Мәтінді көшіріп жазып,бұйрық райлы етістіктердің астын сызыңдар.

Егер саған қиын күн туса,қатыгездік басқа түссе,оны өтпелі қиындық,өтіп кетеді деп есте сақта.Тағдырдың ісін,уақыттың сынайын түсініп,солай болатындығын біліп тұр.Соған сөйтіп қарсы тұр,мойыма.Кез келген қиындық,бейнетке бола қайғырып, қасірет шегіп,өзіңді жасытпа,қиындыққа бой алдырма.

Білімді адамға жолықсаң,оған күнде барып,өнер білгін,үйренгін,кербез тәкәппарлықты қойғын,пейіл беріп,ьойұсынып,мүләйім көңілмен табынғын.

5-жаттығу.

Құрамында бұйрық райы етістіктері бар мақал-мәтелдер жазыңдар.

6-жаттығу

Өлеңдегі бұйрық райлы етістіктерді тіркесіп тұрған тіркесімен жазыңдар.

Бата

Бір үйдің баласы болма,

Бүкіл елдің санасы бол!

Бір елдің баласы болма,

Бар елдің данасы бол!

Бір тонның жағасы болма,

Көп қолдың ағасы бол!

Ақты ақ деп бағала!

Қараны қара деп бағала!

Өзегің талса,ел ішін арала,

Басыңа іс түссе,көпшілікті сағала!

Өзіңе-өзің кәмңл бол,

Халқыңа әділ бол!

Жауыңа қатал бол!

Досыңа адал бол!

7-жаттығу

Тірек сөздерді қатыстырып сөйлем құраңдар.

Адал бол. Жинай сал. Тазала. Жаз. Оқы. Барма. Көрмеңдер.Санасын. Келіңіз

Тест

1.Бұйрық райлы сөйлемді көрсетіңіз

А) Сен кеше нешеде келдің? В) Күн шайдай ашық

С)Оқиға өте әсерлі болды

D) Отырыңдар, дәптерлеріңді ашыңдар, жазыңдар

2.Мақтанба,келме,көрмеңдер сөздері етістіктің қандай райына жатады?

А) Ашық рай В) Қалау рай С) Бұйрық рай D) Шартты рай

3. Бұйрық райдағы сөзді тап.

А) Сабақта көп жұмыс жаса В) Үлкендермен санасамыз

С) Бүгін фильм көрсетеді D) Балалар доппен ойнады

4. Бұйрықты сөйлемді көрсет

А) Жаздыгүні сендер Астанаға барасыңдар

B) Сен ертең ерте тұр!

C) Мұғалім әдетте сабақты қызықты жүргізеді

D) Әрқашан күн сөнбесін!