3. Жаңа тақырыпты түсіндіру: 40 мин.
4. Жаңа тақырыпты бекіту: 15 мин.
5. Сабақты қорытындылау: 5 мин.
6. Үй тапсырмасын беру: 5 мин.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылармен амандасу. Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру. Оқушылардың сыртқы келбеттеріне көңіл аудару. Сабаққа қажетті құрал-жабдықтарының бары-жоғын тексеру. Оқушыларды сабақтың тақырыбы және жоспарымен таныстыру.
Теориялық білімнің қажеттілігі:
Оқытушы бақылау сұрақтарын қою арқылы оқушылардың біліміне тексеру жүргізу.
Жаңа сабақты түсіндіру:
Оқытушы оқушыларға берілген жаңа тақырыпты түсіндіреді.(тақырыпқа байланысты негізгі сұрақтар).
Сабақтың қорытындысы:
Оқытушы сабақты толығымен жүйелейді, әрбір оқушының жұмысын бағалай отырып, олардың жетістігі мен кемшіліктерін ескереді. Олардың сабақты меңгергенін сұрақ-жауап арқылы анықтайды.
Оқытушы төмендегідей критерийлер бойынша оқушылардың жасаған жұмыстарына баға қояды:
· Өткен тақырып бойынша бағалау;
· Жақсы жауаптарды ескеру;
· Жаңа тақырып бойынша білімдерін бекіту және қорытындылау;
· Тақырып бойынша жаттығулардың орындалуын тексеру;
· Қорытынды баға қою;
Үйге тапсырма беру:
«Сурет өнерінің тілі – табиғат» мәтіні бойынша түсініктерін айту. Грамматикалық тақырыпты оқып келу. Ырықсыз етістіктің жұрнақтарын қатыстыра сөйлем құрастыру.
Ырықсыз етіс .
Ырықсыз етіс – қимыл, әрекет иесі белгісіз болатын етістің түрі. Мысалы: Жауап береді. Жауапты кім бергені белгісіз, тек оның орындалғаны жайлы ғана айтылады.
Ырықсыз етіс –ыл, -іл, -л, жұрнақтарымен жасалады.
Егер етістік негізінде л дыбысы болса, -ын, -ін, -н жұрнақтары қосылады.
Өздік етісте –ын, -ін, -н, жұрнақтарымен жасалатынын айттық. Ырықсыз етіс немесе өздік етіс екендігі етістіктің мағынасына қарап ажыратылады. Мысалы: Балалар тез киінді. Сөйлемде киінді - өздік етіс жұрнағы жалғанған етістік, себебі қимыл - әрекет иесі балалар сөйлемде анық айтылған. Үй салынды десек қимылдың өткені бар да, кім арқылы істелгені көрсетілмеген, сондықтан да бұл ырықсыз етісті білдіретін жұрнақ болады. Ырықсыз етіс жұрнақтары сабақты етістікті салт етістікке айналдырады. Мысалы: бөлме тазартылды (бөлмені тазартты), дауыс берілді (дауыс берді) т.б.
«ЕСКЕРТУ. Өнімсіз болса да, жалаң жұрнақтардан құралған күрделі –лын, -лін, -ныл, -ніл формалары ырықсыз қосымшалары есебінде қызмет етеді. Мысалы:Алма же+лін+ді; жоқ із+де+лін+ді, ат бай+лан+ды (байланды) т.б.