2 Мөлшер үстеуі қандай жағдайда қолданылады?

3 Мөлшер үстеуіне бес мысал келтір.

4 Тірек қимыл жүйесі дегеніміз не?

5 Тірек қимыл жүйесіне қандай мүшелер жатады?

Сабақтың қорытындысы:

Оқытушы сабақты толығымен жүйелейді, әрбір оқушының жұмысын бағалай отырып, олардың жетістігі мен кемшіліктерін ескереді. Олардың сабақты меңгергенін сұрақ-жауап арқылы анықтайды.

Оқытушы төмендегідей критерийлер бойынша оқушылардың жасалған жұмыстарына баға қояды:

· Өткен тақырып бойынша бағалау;

· Жақсы жауаптарды ескеру;

· Жаңа тақырып бойынша білімдерін бекіту және қорытындылау;

· Тақырып бойынша жаттығулардың орындалуын тексеру;

· Қорытынды баға қою

 

Үйге тапсырма беру:Мөлшер үстеулердің сөйлемдегі қызметін, мағыналық түрлерін, тірек-қимыл жүйесі, атқаратын қызметі туралы түсініктерін әңгімелеу

Мөлшер үстеуі

 

 

Тірек – қимыл жүйесі

 

Қаңқа мен бұлшық ет тірек – қимыл жүйесін құрайды. Денені қимыл-

қозғалысқа келтіреді және ішкі мүшелерді қорғайды.

Адамның қаңқасы өзара буындар қалтасы және сіңірлер арқылы жалғасады. Адамның қаңқасында 220- дай сүйек бар. Сүйектер омыртқа жотасын, кеуде қуысын, бас сүйек, иық, жамбас белдеулерін, аяқ – қол сүйектерін құрайды.

Адамның қаңқасының өзіне тән ерекшелігі бар. Оның негізгі ерекшелігі мынау: қолдың құрылысы адамның еңбек етуіне байланысты икемделген. Ал аяқ сүйектері дененің салмағын ұстап, жүріп- тұруға бейімделген. Аяқ сүйектері жуан және мықты болады.

Адамның денесіндегі сүйектер бірімен – бірі байланысты болады.

Сүйек байланысының 3 түрі болады: қозғалмайтын, қозғалмалы және жартылай қозғалмалы. Қозғалмайтын сүйектерге – бас сүйегі және жамбас; жартылай қозғалмалы сүйектерге – омыртқа жотасы, қозғалмалы сүйектерге буын арқылы жалғасқан сүйектер – яғни қол, аяқ, иық және қабырғалар жатады.

Сүйектер ұзын, қысқа, жалпақ болуы мүмкін. Ұзын сүйектер түзіледі. Жілік денеге таяныш болады. Қысқа сүйектер денеге мықтылық қасиет береді және иілімді жерлерде орналасады. Олар: омыртқа, табан мен қол сүйектері. Жалпақ сүйектер жұқа болады. Бұларға бас сүйек, жамбас, кеуде қуысындағы қабырға, жауырын және самай, бет сүйектері жатады..

 

 

Жаңа сөздер мен сөз тіркестерін жаттап алыңыз.

Келтіру – приводить

Ішкі – внутренний

Қорғау – защищать

Өзара – между собой

Буын қалтасы – суставная сумка

Сіңір – сухожилие

Омыртқа жотасы- позвоночный столб

Иық белдеуі – плечевой пояс

Жамбас – тазавая кость

Жуан – толстый

Мықты – крепкий

Бейімделу – адаптация

Жартылай – на половину

Қабырға-ребро

Жалпақ – плоски

 

 

 

1-жаттығу..Мәтін бойынша төмендегі сұрақтарға жауап беріңіз.