3. Жаңа тақырыпты түсіндіру 40 мин

4.Жаңа тақырыпты бекіту 10 мин

5.Сабақты қорытындылау 7 мин

6.Үй тапсырмасын беру 4-5 мин

Сабақтың барысы: 1.Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен амандасу. Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.Оқушылардың сыртқы келбеттеріне көңіл аудару. Сабаққа қажетті құрал-жабдықтарының бары-жоғын тексеру. Оқушыларды сабақтың тақырыбы және жоспарымен таныстыру.

Теориялық білімнің қажеттілігі:

Оқытушы бақылау сұрақтарын қою арқылы оқушылардың біліміне тексеру жүргізу.

· Үстеудің қандай түрлерін білесің?

· Негізгі үстеу дегеніміз не?

· Үстеу сөйлемде қандай сөйлем мүшесі бола алады?

· Туынды үстеуге мысалдар келтір.

· Күрделі үстеу дегеніміз не?

· Қазақстан дәрігерлерінің антын жатқа білесіз бе?

· Дәрігердің міндеттерін ата?

Жаңа сабақты түсіндіру:

Оқытушы оқушыларға берілген жаңа тақырыпты түсіндіреді(тақырыпқа байланысты негізгі сұрақтар).

1 Халел Досмұхамедұлы кім?

2 Оның қандай еңбектерін білесіз?

3 Мезгіл үстеуі туралы не білесін?

4 Мекен үстеуі туралы не білесің?

5 Мекен, мезгіл үстеулері қай жерде қолданылады?

Сабақтың қорытындысы:

Оқытушы сабақты толығымен жүйелейді, әрбір оқушының жұмысын бағалай отырып, олардың жетістігі мен кемшіліктерін ескереді. Олардың сабақты меңгергенін сұрақ-жауап арқылы анықтайды.

Оқытушы төмендегідей критерийлер бойынша оқушылардың жасалған жұмыстарына баға қояды:

· Өткен тақырып бойынша бағалау;

· Жақсы жауаптарды ескеру;

· Жаңа тақырып бойынша білімдерін бекіту және қорытындылау;

· Тақырып бойынша жаттығулардың орындалуын тексеру;

· Қорытынды баға қою

 

Үйге тапсырма беру:Мезгіл, мекен үстеулердің сөйлемдегі қызметін, мағыналық түрлерін, ғалым дәрігер Х.Досмұхамбетовтың өмір жолы мен қызметі туралы түсініктерін әңгімелеу.