Қазақстан республикасының дәрігерінің анты

Медицина қауымдастығына өз еркіммен кіріп,мен(аты-жөні ) жазбаша міндеттеме алып,оны адал орындауға салтанатты түрде ант етемін.Болашақта халқыма қалтқысыз қызмет етіп,медициналық қауымдастықты мейірбандылықпен дамыта отырып сақтауға және науқастың жазылып ,дені сау болуы қызметінің басты принципі,менің жоғарғы бағам үшін ант етемін.

Өзіме дәрігерлік өнерді үйреткен кісіні,оған деген ізгі ниетімді,сый-құрметімді мәңгі-бақи сақтайтындығым үшін ант етемін.

Кез-келген адамға дәрігерлік көмегім қажет болғанда бас тартпай орындаймын; ең алдымен аурудың қамын ойлаймын; дәрігерлік өнерге қызығатын адамдар немесе әріптестерім менен көмек талап етсе,оларға ақыл-кеңесімді, керек болса, тегін,әрі ешқандай шарт жасаспай-ақ көмектесемін деп ант етемін.

Жариялауға мүлде болмайтын дәрігерлік құпияны,сондай-ақ маған сеніп айтқан жеке сырларын ешкімге тіпті,ол қайтыс болып кетсе де жарияламайтындығым үшін ант етемін.

Медицина жетістіктерімен үнемі танысып, дәрігерлік шеберлігімді үздіксіз дамытып, «адамгершілік» атты ардан өзімді жоғары ұстаймын деп ант етемін.

Барлық іс-қимылдарымды Қазақстан Республикалық Дәрігерлік Этика қағидаларына сай жасаймын деп міндеттеме аламын.

Осы антты өз еркіммен,адал жүрегіммен беремін.Дәрігерлік парызымды ар-ожданыма сүйеніп орындаймын.

Сөздік

Парыз-обязанность

Ар-совесть

Ождан-совесть

Адал-честный

Дәрігерлік-врачебный

Адамгершілік-человечность

Құпия-секрет

Қимыл-движение

Өз еркі-его воля

Адал жүрегіммен-от чистого сердца

1-жаттығу.

Мәтінді жаттап алыңыз.

2-жаттығу.

Төмендегі сөйлемдерден үстеулерді теріп жазыңыз. Жасалу жолына қарай түрін анықтаңыз.

Мен қасақана жай жүрдім, қайда асығам.

Ауыл адамдары үйді-үйіне ертерек тығылып алған-ау деймін, көшеде бірен –саран солдаттар болмаса басқа жан жоқ. Дәл осы жерде қатты ағыс тастардың үстінен сырғанай құлдырап жоғарыдан шапши сарқырап жатыр.

3- жаттығу

Үстеулерге бірнеше мысал келтір.

4- жаттығу

Өзіңіз келтірген мысалдарға сөйлем құраңыз.

5-жаттығу