Сабақтың тақырыбы: Қалау рай.

«Жеті жарғы» - қазақ халқының алғашқы заңдық құжаты

Сабақтың түрі: теориялық, жаңа сабақты меңгеру.

Сабақты өткізу әдісі:Сұрақ-жауап, интерактивті тақтамен жұмыс істеу.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік:

- Тіл білімінің салаларын меңгерту;

- Қалау райдың өзіне тән ерекшелігін меңгерту;

-Студенттерге ана тілінің қадір-қасиетін ұғындыру;

-Тілге құрметін, сүйіспеншілігін арттыру;

-Тіл арқылы халықтар достығын насихаттау, сөздікпен жұмыс жасау;

Дамытушылық:

-Студенттерге курстың міндеттерін түсіндіру;

-Тұрмыстық, қоғамдық саяси, оқу-мамандық, ғылыми мәселелерде ана тілінде сөйлей білуге қажет екендігін түсіндіру;

-Орыс тілі мен қазақ тілінің негізгі айырмашылықтарын;

Тәрбиелік:

-Студенттерді әдептілікке тәрбиелеу;

- Мемлекеттік тілге деген құрметін нығайту;

- Білімгерлердің өз мамандықтарын сүюге тәрбиелеу;

- Ана тілінің қадір- қасиетін түсініп, оны құрметтей білуге, тапқырлық, іздемпаздық қасиеттерге жетелеу, шығармашылыққа баулу.

 

Сабақ уақыты: 90 минут

Сабақтың құрылымы:

1. Ұйымдастыру кезеңі 5 мин.

2. Үй тапсырмасын сұрау 20 мин.

3. Жаңа тақырыпты түсіндіру 40 мин.

4. Жаңа тақырыпты бекіту 15 мин.

5. Сабақты қорытындылау 5 мин.

6. Үй тапсырмасын беру 5 мин.

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен амандасу. Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру. Оқушылардың сыртқы келбеттеріне көңіл аудару. Сабаққа қажетті құрал-жабдықтарының бары-жоғын тексеру. Оқушыларды сабақтың тақырыбы және жоспарымен таныстыру.

 

Теориялық білімнің қажеттілігі:

Оқытушы бақылау сұрақтарын қою арқылы оқушылардың біліміне тексеру жүргізу.

Жаңа сабақты түсіндіру:

Оқытушы оқушыларға берілген жаңа тақырыпты түсіндіреді.(тақырыпқа байланысты негізгі сұрақтар).

Сабақтың қорытындысы:

Оқытушы сабақты толығымен жүйелейді, әрбір оқушының жұмысын бағалай отырып, олардың жетістігі мен кемшіліктерін ескереді. Олардың сабақты меңгергенін сұрақ-жауап арқылы анықтайды.

Оқытушы төмендегідей критерийлер бойынша оқушылардың жасалған жұмыстарына баға қояды:

· Өткен тақырып бойынша бағалау;

· Жақсы жауаптарды ескеру;

· Жаңа тақырып бойынша білімдерін бекіту және қорытындылау;

· Тақырып бойынша жаттығулардың орындалуын тексеру;

· Қорытынды баға қою.

 

Үйге тапсырма беру:

 

«Жеті жарғы» - қазақ халқының алғашқы заңдық құжаты мәтіні бойынша түсініктерін айту. Грамматикалық тақырыпты оқып келу.Қалау райлы сөйлемдер тауып жазу.

 

 

Қалау рай

 

«Жеті жарғы» - қазақ халқының алғашқы заңдық құжаты

“Жеті жарғы” қазақ халқының тарихында үлкен із қалдырған заңдық құжат.

Ғалымдардың айтуынша,бұл құжат Тәуке ханның тұсында 1684-1685 жылдары құрастырылған.

''Жеті жарығы''-қазақ халқының Төле би ,Әйтеке би сияқты атақты билерінің данагөйлігнің қорытындысы.

Қазақ халқы'' Жеті жарғыны''-XIX ғасырдың ортасында дейін қолданып келді.Ал кейбір нормалары Қазан төңкерісіне дейін қолданылды.Көп жылдар бойы кеңес өкіметі тарапынан “ Жеті жарығы” феодалдық қатынастардың сарқыншағы,реакциялық мазмұндағы заң жиынтығы деген мағынамен сипатталынды.'' Жеті жарғы''заңының барлық нормалары бізге толығымен жеткен жоқ.

Оның көптеген баптары К.Шүкірәлиевтің,Я.Гаверскийдің,А.Левшиннің еңбектерінде берілген. Соңғы жылдары ''Жеті жарғы''қоғамдық қатынастарды реттейтін нормалардың жиынтығы.Бұл заңдық құжатта жер дауы,жесір дауы, құн дауы,бала тәрбиесі және неке, қылмыстық жауапкершілік арасындағы дау,ұлт,қауіпсіздігін қамтамасыз ету сияқты үлкен мәселелер қаралады.Бекітілген әлеуметтік практикасында жиі кездесетін зиянды қимыл-әрекеттердің аттары аталып, оларға қолданылатын жазалардың түрлері көрсетілген.'' Жеті жарғы'' кісі өлтіру,ұрлық,тонау,бүлік шығару,денеге зақым келтіру,зорлау,әйелді алып қашу,тәңірге тіл тигізу,христиан дініне өту сияқты әрекеттерді жауапқа тартуды көздейді. Қылмыстық жауапқа тарту он үш жасқа толған кезден басталған.

Қазақтың қылмыстық құқығы мақау,есі дұрыс емес адамдарды жауапқа тартпаған.Сонымен қатар құлдар қылмыс субъектісі болып саналмайды.Олардың жасаған әрекеттері үшін иелері жауап береді.

 

 

Келісім-договоренность

Белгілеу-метить

Зергер-ювелир

Кәде-обычай

Құдалық-сватовство

Ілу-вешать,повесить

Сүт ақы-получаемые матерью невесты от сватов

Дайындау-приготовить

Шеше-мать

1-жаттығу

Берілген мәтінді оқып,мазмұнын айт

2-жаттығу