Берілген сөйлемдерден райларды тауып, түрлеріне ажыратыңыз .

 

1. Жұмабай келсе, кітап басталып оқылса, күлімсіреп Ыбекең де жетеді.

–Сабыр етіңіз, рұқсат алайын, -деп тағы бір есікті шырылдатып, әйелдің әрі кеткен дыбысы естілді.

-Бол, бол, баста. Сен французша күресті үйрет.

- Өткен күнді есіме түсіре бергім келмейді, Шолпан, - деді өз ойынан сөз қозғап. – Ажалың жоқ болса, алпыс айдаһар жабылса да өлмейсің, - деп мен күлімсіредім. – Айтыңыз, тыңдайын, - дедім.

- Ата, ала кетіңізші. Кек іздесең, жас төкпе – жылағандар жыласын, біз жас төкпейміз бұндай өлімге, - деді. Жанқия апай айқайлап – Ата, балықты мен күзете тұрайын, сіз қосқа барыңыз. Батса екен деп едім, бірақ тілек болмады. Қараптан-қарап елегізген жүрегінің алаңы саған көрінбегей .

2-жаттығу

Бұйрық райлы етістіктерді тап

1. Атаңа ауыр сөз айтпа!

Атыңа ауыр жүк артпа!

2. Аға алдында пейіліңді көрсет,

Іні алдында мейіріңді көрсет

3. Оң қолың ұрыс бастаса,

Сол қолың арашашы болсын

4. Қорықсаң,от жақ

5. Келмей жатып қорықпа,

Көрмей жатып тарықпа.

6. Атың барда жер таны,

Асың барда ел таны

7. Ақылдыдан үйрен,сұмнан жирен

3-жаттығу

Мәтіңді оқып,бұйрық райды табыңыз.

Біздің Алтай қызық өзі.Әсіресе соңғы кезде мынау қыздың жұмысы,мынау ұлдың жұмысы дегенді шығарды.Міне,бүгін де Алтай сол қыңырлығына басып отыр.Таңертеңгі астан кейін апасы Құндыз:

-Үстел үстін жинай сал,мен сабағымды даярлаймын-деп еді.

-Мен қыз дейсің бе?Өзің жина,-деп,қасарыса қалды.Ол далаға шығуға бет алды.

-Еш жаққа кетпе,сенде сабағыңды оқы,отыр,кәне!-деп Құндыз жібермеді.

4-жаттығу