Мына үстеулерден сөйлем құрастыр

Ең, тым, аса, өте, нағыз, кілең, орасан.

6-жаттығу

Төмендегі сөйлемдерден үстеулер тауып, сұрақ қою арқылы жазыңыз.

Кез-келген адамға дәрігерлік көмегім қажет болғанда бас тартпай орындаймын; ең алдымен аурудың қамын ойлаймын; дәрігерлік өнерге қызығатын адамдар немесе әріптестерім менен көмек талап етсе,оларға ақыл-кеңесімді, керек болса, тегін,әрі ешқандай шарт жасаспай-ақ көмектесемін деп ант етемін.

7-жаттығу

Сөздердің кірігуі арқылы жасалған күрделі үстеулерді табыңыз.

Ертен, бүгін, төмен, биыл, көзбе- көз, ала жаздай, қыстыгүні.

8-жаттығу.Таблицаны толтыр.

Керекті сөздер: бастық, пәтер,сөздік көл, ауыл, сабақ, қағаз.

  Кімге? Қайда?   Кімде? Қайда?   Кімнен? Қайдан?
Дәрігерге дәрігерде дәрігерден
     
     
     
     
     
     
     

 

9-жаттығу.Үлгі бойынша сөйлем құраңыз:

А)

- Сағат қанша?

- Сағат төрт.

- Ал сен нешеде келесің?

- Сағат жетіде.

- Екі сағаттан кейін келесің бе?

Ә)

- Бүгін қай күн?

- Сәрсенбі.

- Ал Әмина қашан келеді?

- Жексенбі күні.

- Үш күннен кейін бе?

 

Сабақтың тақырыбы: Мезгіл, мекен үстеуі. Ғалым – дәрігер Х.Досмұхамбетов.

Сабақтың түрі: теориялық, жаңа сабақты меңгеру.

Сабақты өткізу әдісі:Сұрақ-жауап, интерактивті тақтамен жұмыс істеу.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік:

- Мезгіл, мекен үстеулердің сұрақтарын, білдіретін мағыналарын;

-Мезгіл, мекен үстеулердің сөйлемдегі қызметін, мағыналық түрлерін;

- Ғалым дәрігер Х.Досмұхамбетовтың өмір жолы мен қызметі туралы

түсініктерін одан әрі тиянақтау;

 

Дамытушылық:

- Студенттердің ой өрісін, дүниетанымын кеңейту ;

- Тұрмыстық, қоғамдық саяси, оқу-мамандық, ғылыми мәселелерде ана

тілінде сөйлеу білудің қажет екендігін түсіндіру;

- Шығармашылық қабілеттерін шыңдау;

- Орыс тілі мен қазақ тілі ерекшеліктері туралы мағлұмат беру;

 

Тәрбиелік:

- Студенттерді отансүйгіштікке тәрбиелеу;

- Білімгерлерді өз мамандықтарын сүюге тәрбиелеу;

Сабақ уақыты: 90 минут

Сабақтың құрылымы:

2. Үй тапсырмасын сұрау 25 мин