Сабақтың тақырыбы: : Өздік етіс. Ұлттық кино.

Сабақтың түрі: теориялық жаңа сабақты меңгеру.

Сабақты өткізу әдісі:Сұрақ-жауап, интерактивті тақтамен жұмыс істеу.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік:

- Тіл білімінің салаларын меңгерту;

- Етіс категориясының қызметі туралы мағлұматтар беру;

-Студенттерге ана тілінің қадір-қасиетін ұғындыру;

-Тілге құрметін, сүйіспеншілігін арттыру;

-Тіл арқылы халықтар достығын насихаттау, сөздікпен жұмыс жасау;

Дамытушылық:

-Студенттерге курстың міндеттерін түсіндіру;

-Тұрмыстық, қоғамдық саяси, оқу-мамандық, ғылыми мәселелерде ана тілінде сөйлей білу қажет екендігін түсіндіру;

-Орыс тілі мен қазақ тілінің негізгі айырмашылықтарын;

Тәрбиелік:

-Студенттерді әдептілікке тәрбиелеу

- Мемлекеттік тілге деген құрметін нығайту;

- Білімгерлердің өз мамандықтарын сүюге тәрбиелеу;

- Ана тілінің қадір- қасиетін түсініп, оны құрметтей білуге, тапқырлық, іздемпаздық қасиеттерге жетелеу, шығармашылыққа баулу.

 

Сабақ уақыты: 90 минут

Сабақтың құрылымы:

1. Ұйымдастыру кезеңі: 5 мин.

2. Үй тапсырмасын сұрау: 20 мин.

3. Жаңа тақырыпты түсіндіру: 40 мин.

4. Жаңа тақырыпты бекіту: 15 мин.

5. Сабақты қорытындылау: 5 мин.

6. Үй тапсырмасын беру: 5 мин.

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен амандасу. Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру. Оқушылардың сыртқы келбеттеріне көңіл аудару. Сабаққа қажетті құрал-жабдықтарының бары-жоғын тексеру. Оқушыларды сабақтың тақырыбы және жоспарымен таныстыру.

 

Теориялық білімнің қажеттілігі:

Оқытушы бақылау сұрақтарын қою арқылы оқушылардың біліміне тексеру жүргізу.

Жаңа сабақты түсіндіру:

Оқытушы оқушыларға берілген жаңа тақырыпты түсіндіреді.(тақырыпқа байланысты негізгі сұрақтар).

Сабақтың қорытындысы:

Оқытушы сабақты толығымен жүйелейді, әрбір оқушының жұмысын бағалай отырып, олардың жетістігі мен кемшіліктерін ескереді. Олардың сабақты меңгергенін сұрақ-жауап арқылы анықтайды.

Оқытушы төмендегідей критерийлер бойынша оқушылардың жасалған жұмыстарына баға қояды:

· Өткен тақырып бойынша бағалау;

· Жақсы жауаптарды ескеру;

· Жаңа тақырып бойынша білімдерін бекіту және қорытындылау;

· Тақырып бойынша жаттығулардың орындалуын тексеру;

· Қорытынды баға қою;

 

Үйге тапсырма беру:

 

Ұлттық кино мәтіні бойынша түсініктерін айту. Грамматикалық тақырыпты оқып келу.Өздік етістің барлық жасалу жолдары арқылы сөйлем құрастыру.

 

Өздік етіс

Ұлттық кино

Қазақ киносы мен оның тағдыры, өткені мен болашағы кімді болмасын толғандыратын мәселе. Өнер жанашырлары қазақ киносының алтын қорынан бірінші кезекте қалыпқа келтірілген 50 кинодан алғашқы 20 киноны іріктеуді мақсат етті.

SMS , Интернет және «Новое поколение» газетінің купондары арқылы дауыс жиналды.

Көрермендер таңдаған жоғарғы «рейтингідегі» фильмдер қатарына «Абай» (Реж. А.Әмірқұлов), «Тоғызыншы ұлыңнан сақтан» (Реж. В. Пусурманов, В.Чугунов), «Қан мен тер» (Реж.Ә. Мәмбетов,Ю. Мастюгин), «Жамбыл» (Реж.Е.Дзиган), «Ғұлама Шоқан» (Реж.А.Әшімов). Сондай-ақ 20 таңдаулы қазақ кинолары қатарына мына фильмдер енді: «Абай әндері», «Жұт», «Шоқ пен шер», «Дала әуендері», «Ана мен бала», «Тыныштық», «Райхан», «Жауынгердің 67 ұлы».Акцияның ең белсенді қатысушыларына сыйлықтар табыс етілді. Бұл олардың берген дауыстары бойынша 1,2,3- орынды иемденген фильмдер арқылы анықталады.(10 фильмге дейін дауыс беруге мүмкіндік берілді).

Халықтық таңдау 2003 жылдан басталған еді. Бұл бастаманы көтерген-Ержан Тәтішев атындағы қайырымдылық қоры. Олар Қазақфильмнің алғашқы ондығын таңдап қалыпқа келтірді.

Көрермендер бүгінде 30 фильммен қайта қауышты.

«Шөптің арасындағы тәтті шырын», «Менің атым Қожа», «Қыз Жібек» сияқты фильмдерді көрмей өскен ұрпақ жоқ десек те болады. Миллиондардың көзайымы болған жәдігерлер жас ұрпаққа да рухани қызмет көрсететін болды.

 

 

Сөздік

 

Өнер-искусство

Мәдениет-культура

Жәдігер-реликвия

Ұрпақ-поколение

Көрермендер-зрители

Рухани-духовный

Қызмет-служба

Алтын қор-золотой запас

Таңдау-выбирать

Қайырымдылық-доброта

1-жаттығу.

Мәтіннен түсінгеніңізді айтып,түсініксіз сөздердің баламасын табыңыз.

2-жаттығу.