Өзіңіз келтірген мысалдарға сөйлем құраңыз.

6 -жаттығу

Төмендегі етістіктерден өзгелік етіс жасаңыздар.

Ү л г і: Тазалау; тазала+т; Тігу; тік+тір.

Қолдану, жасау, басқару, қадағалау, түсіру, шешу, қабылдау, белгілеу, атқару, жинау, дәлелдеу, анықтау, зерттеу, ұйымдастыру, дамыту.

7- жаттығу

Мәтіннен негізгі, өздік, өзгелік етістерді тауып, астын сызып, олардың жасалу жолдарын түсіндіріңіздер.

Ү л г і: Д. Қонаев аз уақытта іскер басшы, зор талап иесі болып кө+рін+ді. Жер-дүниені су қылып, сырттағы шаруашылықтарға баратын жолды батпақ-лайға ай+нал+дыр+ған жаңбырдың кесірінен Димекең көлік ауыс+тыр+ғыз+ды.

8- жаттығу

Етістіктерге ортақ етістің жұрнақтарын қосып жазып, олармен сөз тіркестерін құрастырыңыздар.

Ү л г і: Пісіру; пісір+іс+ті; Асты пісір+іс+ті.

Жабу, ішу, ашу, кесу, алу, әкелу, жуу, үтіктеу, беру, шақыру, жазу, көтеру, жақтасу, ойлау.

9-жаттығу

Сөйлемдердегі етістердің астын сызып, олардың түрлерін ажыратыңыздар. .

Тәуелсіздік жарияланған аз уақыттың ішінде елдің іргесін бекітетін біршама игілікті істер атқарылды. Елімізде өз Қарулы күштеріміз құрылды. Әскер – ел қорғаны екенін өз Қарулы күшің бар кезде еркін сезінесің. Қандай қиын заман болса да елін жаудан қорғап, халқына пана болған батырларымыз осы әскердің құрамында қарсыласымен күш сынасқан. Қазіргі әскерлеріміздің 80 пайызға жуығы қазақ жастарынан құралады. Әлемде мойындалған бір шындықтың бар екені белгілі. Қазақстанның әрбір азаматы Отан үшін отқа түсе білсе, ел тыныштығы мәңгі сақталады.

Сабақтың тақырыбы: Ырықсыз етіс. Сурет өнерінің тілі – табиғат.

Сабақтың түрі: теориялық жаңа сабақты меңгеру.

Сабақты өткізу әдісі:Сұрақ-жауап, интерактивті тақтамен жұмыс істеу.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік:

- Тіл білімінің салаларын меңгерту;

- Ырықсыз етістің өзіне тән ерекшелігін меңгерту;

-Студенттерге ана тілінің қадір-қасиетін ұғындыру;

-Тілге құрметін, сүйіспеншілігін арттыру;

-Тіл арқылы халықтар достығын насихаттау, сөздікпен жұмыс жасау;

Дамытушылық:

-Студенттерге курстың міндеттерін түсіндіру;

-Тұрмыстық, қоғамдық саяси, оқу-мамандық, ғылыми мәселелерде ана тілінде сөйлей білу қажет екендігін түсіндіру;

-Орыс тілі мен қазақ тілінің негізгі айырмашылықтарын;

 

Тәрбиелік:

-Студенттерді әдептілікке тәрбиелеу;

- Мемлекеттік тілге деген құрметін нығайту;

- Білімгерлердің өз мамандықтарын сүюге тәрбиелеу;

- Ана тілінің қадір- қасиетін түсініп, оны құрметтей білуге, тапқырлық, іздемпаздық қасиеттерге жетелеу, шығармашылыққа баулу.

 

Сабақ уақыты: 90 минут

Сабақтың құрылымы:

1. Ұйымдастыру кезеңі: 5 мин.

2. Үй тапсырмасын сұрау: 20 мин.