Түседі, сөйлеппін, бұрылғалы, тартып, салынғалы.

6-жаттығу. Берілген сөз тіркестерін қатыстырып, сөйлем құраңдар.

Тізе қосып, үзеңгі қағысып, көре алмайды, бірінің кемін бірі толтырып.

7-жаттығу. Сөз жұмбақ

 

1) Етістіктің ерекше түрі

2) Етістіктің шағы

3) Табыс жалғаулы сөзді қажет ететін етістік

4) Есімшеніңжұрнағы

5) Етістіктің түрі

6) Сөз табының бірі

 

 

 

 

қ
а
ш
а
қ
м

 

 

 

Тест

1.Мына көсемшелердің қайсысы жіктелмейді?

а)барып; ә)келіп; б)барғалы; в) келе;

2.Қай сөйлемде көсемше бар?

а)нағыз тәтті ұйқының шағы еді; ә)бас жағынан дарылдай сөйлеген әкесінің даусы оятып жіберді; б)Сатай көзін қайта жұмды; в) Үйдің іші әлі қараңғы екен;

3.Көсемшенің жұрнағы қайсы?

а)лар,-лер,-дар,-дер; ә)ма,-ме,-ба,-бе; б)қан,-кен,-ған,-ген; в) –а,-е,-й;

4.Етістіктің көсемше формасында тұрған сөзді көрсетіңіз а) ағасы кеше барып келген ә) біз шығарма жаздық б) оған айту керек в) жолдасы өткенде келіпті г) құрдастар жылдам киінді 5.Етістіктің есімше формасында тұрған сөйлемді көрсетіңіз а) әжесі үйінде қалыпты ә) хабар айтқалы келдім б) оларға айтпай болмайды в) Сәния бұл кітапты оқыған г) мен сабақ оқыдым

 

Сабақтың тақырыбы: Бұйрық рай. Алтын заң – Ата заң

Сабақтың түрі: теориялық, жаңа сабақты меңгеру.

Сабақты өткізу әдісі: Сұрақ-жауап, интерактивті тақтамен жұмыс істеу.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік:

- Тіл білімінің салаларын меңгерту;

- Бұйрық райдың өзіне тән ерекшелігін меңгерту;

-Студенттерге ана тілінің қадір-қасиетін ұғындыру;

-Тілге құрметін, сүйіспеншілігін арттыру;

-Тіл арқылы халықтар достығын насихаттау, сөздікпен жұмыс жасау;

Дамытушылық:

-Студенттерге курстың міндеттерін түсіндіру;

-Тұрмыстық, қоғамдық саяси, оқу-мамандық, ғылыми мәселелерде ана тілінде сөйлеу білуге қажет екендігін түсіндіру;

-Орыс тілі мен қазақ тілінің негізі айырмашылықтарын;

Тәрбиелік:

- Студенттерді әдептілікке тәрбиелеу

- Мемлекеттік тілге деген құрметін нығайту;

- Білімгерлердің өз мамандықтарын сүюге тәрбиелеу;

- Ана тілінің қадір- қасиетін түсініп, оны құрметтей білуге, тапқырлық, іздемпаздық қасиеттерге жетелеу, шығармашылыққа баулу.

 

Сабақ уақыты: 90 минут

Сабақтың құрылымы:

1. Ұйымдастыру кезеңі 5 мин.

2. Үй тапсырмасын сұрау 20 мин.

3. Жаңа тақырыпты түсіндіру 40 мин.

4. Жаңа тақырыпты бекіту 15 мин.

5. Сабақты қорытындылау 5 мин.

6. Үй тапсырмасын беру 5 мин.

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен амандасу. Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру. Оқушылардың сыртқы келбеттеріне көңіл аудару. Сабаққа қажетті құрал-жабдықтарының бары-жоғын тексеру. Оқушыларды сабақтың тақырыбы және жоспарымен таныстыру.

 

Теориялық білімнің қажеттілігі:

Оқытушы бақылау сұрақтарын қою арқылы оқушылардың біліміне тексеру жүргізу.

Жаңа сабақты түсіндіру:

Оқытушы оқушыларға берілген жаңа тақырыпты түсіндіреді.(тақырыпқа байланысты негізгі сұрақтар).

Сабақтың қорытындысы:

Оқытушы сабақты толығымен жүйелейді, әрбір оқушының жұмысын бағалай отырып, олардың жетістігі мен кемшіліктерін ескереді. Олардың сабақты меңгергенін сұрақ-жауап арқылы анықтайды.

Оқытушы төмендегідей критерийлер бойынша оқушылардың жасалған жұмыстарына баға қояды:

· Өткен тақырып бойынша бағалау;

· Жақсы жауаптарды ескеру;

· Жаңа тақырып бойынша білімдерін бекіту және қорытындылау;

· Тақырып бойынша жаттығулардың орындалуын тексеру;

· Қорытынды баға қою

 

Үйге тапсырма беру:

 

Алтын заң- ата заң мәтіні бойынша түсініктерін айту. Грамматикалық тақырыпты оқып келу.Бұйрық райлы етістігі бар сөйлемдер жазу.

 

 

 

Бұйрық рай.

 

Бұйрық рай іс-әрекеттің тыңдаушыға я бөгде біреуге немесе өзіне қаратылып бұйыра,талап,тілек етіле мағынасын білдіреді.Мысалы,Тыңда дала Жамбылды! Ғылым таппай мақтанба.

Сөйтіп,бір жаққа қаратылып,қимылдың,іс-әрекеттің орындалуын талап ету мағынасын білдіреді.

Алтын заң – ата заң.

 

Мемлекет пайда болуына әкеліп ұластырған себептер (рулық құрыстың ыдырауы жеке меншіктің пайда болуы т.б)құқықтың қалыптасуына негіз болады.

Құқық дегеніміз- мемлекетте қолданылатын барлық құқықтың ғұрыптардың ,әділеттік үлгілердің,мемлекеттік құқықтық ережелердің жиынтығы.

Құқықта заңдар ерекше орын алады.Мемлекеттік өкімет билігінің жоғары орындары қабылдаған нормативтик актілер заң деп есептелінеді.

Заң-ең жоғарғы юрисдикциялық күш.

Әрбір мемлекет қоғам тіршілігінде өмірдің қай саласындағы қарым-қатынаста тәртіп болуын қадағалайды.Ал осыны тіршілік үрдісінде пайдалану үшін заң шығарады.

Біздің алғашқы Ата заңымыз 1993 жылы 28 қаңтарда қабылданды.

Ал,30 тамыз 1995 жылы қазіргі қолданылып жүрген Ата заңымыз қабылданды.Яғни ең негізгі,ең басты заң – “Ата Заң” немесе “Конституция”(латын сөзі”constitutio”).

Қазқстан Республикасының Конституциясы – демократиялық өркениетті даму жолына түскен мемлекет пен негізі, басты нормативтік актісі.

Қазақстан Республикасы Конституциясына мемлекет әр жағынан қарастырылады.Конституциянын 1- бабында былай делінген “Қазақстан Республикасы өзінің демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады, оның ең қымбат қазынасы – адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары.”

 

Құқық-права

Жеке меншік-частная собственность

Қоғам-общество

Заң-закон

Адамның өмірі-человеческая жизнь

Әлеуметтік мемлекет-социальное государство

1-жаттығу