Сабақтың тақырыбы: Өзгелік етіс. Мүсін өнері.
Сабақтың түрі: теориялық жаңа сабақты меңгеру.
Сабақты өткізу әдісі:Сұрақ-жауап, интерактивті тақтамен жұмыс істеу.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік:
- Тіл білімінің салаларын меңгерту;
- Өзгелік етістің өздік етістен айырмашылықтарын меңгерту;
-Студенттерге ана тілінің қадір-қасиетін ұғындыру;
-Тілге құрметін, сүйіспеншілігін арттыру;
-Тіл арқылы халықтар достығын насихаттау, сөздікпен жұмыс жасау;
Дамытушылық:
-Студенттерге курстың міндеттерін түсіндіру;
-Тұрмыстық, қоғамдық саяси, оқу-мамандық, ғылыми мәселелерде ана тілінде сөйлей білу қажет екендігін түсіндіру;
-Орыс тілі мен қазақ тілінің негізгі айырмашылықтарын;
Тәрбиелік:
-Студенттерді әдептілікке тәрбиелеу;
- Мемлекеттік тілге деген құрметін нығайту;
- Білімгерлердің өз мамандықтарын сүюге тәрбиелеу;
- Ана тілінің қадір- қасиетін түсініп, оны құрметтей білуге, тапқырлық, іздемпаздық қасиеттерге жетелеу, шығармашылыққа баулу.
Сабақ уақыты: 90 минут
Сабақтың құрылымы:
1. Ұйымдастыру кезеңі: 5 мин.
2. Үй тапсырмасын сұрау: 20 мин.
3. Жаңа тақырыпты түсіндіру: 40 мин.
4. Жаңа тақырыпты бекіту: 15 мин.
5. Сабақты қорытындылау: 5 мин.
6. Үй тапсырмасын беру: 5 мин.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылармен амандасу. Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру. Оқушылардың сыртқы келбеттеріне көңіл аудару. Сабаққа қажетті құрал-жабдықтарының бары-жоғын тексеру. Оқушыларды сабақтың тақырыбы және жоспарымен таныстыру.
Теориялық білімнің қажеттілігі:
Оқытушы бақылау сұрақтарын қою арқылы оқушылардың біліміне тексеру жүргізу.
Жаңа сабақты түсіндіру:
Оқытушы оқушыларға берілген жаңа тақырыпты түсіндіреді.(тақырыпқа байланысты негізгі сұрақтар).
Сабақтың қорытындысы:
Оқытушы сабақты толығымен жүйелейді, әрбір оқушының жұмысын бағалай отырып, олардың жетістігі мен кемшіліктерін ескереді. Олардың сабақты меңгергенін сұрақ-жауап арқылы анықтайды.
Оқытушы төмендегідей критерийлер бойынша оқушылардың жасалған жұмыстарына баға қояды:
· Өткен тақырып бойынша бағалау;
· Жақсы жауаптарды ескеру;
· Жаңа тақырып бойынша білімдерін бекіту және қорытындылау;
· Тақырып бойынша жаттығулардың орындалуын тексеру;
· Қорытынды баға қою;
Үйге тапсырма беру:
Мүсін өнері мәтіні бойынша түсініктерін айту. Грамматикалық тақырыпты оқып келу.Өзгелік етістің жұрнақтарын қатыстыра отырып он бес сөйлем құрастыру.
Өзгелік етіс
Өзгелік етіс – іс -әрекеттің екінші біреу арқылы істелгенін немесе біреуге орындатқанын білдіретін етістің түрі.
Өзгелік етіс –т, -тыр, -тір, -дыр, -дір, -қыз, -кіз, -ғыз, -гіз жұрнақтары арқылы жасалады. Мысалы: Жанат кітап оқытты. Іс - әрекет қимылды Жанат емес, басқа біреу, өзге біреу орындағаны, бірақ Жанат арқылы орындалғанын –т жұрнағы көрсетіп тұр. Өзгелік етістің бір ерекшелігі жұрнақтары бірінің үстіне бірі қосыла береді.
