Мезгіл, мекен үстеулері
Мезгіл үстеулері Қашан? Қашаннан? Қай уақытта? сұрақтарына жауап беріп, қимыл, әрекеттің мерзімін, мезгілін, уақытын білдіреді.
Мысалы: бүгін, биыл, кеше, былтыр, ерте, ертеден, ежелде, таңертеңнен, күндіз, қазір, т.б..
Мекен үстеулеріҚайда? Қайдан? сұрақтарына жауап беріп, қимылдың мекенін, өткен, өтететін орнын білдіреді.
Мысалы: ілгері, төмен, жоғары, артта, алда, алға, сонда, әріде, беріде, т.б
Халел Досмұхамедұлы
Досмұхамедұлы Халел (1883-1937) – аумалы төкпелі заманда мұң мен зардың, айтыс пен тартыстың, өмір мен өлімнің бел ортасында жүрсе де азаматтық тұлғасына дақ түсірмеген қазақ зиялыларының бірі, мамандығы дәрігер бола тұрса да қоғам өмірінің сан салалы мәселелеріне араласқан көп қырлы |
дарын: саяси және қоғам қайраткері, тарихшы, табиғаттанушы, тілтанушы, әдебиетші, ауыз әдебиетінің сирек үлгілерін жинап насихаттаушы, шебер аудармашы. Туған жері қазіргі Атырау облысының Қызылқоға ауданы. Ағасы Дәулеттүмбет Машақұлының ықпалымен әкесі Досмұхамед ауыл молдасынан хат таныған Халелді жергілікті орыс-қазақ мектебіне береді. Мектепті жақсы бітірген Халел бұдан кейін Теке қаласындағы реалдық училищеге түсіп, оны үздік бітіреді. Өнер білімге құмар жас Санкт – Петербурктегі Әскери медициналық академияның сынағынан мүдірмей өтіп, оны алты жылдан кейін алтын медальмен бітіріп шығады.
Халқының жан саулығы мен тән саулығының шипагері бола білген Халел арнайы шақырумен Орынбор қаласында өткен жалпы қазақ – қырғыз сьезіне қатысады. Осында қазақ – қырғыз өлкелік автономиясы жарияланады. Алашорда өкіметі құрылады. Ол соған мүше болып сайланады.
Алашорда таратылғаннан кейін басқа қазақ зиялылары секілді Халел де жаңа үкіметтің жұмысына тартылады. Ташкенттегі халық ағарту институтында оқытушы, оған қосымша Орта Азия университеті медицина факультетінің ауруханасында ординатор қызметін атқарады. 1924 жылы Россия академиясының Орталық өлкетану бюросының мүше корреспонденті болып сайланады. Өзі проректор болып істейтін, халқымыздың алғашқы жоғары оқу орны Қазақ педогогика институтының негізінде Қазақ мемлекеттік университетін ашуға, соның ұйымдастыру жұмыстарын атқаруға белсене араласады, оның бірінші проректоры болып сайланады.
Жаңа сөздер мен сөз тіркестерін жаттап алыңыз.
Ұйымдастыру-организовать
Оқытушы-преподаватель
Сайланады-выбирается
Насихаттаушы-наставник
Аудармашы-переводчик
Саяси-политический
Үздік-отличный
Халық ағарту жұмысы-работа в сфере народного просвещение
Жұмыс атқару-работать
Өлкетану-краеведение
.
1-жаттығу. Оқып шығып, мезгіл үстеуін анықтаңдар.
Сәлден кейін әңгімеміз қайта өрбіді. Қазір жұмыстың өте қауырт кезі. Ұзақ күн даладағы жұмыс басында болып, кеңсеге әлгі әзірде ғана оралды. Мұрат бүгін бір жылқышыға еріп жайлауға кетті. Сол күні түнде әкем жолға асығыс қамданып, қалаға жүріп кетті.
2-жаттығу. Көшіріп жазып, мекен үстеуінің астын сызыңдар да, қай сөз табынан болғанын, тұлғалық белгілерін көрсетіңдер.
1.Ол солға қарай жүрді. 2. Төртбақ, қара мұртты жігіт барақ алдынан бері аяңдады.
3. Өскелең тірлік әрдайым жоғары тұрады. 4. Қарулы, батыл жас сонда да кейін қайтпады. 5. Үшеуі әңгімемен жоғарыдан төмен түсті.6. Ізінше кері жол тартты.
7. Ойлаған жерімнен әрі түсіпсің. 8. Төлеубектің столына таман барды. 9. Қайырбек ілгері озды. 10.Қайыр Себептің біресе ол жағына, біресе бұл жағына шықты. 11. Терезелерден шам сәулесі көріне бастады.
3-жаттығу. Мәтін бойынша түсінгеніңізді әңгімелеп беріңіз.
4-жаттығу.Төмендегі мақал-мәтелдердің мағынасын түсіндіріңіз.
Білімнің басы – бейнет, соңы – зейнет.(В учении трудно, да плоды учения сладки).
Оқығаныңды айтпа,тоқығаныңды айт.(Говори не о том, что вычитал, А о том, что осмыслил).
Білімге дүние жарық, білімсіздің күні кәріп. (Для ученного мир светел, для неуча мир темен).
Көзі жоқ, құлағы саудың ақылы толады,
Құлағы жоқ, көзі саудың ақылы солады. (Если глаза не видят, но уши слышат – ум богатеет, если глаза видят, но уши не слышат – ум скудеет).
Өмір – үлкен мектеп.(Жизнь – самая большая школа).