5-жаттығу.Төмендегі сұрақтарға жауап беріңіз.Жауаптарыңыздан мезгіл,мекен үстеулерін табыңыз.

1.Сіз қай жерде тұрасыз?__________________________________

2.Сіздің досыңыз қайда тұрады?____________________________

3.Сіздің досыңыз қайда оқиды?____________________________

4.Сіз қайда оқисыз?______________________________________

5.Сіз кіммен, қайда тұрасыз?______________________________

6.Сіз кешке қайда барасыз?________________________________

6-жаттығу

Сөйлемдерден үстеулерді табыңыз.

Айнұр мен Асан бүгін таңертең Алматыға келді. Сонша алтынды қайдан алады? Естілер ертеңгіні ескере, көре сөйлейді.

 

 

Сабақтың тақырыбы: Сын- қимыл үстеуі. Адам ағзасы.

Сабақтың түрі: теориялық, жаңа сабақты меңгеру.

Сабақты өткізу әдісі:Сұрақ-жауап, интерактивті тақтамен жұмыс істеу.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік:

-Сын қимыл үстеулердің сұрақтарын, білдіретін мағыналарын түсіну;

-Сын-қимыл үстеулердің сөйлемдегі қызметін, мағыналық түрлерін білу;

-Адам ағзасының құрылысы, қызметі туралы түсініктерін одан әрі тиянақтау;

 

Дамытушылық:

-Уақытты тиімді пайдалануға;

-Мемлекеттік тілде еркін сөйлеу білу қажет екендігін түсіндіру;

-Медициналық терминдерді дұрыс қолдана білуге;

-Жаңа сөздермен сөйлемдер құрастыра білу;

- Сауатты жаза білуге;

 

Тәрбиелік:

- Мемлекеттік тілге деген құрметін нығайту;

- Білімгерлердің өз мамандықтарын сүюге тәрбиелеу;

- Отансүйгіштікке баулу;

 

 

Сабақтың уақыты:90 мин.

Сабақтың құрылымы:

1. Ұйымдастыру кезеңі 2-3 мин

2. Үй тапсырмасын сұрау: 25 мин ;

3. Жаңа тақырыпты түсіндіру: 40 мин;

4.Жаңа тақырыпты бекіту: 10 мин;

5.Сабақты қорытындылау: 7 мин;

6.Үй тапсырмасын беру: 4-5 мин;

Сабақтың барысы: 1.Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен амандасу. Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.Оқушылардың сыртқы келбеттеріне көңіл аудару. Сабаққа қажетті құрал-жабдықтарының бары-жоғын тексеру. Оқушыларды сабақтың тақырыбы және жоспарымен таныстыру.

Теориялық білімнің қажеттілігі:

Оқытушы бақылау сұрақтарын қою арқылы оқушылардың біліміне тексеру жүргізу.

· Мезгіл үстеу дегеніміз не?

· Мекен үстеу дегеніміз не?

· Мезгіл,мекен үстеулердің сөйлемдегі қызметі қандай?

· Ғалым Х.Досмұхамедовтың қандай ғылыми еңбектерін білесің?

· Мәтіннен мекен, мезгіл үстеулерін тап.

· Мезгіл, мекен үстеулері сөйлемде қандай сөйлем мүшесі бола алады?

· Үстеудің түрлерін ата.

Жаңа сабақты түсіндіру:

Оқытушы оқушыларға берілген жаңа тақырыпты түсіндіреді.(тақырыпқа байланысты негізгі сұрақтар).

· Сын қимыл үстеуі дегеніміз не?

· Сын қимыл үстеуі қалай жасалады?

· Адам ағзасын қанша жүйеге бөліп қарастырамыз?

· Тірек қимыл жүйесіне қай мүшелер жатады?

· Зәр шығару жүйесіне қай мүшелер жатады?

· Тыныс алу жүйесіне қай мүшелер жатады?

· Ас қорыту жүйесіне қай мүшелер жатады?

·

Сабақтың қорытындысы:

Оқытушы сабақты толығымен жүйелейді, әрбір оқушының жұмысын бағалай отырып, олардың жетістігі мен кемшіліктерін ескереді. Олардың сабақты меңгергенін сұрақ-жауап арқылы анықтайды.

Оқытушы төмендегідей критерийлер бойынша оқушылардың жасалған жұмыстарына баға қояды:

· Өткен тақырып бойынша бағалау;

· Жақсы жауаптарды ескеру;

· Жаңа тақырып бойынша білімдерін бекіту және қорытындылау;

· Тақырып бойынша жаттығулардың орындалуын тексеру;

· Қорытынды баға қою

Үйге тапсырма беру:. Сын-қимыл үстеулердің сөйлемдегі қызметі, мағыналық түрлері, адам ағзасының құрылысы, қызметі туралы түсініктерін одан әрі тиянақтау,мәтінді жаттау.

Сын-қимыл үстеулері

Адам ағзасы

Адам деген - ардақты ат, қазақ халқы оны ежелден құрмет тұтып, оны ерекше «кім» деп сұрайды.

Адамның денесіндегі әрбір мүше белгілі қызмет атқарады.

Адамның кеуде қуысында тыныс алу мен қан айналуының ортақ мүшелері (өкпе, жүрек) орналасқан, ал құрсақ қуысында – ас қорыту, зәр шығару, көбею мүшелері бар.Бұлардан басқа адам ағзасында әр түрлі қызмет атқаратын: көз, құлақ, ауыз, бауыр, көк бауыр және т.б. мүшелер болады.

Тірек – қимыл жүйесі қаңқа мен бұлшық еттен тұрады. Қаңқа дегеніміз – денедегі әр түрлі сүйектерден құралған мықты тірек. Сүйектерге бұлшық еттер бекиді.Адам бұлшық еттің көмегімен жүреді, жүгіреді және дене еңбегі мен басқа да әр түрлі қимылдар жасайды.

Ас қорыту жүйесі ауыз қуысынан басталады. Ас жұтқыншақ арқылы өңешке, одан асқазанға түсіп, ас қорыту бездерінің әсерінен ішек – қарын жолында қорытылады.

Қан айналу жүйесі денедегі барлық мүшелерге оттегі мен қоректік заттарды таратып отырады.

Тыныс алу жүйесіне мұрын, кеңірдек, көмей, өкпе, бронхтар жатады. Ағзаның оттегіні өзіне сіңіріп көмірқышқыл газын бөліп отыруы – тыныс алу жүйесінде өтеді.

Зәр шығару жүйесі мүшелеріне қос бүйрек, несепағар, қуық жатады. Бүйректе қан тазартылып, несеп түзіледі.

Жаңа сөздер мен сөз тіркестерін жаттап алыңыз.

Ағза-организм

Тыныс – дыхание

Қан айналымы- кровообращение

Құрсақ қуысы – брюшная полость

Зәр шығару жүйесі-опорно-двигательная система

Бұлшық ет – мыщцы

Беку-укрепиться

Жұтқыншақ-глотка

Мұрын-нос

Кеңірдек-трахея,дыхательное горло