Сабақтың тақырыбы:Үстеу туралы жалпы түсінік. Гиппократ анты.
Сабақтың түрі: теориялық жаңа сабақты меңгеру.
Сабақты өткізу әдісі:Сұрақ-жауап, интерактивті тақтамен жұмыс істеу.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік:
- Тіл білімінің салаларын меңгерту;
-Сөз табының ерекше түрі үстеу туралы мағлұмат беру;
-Студенттерге ана тілінің қадір-қасиетін ұғындыру;
-Тілге құрметін, сүйіспеншілігін арттыру;
-Тіл арқылы халықтар достығын насихаттау, сөздікпен жұмыс жасау;
Дамытушылық:
-Студенттерге курстың міндеттерін түсіндіру;
-Тұрмыстық, қоғамдық саяси, оқу-мамандық, ғылыми мәселелерде ана тілінде сөйлей білуге қажет екендігін түсіндіру;
-Орыс тілі мен қазақ тілінің негізгі айырмашылықтарын;
Тәрбиелік:
-Студенттерді әдептілікке тәрбиелеу
- Мемлекеттік тілге деген құрметін нығайту;
- Білімгерлердің өз мамандықтарын сүюге тәрбиелеу;
- Ана тілінің қадір- қасиетін түсініп, оны құрметтей білуге, тапқырлық, іздемпаздық қасиеттерге жетелеу, шығармашылыққа баулу.
Сабақ уақыты: 90 минут
Сабақтың құрылымы:
1. Ұйымдастыру кезеңі:5 мин.
2. Үй тапсырмасын сұрау: 20 мин.
3. Жаңа тақырыпты түсіндіру: 40 мин.
4. Жаңа тақырыпты бекіту: 15 мин.
5. Сабақты қорытындылау: 5 мин.
6. Үй тапсырмасын беру: 5 мин.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылармен амандасу. Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру. Оқушылардың сыртқы келбеттеріне көңіл аудару. Сабаққа қажетті құрал-жабдықтарының бары-жоғын тексеру. Оқушыларды сабақтың тақырыбы және жоспарымен таныстыру.
Теориялық білімнің қажеттілігі:
Оқытушы бақылау сұрақтарын қою арқылы оқушылардың біліміне тексеру жүргізу.
Жаңа сабақты түсіндіру:
Оқытушы оқушыларға берілген жаңа тақырыпты түсіндіреді.(тақырыпқа байланысты негізгі сұрақтар).
Сабақтың қорытындысы:
Оқытушы сабақты толығымен жүйелейді, әрбір оқушының жұмысын бағалай отырып, олардың жетістігі мен кемшіліктерін ескереді. Олардың сабақты меңгергенін сұрақ-жауап арқылы анықтайды.
Оқытушы төмендегідей критерийлер бойынша оқушылардың жасалған жұмыстарына баға қояды:
· Өткен тақырып бойынша бағалау;
· Жақсы жауаптарды ескеру;
· Жаңа тақырып бойынша білімдерін бекіту және қорытындылау;
· Тақырып бойынша жаттығулардың орындалуын тексеру;
· Қорытынды баға қою.
Үйге тапсырма беру:
Гиппократ анты мәтінін жатқа айту. Грамматикалық тақырыпты оқып келу.Үстеулердің барлық мағыналық түрлерін қатыстыра отырып он сөйлем құрастыру.
Үстеу
(Наречие)
Наречие – часть речи, обозначающая признак действия или состояние предмета и выступающая в предложении обычно в качестве обстоятельства. Үстеу қимылдың іс-әрекеттің әртүрлі белгісін, сынын, мезгілін, мекенін, мөлшерін, күй – жайын білдіретін сөз табы.
Үстеудің түрлері жетеу (наречия делятся на 7 разрядов):
1.Мекен үстеулер (наречия места) – жоғары (выше), төмен (ниже), ілгері (вперед), кейін (назад), үстінде (наверху) т.б. Қайда? (где?) Қайдан? (откуда?) сұрақтарына жауап береді.
2. Мезгіл үстеулер (Наречия времени) – бүгін (сегодня), ертең (завтра(, биыл (нынче или в этом году), былтыр (в прошлом году), кешке(вечером),түнде (ночью), қазір(сейчас), соңына (попозже), әлдеқашан(давно), т.б. Қашан? (Когда?) Қашаннан? (с каких пор?) Қашанға дейін? (до каких пор?) сұрақтарына жауап береді.