Мысалы: 1. Жиналыста Шолпанды да сөйлетті. 2. Жиналыста Шолпанды да сөйлеттірді. Алғашқы сөйлемнің екінші сөйлемнен өзгешелігі – іс орындатушының талабымен болғанын білдірсе, екіншіде іс - әрекет орындатушысының тегеурінділігі, біріншіден басымдылығы нақты байқалады.
Мүсін өнері
Мүсін ең ежелгі өнерлердің бірі. Біз бұдан мыңдаған жылдар бұрын Мысыр, Үнді шеберлерінің қолынан шыққан тамаша туындыларды білеміз. Мүсін өнерін скульптура дейді. Ол латынша «Sculpere» - «қашау» деген сөзінен шыққан.
Әр өнердің төңірегінде өзінше бейнелеп, өзінше түсіндіретін өз тілі бар. Сурет өнерінің тілі – бояулар, суретшілер сол арқылы бояу әлемінің сұлулығын ашады.
Мүсінші өз шығармасын тастан, мәрмәрдән қашайды, не саздан жасайды.
Суретші секілді мүсінші де өзі бейнелеп отырған кейіпкердің мінез-құлқын, ішкі сырын ашуға тырысады. Оны біз бет-әлпетінен, қимыл – қозғалыстарынан аңғарамыз; мүсінделген адамның киімінің әр қыртысына дейін оның жан дүниесінің бар сырын танытып тұрады.
Көптеген мүсіншілер ағашты қолданады. Мәселен, совет мүсіншісі Коненков таңғажайып «Орман адамдарының» мүсіндерін ағаштан жасады.
В. Мухина да не бір әсем шығармаларын ағаштан қашап жасады. Металдан мүсін жасау үшін оның моделі жасалады, сосын сол бойынша қола мен шойыннан мүсіннің өзі құйылады.
Сурет өнері шығармаларындай мүсін өнерінің туындылары да көлемі жағынан шағын станокты және монументтік түрге бөлінеді.
Статуя – адам бойымен тұтас бейнеленген монументтік мүсін. Ол мүсіннің өзге түрлерінен сонысымен ерекшеленеді.
Аңыздың айтуынша, Ежелгі Грецияда өте ерте кезде бір мүсінші болыпты. Ол жан баласына жоламай, күні – түні шеберханасынан шықпапты.
Оның аты Пигмалион екен. Ол ұзақ жылдар бойы Галатея деген қыздың тас мүсінін жасапты. Мүсін шебер жасалғаны соншалықты, мүсінші өзі қашап салған қызға өзі ғашық болып қалыпты. Ол мәрмәр Галатея тірі адамға айналса екен деп тілепті. Афродита мүсіншіні аяп, тас мүсінге жан бітіріпті.
Мүсінші-скульптор
Мүсін-скульптура
Шеберхана-мастерская
Шығармашылық-творческий
Ежелгі-древний
Аңыз-легенда
Тірі-живой
Қола-бронза
Шойын-чугун
Тас-камень
1-жаттығу.
Мәтіннен түсінгеніңізді айтып,түсініксіз сөздердің баламасын табыңыз.
2-жаттығу.
Өзгелік етістерді көрсетіп, қандай жұрнақтар арқылы жасалғанын түсіндіріңіз.
1.Анарға өлең оқыттық.2.Әншіге ән салдырдым.3.Мақаланы қазақшаға аудартыңыз.4.Ол баласын ауруханаға жатқызды.5.Кінәсін мойындаттық.6.Қызметкерлерді шақыртты.7.Ауылдан балаларымды алғыздым.
3-жаттығу.
Өлеңдегі етістерді көрсетіп, жатқа жаттап алыңыз.
Өнер, білім бар жұрттар Мың шақырым жерлерге
Тастан сарай салғызды. Күн жарымда барғызды.
Айшылық алыс жерлерден Адамды құстай ұшырды,
Көзіңді ашып-жұмғанша Мал істейтін жұмысты
Жылдам хабар алғызды. От пен суға түсірді.
Аты жоқ құр арбаны (Ы.Алтынсарин)
4- жаттығу
Өзгелік етістерге 10 мысал келтір.
5- жаттығу