1-жаттығу. Жақшаны ашып, жақша ішіндегі етістіктерді көсемшеге айналдырыңыздар.

Абай соншалықты рақаттанып (сүйсіну) күлді (М. Әуезов). Біз Жәнібек Кәрменовтың әнін (тыңдау) отырмыз. Кәмиланы (көрмеу) үш ай өтті. Бүгін бәрі де киіз үйлерін (жығу), жылы үйлеріне кіріп жатты. Мақсат менімен (сөйлесу) келіпті. Қамар мамасының мойнына (құшақтау), өзінің қуанышын айтты. Алматы апорты Жетісу өңірінің төл жемісі (болу) есептелінеді. Жетісудың алма бағын ерте ғасырлардағы саяхатшылар мифтік Эдем бағына (теңеу). Алматының апорты Қазақстанның символы (болу) келгені ақиқат. Қазіргі таңда апорт ағаштарының азаюына байланысты көкейкесті мәселелер (көтерілу) де біраз жылдар болды.

2-жаттығу. Көп нүктенің орнына көсемшенің тиісті жұрнақтарын қосып жазыңыздар. 1990 жылы М. Әуезов Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің халық депутаты бол… сайлан… , онда Кеңес Президиуымының мүшесі бол…ды. «Абай жолы» романының бірінші томы 1952 жылы, екінші томы 1954 жылы басыл… , шығ…ды. Роман жазамын деген ойымда жоқ, шәкірт кезімде атам Әуездің әңгімелерін тапжылма… , ұзақ тыңдайтын едім. Әйгерім небір жайларды әңгімеле… беретін. Материал жина… жүр… , мен Абайдың достарымен әңгімелес… көрдім. Оның бойындағы ең абзал қасиеттің жиынтығы бол… табыл…ды. 1918 жылы М. Әуезов пен Ж. Аймауытов Семейде «Абай» журналын шығар…ды.

3-жаттығу .Есімше мен көсемше тұлғалы сөздерді екі бөлек ажыратып жазыңдар.

Айтып, жазған, көрген, барып, бере, көрмес, сөйлей, болмай, шығара, жазбақ, баратын, сөйлейтін, айта, көре, кірісіп, бармас, келгелі, көрер, берер, күле, айтқалы.

4-жаттығу. Төмендегі тәуелденген есімшелерді қатыстырып сөйлем құрастырыңдар.

Көргенім.Келетіні.Жазатының.Көмектескеніңіз.Бармайтыны.Тыңдағанымыз.

5-жаттығу. Төмендегі көсемшелерге морфологиялық талдау жасаңдар.