3. Себеп – салдар үстеулер (наречие причины и условия) – босқа (напрасно), бекер (зря), еріксіз (насильно), өйткені (потому что), лажсыздан (поневоле).
Сұрақтары: Неге? (Почему?), Неліктен? (Отчего?) Не себептен? (По какой причине?) сұрақтарына жауап береді.
4.Сын – бейне үстеулері (Наречия образа действия) – тез (быстро), әрең (еле – еле), бірауыздан (единогласно), бірге (вместе), қолма – қол (сразу), жеке – дара (отдельно), ақырын (тихо), т.б. Қалай? (Как?) Қалайша? (Каким образом?), Қайтіп? (Каким способом?) сұрақтарына жауап береді.
5.Мақсат үстеулер (наречия цели): әдейі (специально) қасақана (назло), жорта (нарочно), т.б. Не үшін? (Для чего? Зачем?), Не мақсатпен? (С какой целью?) сұрақтарына жауап береді.
6. Күшейткіш үстеулер (Наречия интенсивности) - өте (очень), тым (весьма), бүтіндей (целиком), нағыз (самый), орасан (чрезмерно), т.б.
7. Мөлшер үстеулер (Наречия количества и меры): бірталай (немало), екі рет (дважды), мұншама (столько), сонша (столько то), т.б. Қанша? (Сколько?), Неше? (Сколько?) сұрақтарына жауап береді.
Гиппократ анты
Аполлон дәрігердің, Асклепийдің, Гигиея мен Панакеяның және түрлі тәңірілер мен тәңіриялардың атын атап, оларды куәға тарта отырып, мына серт пен жазбаша шартты шама-шарқымның жеткенінше адал орындауға ант етемін: өзіме дәрігерлік өнерін үйреткен кісіні ата-анаммен бірдей көремін, оған барымды бөліп беремін, әрі қажет жағдайда оның жоғын табуға көмектесемін; оның ұрпақтарын бауырларым деп есептеймін, егер олар осы өнерді үйренгісі келсе, оларға тегін әрі ешқандай шарт жасаспай-ақ сабақ беремін; оқу үстінде айтар ақылымды, ауызша сабақтар мен ілімдегі қалған жайлардың бәрін өз балаларыма, ұзтазымның балалары мен медицина заңы бойынша серттескен, ант беріскен шәкірттеріме хабарлаймын, басқа жанға айтпаймын. Аурулар режімін, зиян келтіру мен қиянаттан бойымды аулақ ұстай отырып, шама-шарқымның барынша оларға пайдасы тиетіндей етіп жасаймын. Ешкімге кісіні өлімге ұшырататын дәрі бермеймін,әрі оны жасау тәсілін көрсетпеймін; тап осылай әйелге түсік түсіретін пессерий ұсынбаймын. Өмірде де, өнерде де таза әрі адал боламын. Тас ауруларымен сырқаттанғандардың денесін ешқашан кеспеймін, мұны осы іспен айналысатын кісілерге тапсырамын. Қайсы үйге кірсем де аурудың қамын ойлаймын, әдейі қиянат пен қастандық жасаудан, әсіресе әйелдер мен еркектер, азат адамдар мен құлдар арасындағы махаббаттан аулақпын.
Емдеу кезінде, сондай-ақ емдемеген кезде де, адам өмірінің ішіндегі мүлдем жариялауға болмайтын жайларды көргенімді немесе есіткенімді құпия сақтап, жан баласына айтпаймын. Антты бұлжытпай орындағаным үшін өмірде де, өнерде де бақытты болып, ел арасында мәңгілік даңққа бөленгеймін; жалған ант беріп, қылмыс жасағандарды ант атсын!
Ант-присяга
Ауру-болезнь
Серттескен-клятвенный
Жалған-ложный
Бұлжытпай-сдержать свое слово
Даңқ-слава
Мәңгілік-вечный
Бақытты-счастливый
Бауырларым-братья
Жанашыр-проявляющий заботу
1-жаттығу
Мәтінді жаттап алыңыз
2-жаттығу