1-жаттығу. Оң бағандағы етістіктер мен сол бағандағы керекті сөздерден сөз тіркесін құрыңыз (сұрақ арқылы)
Бұлшық еттен бөлінеді(нешеге?)
Асқазанда орналасқан (қайда?)
Кеуде қуысында тұрады (неден?)
Оттегіні қорытылады (қайда?)
Ауыз қуысынан жеткізеді (нені?)
Екіге басталады (қайдан?)
Сыртқа реттейді (нені?)
Жұмысын шығарады (қайда?)
2-жаттығу.
Төмендегі сөздер мен сөз тіркестерін қатыстырып жеті сөйлем құрастырыңыз.
Кеуде қуысы,қан айналу жүйесі, сүйектер, оттегі, бүйрек, қамтамасыз ету, қимыл.
3-жаттығу.
Үстеулердің мағыналық топтарын толық қамтитын грамматикалық кесте жасаңыз, берілген үстеу сөздерді мағынасына қарай топтап жазыңыз.
Тым, мүлде, әдейі, жорта, текке, бекерге, мейлінше, соншалық, шалқасынан, кенеттен, шикілей, құсша, арыстанша, әрең-әрең, ретімен, жөнімен, қасақана, әзер, лажсыздан, итбайшылық, бірталай, недәуір, әжептәуір, әрмен, бермен, бірен – саран, енді-енді, келе-келе, ауызба-ауыз, әлінше, кілт, қалт.
3-жаттығу.Қимыл сын үстеуіне көркем шығармадан он мысал келтір.
4-жаттығу.
Берілген сөйлемдерді толықтырып, көшіріп жазыңыз.
1. Әрбір … белгілі қызмет атқарады. 2. Адамның кеуде … өкпе, жүрек орналасқан. 3. … қуысында зәр шығару, көбею мүшелері орналасқан. 4. Қаңқа әртүрлі сүйектерден құралған … 5. Сүйектерге … бекиді. 6. Зәр шығару жүйесіне бүйрек, несепағар, … жатады. 7. Жүйке жүйесі мүшелердің … реттейді. 8. Тыныс алу жүйесінде оттегіні сіңіру және көмірқышқыл газын бөлу процесі … 9. Ас … арқылы өңешке, асқазанға барады.
(Керекті сөздер: жұтқыншақ, мүше, мықты тірек, жүреді, жұмысын, құрсақ, қуысында, қуық, бұлшық ет).
5-жаттығу..