Өздік етістің жұрнақтарын қосыңыз.

Шешу, кию,ойлау, жуу,буу, көру,сақтау, тарау, бағу, тазалау, ілу.

 

3-жаттығу.

Өлеңді оқып,етістерді көрсетіңіз. Өлеңді жаттап алыңыз.

Әсемпаз болма әрнеге, Қайрат пен ақыл жол табар,

Өнерпаз болсаң арқалан. Қашқанға да қуғанға.

Сен де бір кірпіш дүниеге, Әділет, шапқат кімде бар,

Кетігін тап та бар қалан! Сол жарасар туғанға.

4- жаттығу

Өздік етістерге бірнеше мысал келтір.

5 -жаттығу

Өзіңіз келтірген мысалдарға сөйлем құраңыз.

6- жаттығу

Берілген мақал мәтелдерден ырықсыз етістерді тап

А)Тасты бассаң кетілер, ;

Шамды бассаң жетілер.

Б) Табылса жоғына жақсы,

Табылмаса көңіліне жақсы.

В) Жолдасыңның жоғын қарас;

 

7- жаттығу

Етістіктің түбірі мен қосымшаларын дефис арқылы ажыратып жазып, ырықсыз етіс жұрнағының астын сызыңыз:

Жиналмады, ашылмады, аттандырылды, ілінбеді, көшірілді, өткізілді, төселді, шегеленбеді, сөндірілді, терілмеді, орылмады, көрсетілмеді.

 

8- жаттығу

Төмендегі сөз тіркестеріндегі бір тұлғалы сөздерді өзара салыстырып, қайсысы зат есім, қайсысы ортақ етіс екенін ажыратыңыз:

Сайысқа түс. Кіммен сайыстың? Күреске түс. Менімен күрес. Айтысты тыңда. Жарысқа қатысқан.

9-жаттығу

Оқып шығып, етістіктердің етіс түрлерін( өздік етіс, ырықсыз етіс, өзгелік етіс, ортақ етіс) ажыратыңыз:

Құс ұясы.

Вена маңынан құс ұялары табылады. Олардың бірі ұсақ металл сынықтарынан жасалыпты. Құстар бұл құрылыс материалын осы маңға жақын жерде салынған теміржол станциясынан тасып жасапты.

 

10-жаттығу

Ырықсыз етістерді теріп, жұрнағын сызықшамен бөліп көрсетіңіз:

Колхоз егістігін жағалай түзу ағаш отырғызылады, яғни егіс алқабы жасалады. Қазақстанның дала аймағында көбіне қайың егіледі. Сырғалы бұтағынан гүл төгілген. Өркені – жібек шашақ күлтеленген. Қойғандай кесте тігіп ақ жібекке. Теңбілін таң қалады адам көрген.

 

11- жаттығу

Төмендегі етістіктерді оқып,жұрнақтарын ажырат:

 

l Мысалы: Бө+лін+бе+ді (өздік етіс)

l Шешілді,айтқызды,оқыттылды,жасалатын,бітіргіземін,аударыл,шақы-

рылды,басталған,ойландырғыз,жиналмады.