Бос орынға қалау райдың қосымшасын қой

1. Менің жаз____м келеді.

2. Менің айт____м келеді.

3. Менің көр____м келеді.

4. Менің кет____м келеді.

3- жаттығу

Төмендегі қалау райлы етістіктерді қатыстырып, сөйлем құрастырыңдар.

Көргісі келді,орындағым келді,жазғайсың,келгейсің.

 

4- жаттығу

Төмендегі сұрақтарға жауап жазыңыз

1. Барлық шаққа ие болатын қай рай ?

2. І жақта айтылмайтын қай рай ?

3. Тәуелдік жалғауларын қажет ететін рай?

5- жаттығу

Қалау райды болымсыз түрде жазыңыз

1. Жазғың келе ме?

2. Барғым келеді.

3. Айтқым келеді.

4. Болғым келеді.

6- жаттығу.Мақал-мәтелдердің мағынасын түсіндір.

1.Адам көңілден азады, тілден жазады.

 

2. Адамға келген он пәленің тоғызы – тілден.

 

3.Адам көңілінен азады,

Тілінен жазады.

 

4. Айтпас жерде тілің тарт.

5. Ана тілі – бәріміздің анамыз,

Өйткені ол – ұлтымыздың анасы.

6.Ана тілің алпыс тілге татиды.

 

 

7-жаттығу. Алдымен мақалдары, одан кейін мәтелдерді екі топқа бөліп жазыңыз, қалай ажыратқандарыңызды түсіндіріңіз.

Көп сөз – көмір, аз сөз – алтын. Ер дәулеті – еңбек. Көппен көрген ұлы той. Ер жігіттің екі сөйлегені – өлгені. Әлін білмеген әлек. Түс игіден түңілме. Жолдасын таппаған ер азады, қордасын таппаған жер азады. Түсіне қарасаң күндей, ішіне қарасаң түндей. Тай атқа, ат мұратқа жеткізер. Жауырды жаба тоқиды. Ердің ісі – келіс, ездің ісі – керіс. Адамды заман билейді. Жері байдың елі бай. Ер елінде, гүл жерінде. Өтірікшінің шын сөзі зая. Ырыс алды ынтымақ.