Сурет өнерінің тілі – табиғат
Сурет өнері ежелден бері келе жатқан өнер түрі. Ол адам баласы сөйлей білмеген кездің өзінде пайда болған. Ерте заманның адамдары суреттерді яғни бір заттың бейнесін топыраққа, тасқа қашап салған. Суретті жазушылар да суретшілер де бірдей деңгейде салады. Тек олардың құрал-жабдықтары әртүрлі. Бірі сөзбен жазса,екіншісі бояумен жазады. Сурет салудың басты мақсаты өзің салған суреттің мағынасын тамашалап тұрған адам сөзсіз түсінуі керек. Суретті қанша көрікті ету мен сұрықсыз көрсету суретшінің шеберлігіне байланысты. Дұрыс таңдалған бояу палитрасы мен қылқаламның жақсы жұмысы суретке жан бітіруі мүмкін.Сурет өнерінің тілі – бояулар, суретшілер сол арқылы бояу әлемінің сұлулығын ашады. Суретші өзі бейнелеп отырған кейіпкердің мінез-құлқын, ішкі сырын ашуға тырысады. Оны біз бет- әлпетінен, қимыл – қозғалыстарынан аңғарамыз; мүсінделген адамның киімінің әр қыртысына дейін оның жан дүниесінің бір сырын танытып тұрады.Сондай сурет өнерінің қыры мен сырын паш ете білген ұлылардың бірі-Әбілхан Қастеев.
Қастеев Әбілхан (1904-1973) – қазақтың әйгілі кескіндемешісі, график суретші, қазақ бейнелеу өнерінің негізін салушылардың бірі, Қазақ ССР-ы халқының суретшісі.
Туып-өскен жері - Алматы облысына қарасты Жаркент қаласының жанындағы Шежін ауылы. Топырақ бұйырған жері - Алматы қаласы.Ол халық өмірінің алуан көріністерін шынайы бейнелеген мыңнан астам көркем туындыларды дүниеге келтірген.
Әбілхан қол өнеріне, одан соң суретшілік өнерге жастайынан бейім болған. Анасы Айғанша кілем, алаша, бау-басқұр тоқуға, сырмақ сыруға, шым ши жасауға шебер адам болыпты. Әбілхан осы халық өнеріне бала кезінен көз қанықтырып, анасына ою-өрнектер салуға көмектесіп, сурет өнеріне қолын үйретіп өседі. Оның 1930-1931 жылдары салған «Қарындастың портреті», «Автопортрет» атты туындылары түпнұсқаға ұқсастығымен және кейіпкер болмысын ашуға деген талпынысымен ерекшеленеді. Ол бірте-бірте ел өмірінің алуан салалы тіршілік тынысына ден қойып, тарихи әлеуметтік өзгерістерге суреткер зердесімен қарай бастайды. Оның «Мектепте» (1930), «Түрксіб» (1932), «Жамбыл портреті» (1937), «Ескі және жаңа тұрмыс» (1937-1941), «Амангелді сарбаздары» (1970), «Жас Абай» (1945) сияқты туындылары дарынды суретшінің өткен мен бүгінді шыншылдықпен бедерлеген көркем шежіре іспеттес.
Әбілхан туған жердің әсем табиғатын, оның дидарындағы адам қолының жасампаз өзгерістерін зор шабытпен бедерлей алған суреткер. Әбілхан Қастеев суретші ретінде өзіндік дара қолтаңбасымен ғана ерекшеленіп қоймайды, сонымен бірге, ол-туған жері мен өскен елін перзенттік махаббатпен жырлай алған біртуар суреткер.
Сурет-рисунок
Суретші-художник
Дара-отдельный
Табиғат-природа
Біртуар- единственный
Перзент-ребенок
Қолтаңба-подпись
Ою-өрнек-орнамент
Суреткер-художник
Шабыт-вдохновение
1-жаттығу.
Оқы, сұра, жина,ойна етістіктерін ырықсыз етіске айналдырып,сөйлем құраңыз.
2-жаттығу.