Сабақтың тақырыбы:Ашық рай.Әдеп құқығы

Сабақтың түрі: теориялық, жаңа сабақты меңгеру.

Сабақты өткізу әдісі:Сұрақ-жауап, интерактивті тақтамен жұмыс істеу.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік:

- Тіл білімінің салаларын меңгерту;

- Ашық райдың басқа райлардан айырмашылығын меңгерту;

-Студенттерге ана тілінің қадір-қасиетін ұғындыру;

-Тілге құрметін, сүйіспеншілігін арттыру;

-Тіл арқылы халықтар достығын насихаттау, сөздікпен жұмыс жасау;

Дамытушылық:

-Студенттерге курстың міндеттерін түсіндіру;

-Тұрмыстық, қоғамдық саяси, оқу-мамандық, ғылыми мәселелерде ана тілінде сөйлей білу қажет екендігін түсіндіру;

-Орыс тілі мен қазақ тілінің негізгі айырмашылықтарын;

Тәрбиелік:

-Студенттерді әдептілікке тәрбиелеу;

- Мемлекеттік тілге деген құрметін нығайту;

- Білімгерлердің өз мамандықтарын сүюге тәрбиелеу;

- Ана тілінің қадір- қасиетін түсініп, оны құрметтей білуге, тапқырлық, іздемпаздық қасиеттерге жетелеу, шығармашылыққа баулу.

 

Сабақ уақыты: 90 минут

Сабақтың құрылымы:

1. Ұйымдастыру кезеңі 5 мин.

2. Үй тапсырмасын сұрау 20 мин.

3. Жаңа тақырыпты түсіндіру 40 мин.

4. Жаңа тақырыпты бекіту 15 мин.

5. Сабақты қорытындылау 5 мин.

6. Үй тапсырмасын беру 5 мин.

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен амандасу. Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру. Оқушылардың сыртқы келбеттеріне көңіл аудару. Сабаққа қажетті құрал-жабдықтарының бары-жоғын тексеру. Оқушыларды сабақтың тақырыбы және жоспарымен таныстыру.

 

Теориялық білімнің қажеттілігі:

Оқытушы бақылау сұрақтарын қою арқылы оқушылардың біліміне тексеру жүргізу.

Жаңа сабақты түсіндіру:

Оқытушы оқушыларға берілген жаңа тақырыпты түсіндіреді (тақырыпқа байланысты негізгі сұрақтар).

Сабақтың қорытындысы:

Оқытушы сабақты толығымен жүйелейді, әрбір оқушының жұмысын бағалай отырып, олардың жетістігі мен кемшіліктерін ескереді. Олардың сабақты меңгергенін сұрақ-жауап арқылы анықтайды.

Оқытушы төмендегідей критерийлер бойынша оқушылардың жасалған жұмыстарына баға қояды:

· Өткен тақырып бойынша бағалау;

· Жақсы жауаптарды ескеру;

· Жаңа тақырып бойынша білімдерін бекіту және қорытындылау;

· Тақырып бойынша жаттығулардың орындалуын тексеру;

· Қорытынды баға қою

 

Үйге тапсырма беру:

 

Әдеп құқығы мәтіні бойынша түсініктерін айту. Грамматикалық тақырыпты оқып келу.Ашық райлы сөйлемдер тауып жазу.

 

 

Ашық рай

 

Әдеп құқығы

Әдепке тәрбиелеу негізінен отбасынан басталады.Жағымды дәстүрге үлкендердің үлгі-өнегесі арқылы әдет дағдыға айналады.Мысалы,сауап,кесір,обал,ысырап-күнделікті тәрбиеде қолданылатын ереже.

Сауап - басқаға жақсылық істеу,табиғатқа қамқорлық жасау.Обал –жақсы нәрсенің қадір-қасиетін білу,аяққа баспа,тастама,түбінде зарын тартасың деген ұғымды білдіреді.

Ысырап - әр заттың құнын,бағасын білмей, босқа шашуды білдіретін ұғым.

Кесір - қалыптан тыс анайы,құлық,теріс,әрекет ақымақтықтың көрінісі.

Әдеп сақтау-этикет,яғни мінез-құлық пен қарым-қатынастың қалыптасқан халықтың ережесі.Ол ереже бұзылса,халықтық дәстүр де бұзылады.Ал оны сақтау,құрметтеу,қастерлеу адамгершілік борышты өтеу болып табылады.

1924 жылы Жүсіпбек Аймауытовтың ''Санa''журналында ''Әдет'' заңы жарық көрді.Ол өзінің кітабында ''Тәрбиеге әсер беретін нәрсе өскен орта(ата-ананың тәрбиесінен кейін) ,туған жұрттың тілі,мінезі,тұрмысы да әсер қылмақ''-дейді.

Жағымды-приятный

Дағды-обыкновение

Кесір-вред

Көрініс-выставка,вид,облик

Жарық көрді-опубликовался,увидеть свет

Адамгершілік-человечность,гуманность

Борыш-долг,задолженность

Әсер қылмақ-влиять

Обал –грех,жалко,жаль

Мінез-характер,нрав

1-жаттығу