және қорытындылау;
· Тақырып бойынша жаттығулардың орындалуын тексеру;
· Қорытынды баға қою
Үйге тапсырма беру:Күшейткіш үстеулердің сөйлемдегі қызметін, мағыналық түрлерін, тыныс алу жүйесін, атқаратын қызметі туралы түсініктерін айту,жаңа сөздерді жаттау
Күшейткіш үстеулер.
Күшейткіш үстеулер Қалай? сұрағына жауап беріп қимыл- әрекетті өте күшейтеді, не өте кемітеді.
Мысалы: орасан, ең, тым, тіпті, өте, әбден, әрең, кілең, нақ, т.б.