Жоғарыдағы мәтіннен ырықсыз етістерді табыңыз.

3-жаттығу.

Мәтіннен түсінгеніңізді айтып,түсініксіз сөздердің баламасын табыңыз.

4- жаттығу

Ырықсыз етістерге мысал келтір.

5- жаттығу

Өзіңіз келтірген мысалдарға сөйлем құраңыз.

6- жаттығу

Етіс категориясының үш түріне сөйлемдер құрастырып, көрсетілген жолдарға жазыңыздар.

Етіс категориясы:

1. Негізгі 1....................................
2. Өздік 2........................................
3. Өзгелік 3........................................

 

7-жаттығу

Төмендегі етістерге морфологиялық талдау жасаңыздар.

Ү л г і: Аударғызды: аудар – етістіктің түбірі; -ғыз – өзгелік етістің жұрнағы; -ды –етістіктің жедел өткен шағының жұрнағы.

Сезінеді, істетеді, бергізеді, айтқызады, қырын, таран, боян, сақтандыр, шошын, теңестір.

8-жаттығу

Берілген етістерді жіктеңіздер.

Ү л г і: Сы+зы+су: Мен сызыстым, сен сызыстың, сіз сызыстыңыз, ол сызысты. Біз сызыстық, сендер сызыстыңдар, сіздер сызыстыңыздар, олар сызысты.

Жазылу, келісу, киіну, мақтану, ойлану, алысу, қабылдасу, есептесу, жинасу.

 

9- жаттығу

Сөйлемдерді қазақ тіліне аударып, ырықсыз етістің (страдательный залог) жұрнақтарын тауып, жасалу жолдарын түсіндіріңіздер.

Гости приглашены. Письмо отправлено. Белье постирано и выглажено. Квартира убрана. Талгат записался в кружок иностранных языков. Люди собрались на собрание. Дома и деревья покрылись белым снегом. Мы поднялись с первого этажа на второй на эскалаторе. Урок окончен. Я выздоровила. Было выпито много чая. Много книг было прочитано.

 

 

10-жаттығу

Етіс түрлерін ажыратыңыз.

Байлат, қыздыр, сөндір, теріс, таран, қысыл, тыйыл, сөгіс, сойыл (-ды), малдыр, шешіл, салын (-ды), қайтарт, сайлат, аударыс, қинал, тарат, қонғыз, бөлгіз, сұран, киін, шашқыз, кетір, қатыр, айтыл (-ды), жайыл (-ды), теріс, жуыс, қалан (-ды), жазыс, қуыл (-ды), көбейттір, санатқыз, ілін (-ді), өсір, түсір, ағарт, жинат.