Сабақтың тақырыбы: Ортақ етіс. Ел ордадағы еңселі сарай.

Сабақтың түрі: теориялық жаңа сабақты меңгеру.

Сабақты өткізу әдісі:Сұрақ-жауап, интерактивті тақтамен жұмыс істеу.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік:

- Тіл білімінің салаларын меңгерту;

- Ортақ етістің өзіне тән ерекшелігін меңгерту;

-Студенттерге ана тілінің қадір-қасиетін ұғындыру;

-Тілге құрметін, сүйіспеншілігін арттыру;

-Тіл арқылы халықтар достығын насихаттау, сөздікпен жұмыс жасау;

Дамытушылық:

-Студенттерге курстың міндеттерін түсіндіру;

-Тұрмыстық, қоғамдық саяси, оқу-мамандық, ғылыми мәселелерде ана тілінде сөйлей білу қажет екендігін түсіндіру;

-Орыс тілі мен қазақ тілінің негізгі айырмашылықтарын;

Тәрбиелік:

-Студенттерді әдептілікке тәрбиелеу;

- Мемлекеттік тілге деген құрметін нығайту;

- Білімгерлердің өз мамандықтарын сүюге тәрбиелеу;

- Ана тілінің қадір- қасиетін түсініп, оны құрметтей білуге, тапқырлық, іздемпаздық қасиеттерге жетелеу, шығармашылыққа баулу.

 

Сабақ уақыты: 90 минут

Сабақтың құрылымы:

1. Ұйымдастыру кезеңі: 5 мин.

2. Үй тапсырмасын сұрау: 20 мин.

3. Жаңа тақырыпты түсіндіру: 40 мин.

4. Жаңа тақырыпты бекіту: 15 мин.

5. Сабақты қорытындылау: 5 мин.

6. Үй тапсырмасын беру: 5 мин.

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен амандасу. Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру. Оқушылардың сыртқы келбеттеріне көңіл аудару. Сабаққа қажетті құрал-жабдықтарының бары-жоғын тексеру. Оқушыларды сабақтың тақырыбы және жоспарымен таныстыру.

 

Теориялық білімнің қажеттілігі:

Оқытушы бақылау сұрақтарын қою арқылы оқушылардың біліміне тексеру жүргізу.

Жаңа сабақты түсіндіру:

Оқытушы оқушыларға берілген жаңа тақырыпты түсіндіреді.(тақырыпқа байланысты негізгі сұрақтар).

Сабақтың қорытындысы:

Оқытушы сабақты толығымен жүйелейді, әрбір оқушының жұмысын бағалай отырып, олардың жетістігі мен кемшіліктерін ескереді. Олардың сабақты меңгергенін сұрақ-жауап арқылы анықтайды.

Оқытушы төмендегідей критерийлер бойынша оқушылардың жасалған жұмыстарына баға қояды:

· Өткен тақырып бойынша бағалау;

· Жақсы жауаптарды ескеру;

· Жаңа тақырып бойынша білімдерін бекіту және қорытындылау;

· Тақырып бойынша жаттығулардың орындалуын тексеру;

· Қорытынды баға қою;

 

Үйге тапсырма беру:

 

« Елордадағы еңселі сарай» мәтіні бойынша түсініктерін айту. Грамматикалық тақырыпты оқып келу.Етістігі бар сөйлемдерді жазып , ондағы ортақ етісті табу.

 

 

 

Ортақ етіс

Елордадағы еңселі сарай .

 

Елордамыз Астана шаһарында Есіл өзенінің жағалауында бой көтерген президенттің ақ сарайы салынып бітіп, салтанатты түрде ашылды. Ажарлы астана күннен - күнге көркейіп келеді. Әсем айшықталған ғимарат алыстан көз тартады. Бүгінде қаланың орталығында,Есіл өзені бойында сәулетті үйлер, еуроазиялық үлгідегі қабатты ғимараттар жылдан – жылға көбейіп, шаһардың сәнін келтіріп барады. Ел президентінің бас сарайы бес қабатты, шығыс өрнегімен күмбезделіп ұлттық нақышта өрнектелгенін атап айтқан жөн. Аталмыш сарайдың мемлекет басшыларына, сырттан келген дипломатиялық қатынастағы қызметкерлерге, түрлі келген қонақтарға, сол жерде қызмет ететін басшылар мен қызметкерлерге жан-жақты жағдай жасалған. Бір айта кететін жағдай ақ орданы салған Германияның «Kruger ErdBau GmbN» фирмасы мен біздің құрылысшылар өте қысқа мерзімде-үш жыл ішінде салып бітіргенін айта кеткен артық болмас. «Ақ орда» сарайы астана қонақтарын өзінің ұстамды әдемілігімен және нақтылығымен таң қалдырды.

Оның биіктігі-80 метр, ал жалпы көлемі шамамен 37 мың шаршы метр.

Биіктігі-высокость

Шаршы метр-квадратный метр

Көлемі-кубатура

Шамамен-приблизительно

Ұстамды-сдержанный

Ұлттық-национальный

Нақышта- инкрустация

Сәулетті-роскошный

Еуроазиялық-Еурозийский

Үлгідегі-в образце, в примере

 

1-жаттығу.