Берілген мәтінді оқып,мазмұнын айт

2-жаттығу

Жоғарыдағы мәтіннен ашық райлы етістіктерді тап

3-жаттығу

Төмендегі ашық райлы етістіктерді қатыстырып, сөйлем құрастырыңдар.

Оқыды, айтыпты, тыңдап отырмыз, озар, жазған.

4-жаттығу

Ашық райлы етістіктердің қай шақта тұрғанын көрсет

Лагерьден шанамен дырылдатып сүйреп алып келеді.Қалың қарға көміліп шанада жатырмын.Қардың үстінен қар тасыған австриялық тұтқын солдат басып отыр.Мойнымды,кеудемді,белімді ауыр салмақ шанаға жаныштай түседі.Күшімді жиып,денемді ақырын қимылдатып қоямын.Деміммен еріген қар суы тамшылап мойныма,бетіме ағып жатыр.

5-жаттығу

Төмендегі ашық райлы етістіктерді қатыстырып, сөйлем құрастырыңдар.

Тіл ұстартты,өнер шашты,ести берді,ол отыр,отырар,шаншыдым,түн қатты.

6-жаттығу.Жұмбақтардың шешуін тауып, ерекшеліктерін сипатта. Ойдың берілу тәсілін анықта.

 

1. Сүйреңдеген хайуаннан

бір сылым ет таппайсың.

 

2. Бұталы биіктің екі бетінде

екі бұлан жайылып жүр.

 

3. Көлдің қарама-қарсы бетінде адамдар

бір-біріне уық лақтырып ойнайды.

 

4. Ақ айдында ақ табақ қалқып жүр.

 

Шешуі: күн, екі құлақ, маса, көзді жыпылықтату немесе кірпік қағу.

 

7-жаттығу.Керекті қосымшаларды қойып, орыс тіліне аударыңыз.

1. Менің қызым сіз_____________бірге оқиды.

2. Ол сен_________________бірге отырады.

3. Аңсар сіз_________________бірге дайындалады.

4. Туысқаныңыз сіздер_________________бірге тұра ма?

5. Сен олар__________________бірге келесің бе?

6. Мен сендер____________________бірге «Медеуге» барамын.

Керекті сөздер: (імен,бен,мен,бен).