Мәтіннен түсінгеніңізді әңгімелеңі
2-жаттығу.
Мәтінді пайдаланып, сұқбат құрыңыз.
3-жаттығу.
Мәтіннен етістерді тауып, олардың түрін анықтаңыз.
4-жаттығу.
Ортақ етістің жұрнағын қосып, сөздерден сөйлем құраңыз.
Көр..., ор..., кел...,жина..., шырқа..., ойла..., айт..., қара..., байла... .
5-жаттығу
Өздік етістерге мысал келтір.
6 -жаттығу
Көп нүктелердің орнына өздік, өзгелік етістердің жұрнақтарын қосып жазыңыздар.
Жауынгерлер жетіл...ілген жаңа қару-жарақтармен қаруланған. Д. Қонаев 1960 жылғы қаңтардан бастап Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің бірінші хатшысы болды, 1962 жылы желтоқсанда ол жоғары лауазымды қызметтен ал...ды. XXIV пен XXVII съезд аралығында Орталық Комитет Саяси Бюросының мүшесі болып сайла...ды. Батыс және Солтүстік Батыс бөлігіндегі қираған қалалар мен өнеркәсіп күштерін қалпына кел...ді. Көмір қазу 220 млн. тоннаға жет...ілді. Сәнді де салтанатты мәдениет сарайлары, оқу орындары сал...ып, мекемелер жаңа техникалық жабдықтармен қамтамасыз етілді.
7-жаттығу
Өлең жолдарынан етіс категориясының жұрнақтарын тауып, олардың түрлерін ажыратыңыздар.
Қыздырып күннің қарауы,
Халыққа сөйте-сөйте нандырды өзін,
Надандық теңізі тартылар.
Алғыза бастады ептеп айтқан сөзін.
* * * * *
Қысқа түн қымқырылды, таң көрінді,
Абылай салды жарлықты
«Кел, шық!» деп, иек қағып жарық күнге...
Қалдан ханды қашырып,
...Көк майса көзі ілініп тұрған сондай,
Шөп салған жерін бұздырып
Асыл шөп, жасыл шөптің иісі аңқып.
Ұрысты қатты қыздырып.
* * * * *
Әділ болып байқадым, не өндірдім?
Он жыл қызмет қылып бір кедей таппас,
Бұл басым залым болып бір байқасын!
Қондырған бір жүзікке асыл тасын.
8-жаттығу