Төмендегі мақал-мәтелдердің мағынасын түсіндіріңіз.
Денсаулық – зор байлық.(Здоровье – клад бесценный).
Жарлының байлығы – денінің саулығы. (Богатство бедняка – его здоровье).
Ауру атанды да шөктірер.(Болезнь и верблюда – с ног валит).
Ауру кірді - әлек кірді. (Болезнь пришла – беда в дом вошла).
Ауру батпандап кіріп, мысқалдап шығады.(Болезнь входит батманами,
а выходит мискалями).
Ауру кісі күлкі сүймес, ауыр жүкті жылқы сүймес.( Больной не выносит
смеха, конь –тяжелую ношу).
Ауруын жасырған өледі.(Кто болезнь свою скрывает,
тот со смертью играет).
6-жаттығу
Қосарлану арқылы жасалған үстеуді табыңыз.
Әсемкүл әже амалсыздан тауға әрең- әрең көтеріліп келеді.Әлсін- әлсін демалып,жан-жағына жалтақ -жалтақ қарайды.Жол жиегіне тұра қалып, гүрс -гүрс жөтеледі.
7-жаттығу
Сөздердің тіркесуі арқылы жасалған сөзді тауып жазыңыз.
Бүгін, көзбе- көз, құр әшейін, ала жаздай, қыстыгүні, күн ілгері, олай- бұлай, күн ұзақ, тұс -тұстан.
Сабақтың тақырыбы: Мөлшер үстеуі. Тірек қимыл жүйесі
Сабақтың түрі: теориялық, жаңа сабақты меңгеру.
Сабақты өткізу әдісі:Сұрақ-жауап, интерактивті тақтамен жұмыс істеу.Сабақтың мақсаты:
Білімділік:
-Мөлшер үстеулердің сұрақтары, білдіретін мағыналары,
- Мөлшер үстеулердің сөйлемдегі қызметі, мағыналық түрлерін,
- Тірек-қимыл жүйесі, атқаратын қызметі туралы түсініктерін одан әрі тиянақтау;
Дамытушылық:
-Өз бетінше ізденуге, ойлау қабілетін арттыруға ықпал ету;
-Өз ойын еркін жеткізуге баулу;
-Жылдам жауап беруге жаттықтыру;
-Сөздікпен жұмыс жасау,жаңа сөздерді дұрыс қолдана білу;
- Мақал-мәтелдер арқылы сөйлеу қабілеттерін дамыту;
Тәрбиелік:
- Ұйымшылдық пен жауапкершілікке тәрбиелеу;
- Өзгені тындауға, әдепті болуға тәрбиелеу;
Сабақ уақыты: 90 минут
Сабақтың құрылымы:
1. Ұйымдастыру кезеңі 2-3 мин
2. Үй тапсырмасын сұрау 25 мин
3. Жаңа тақырыпты түсіндіру 40 мин
4.Жаңа тақырыпты бекіту 10 мин
5.Сабақты қорытындылау 7 мин
6.Үй тапсырмасын беру 4-5 мин
Сабақтың барысы: 1.Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылармен амандасу. Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.Оқушылардың сыртқы келбеттеріне көңіл аудару. Сабаққа қажетті құрал-жабдықтарының бары-жоғын тексеру. Оқушыларды сабақтың тақырыбы және жоспарымен таныстыру.
Теориялық білімнің қажеттілігі:
Оқытушы бақылау сұрақтарын қою арқылы оқушылардың біліміне тексеру жүргізу.
· Сын қимыл үстеуі дегеніміз не?
· Сын қимыл үстеуі қалай жасалады?
· Адам ағзасын қанша жүйеге бөліп қарастырамыз?
· Тірек қимыл жүйесіне қай мүшелер жатады?
· Зәр шығару жүйесіне қай мүшелер жатады.
· Тыныс алу жүйесіне қай мүшелер жатады?
· Ас қорыту жүйесіне қай мүшелер жатады?
Жаңа сабақты түсіндіру:
Оқытушы оқушыларға берілген жаңа тақырыпты түсіндіреді.(тақырыпқа байланысты негізгі сұрақтар).
1 Мөлшер үстеуі дегеніміз не?