Көсемшенің сөйлемдегі қызметі
Пысықтауыш |
Көсемше іс-әрекеттің түрлі күйін білдіріп, пысықтауыш болады |
Мен сөйлескелі ( не үшін?) келдім. Ол жымиып (қалай?) күлді. Көре-көре көсем боласың, сөйлей-сөйлей шешен боласың. |
Көсемше тұлғасына көптік, септік, тәуелдік жалғаулар жалғанбайды. Көсемшенің жұрнақтары шақтық мағынаны білдіреді.Шақтың түрлері: Осы шақ (1.Ауыспалы 2.Нақ осы шақ) Өткен шақ, Келер шақ. 1. Ауыспалы шақ көсемше : -а, -е, -й (келме+й, сана+й, көр+е, айт+а, сыз+а, бер+е, біл+е, оқыма+й).
2. Өткен шақ көсемше : -ып, -іп, -п (көр+іп, кел+іп, оқ+ып, ойла+п, бар+ып, ал+ып, қал+ып, сөйле+п).
3. Келер шақ көсемше : -қалы, -келі, -ғалы, -гелі (бітір+гелі, ұнат+қалы, бар+ғалы, білдір+гелі, сөйлес+келі, кет+келі, айт+қалы)
Есімше және көсемше.
Алматы – оңтүстік астана
Менің сүйікті қалам-Алматы. Ол-біздің еліміздің ең ірі саяси экономикалық және мәдени орталығы.Алматы үлкен әсем жасыл желекті қала. Қалада бір жарым миллионнан астам адам тұрады. Алматы Іле Алатауының солтүстік етегіне,Үлкен және Кіші Алматы өзендерінің аралығында орналасқан.Алматының айналасы жайқалған бау бақша, көкөніс атыздары, жүзімдіктер.Тау баурай-ында алуан түрлі жеміс ағаштары, соның ішінде атақты апорт алмасы өседі.
Алматының климаты континенттік.Қаңтар айының орташа температурасы-8 с.Маусым айының орташа температурасы+ 22 с.Қыста қар аз жауады.Көктем ерте шығады. Жазы ұзақ, ыстық болады.
Қалада ірі өнеркәсіп орындары мен сауда орталықтары,ғылым және мәдениет ошақтары көптеп саналады.Алматы-ғылым мен мәдениеттің орталығы. Мұнда Қазақстан Републикасының Ұлттық ғылым акедемиясы, 13 университет, 8 акедемия,15 институт,2 жоғары мектеп, 13 мұражай бар.Қалада Қазақтың Абай атындағы опера және балет театры, Мұхтар Әуезов атындағы акедемиялық драма театры, Ю.Лермонтов атындағы орыс драма театры, Республикалық балалар мен жас өспірімдер театры, қуыршақ театры, ұйғыр және корей музыкалық драма театрлары, Құрманғазы атындағы халық аспаптары оркестрі, филормония “Қазақконцерт’’ бірлестігі мен хор капелласы, Қазақ циркі, ”Қазақфильм'' киностудиясы орналасқан.
Қалада сәулетті, сәнді ғимараттар жылдан-жылға көбейтіп, қаланың өзіндік архитектуралық бітімі қалыптасып келеді.
Таулар-горы
Алма-яблоко
Мәдени орталық-культурный центр
Халық аспаптары-народные инстурменты
Сәнді ғимараттар-красивые здания
Жасыл қала-зеленый город