Сабақтың тақырыбы: Есімше және көсемше.Алматы – оңтүстік астана
Сабақтың түрі: теориялық, жаңа сабақты меңгеру.
Сабақты өткізу әдісі: Сұрақ-жауап, интерактивті тақтамен жұмыс істеу.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік:
- Тіл білімінің салаларын меңгерту;
- Есімше мен көсемшенің өзіне тән ерекшеліктерін меңгерту;
-Студенттерге ана тілінің қадір-қасиетін ұғындыру;
-Тілге құрметін, сүйіспеншілігін арттыру;
-Тіл арқылы халықтар достығын насихаттау, сөздікпен жұмыс жасау;
Дамытушылық:
-Студенттерге курстың міндеттерін түсіндіру;
-Тұрмыстық, қоғамдық саяси, оқу-мамандық, ғылыми мәселелерде ана тілінде сөйлеу білуге қажет екендігін түсіндіру;
-Орыс тілі мен қазақ тілінің негізі айырмашылықтарын;
Тәрбиелік:
- Студенттерді әдептілікке тәрбиелеу
- Мемлекеттік тілге деген құрметін нығайту;
- Білімгерлердің өз мамандықтарын сүюге тәрбиелеу;
- Ана тілінің қадір- қасиетін түсініп, оны құрметтей білуге, тапқырлық, іздемпаздық қасиеттерге жетелеу, шығармашылыққа баулу.
Сабақ уақыты: 90 минут
Сабақтың құрылымы:
1. Ұйымдастыру кезеңі 5 мин.
2. Үй тапсырмасын сұрау 20 мин.
3. Жаңа тақырыпты түсіндіру 40 мин.
4. Жаңа тақырыпты бекіту 15 мин.
5. Сабақты қорытындылау 5 мин.
6. Үй тапсырмасын беру 5 мин.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылармен амандасу. Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру. Оқушылардың сыртқы келбеттеріне көңіл аудару. Сабаққа қажетті құрал-жабдықтарының бары-жоғын тексеру. Оқушыларды сабақтың тақырыбы және жоспарымен таныстыру.
Теориялық білімнің қажеттілігі:
Оқытушы бақылау сұрақтарын қою арқылы оқушылардың біліміне тексеру жүргізу.
Жаңа сабақты түсіндіру:
Оқытушы оқушыларға берілген жаңа тақырыпты түсіндіреді.(тақырыпқа байланысты негізгі сұрақтар).
Сабақтың қорытындысы:
Оқытушы сабақты толығымен жүйелейді, әрбір оқушының жұмысын бағалай отырып, олардың жетістігі мен кемшіліктерін ескереді. Олардың сабақты меңгергенін сұрақ-жауап арқылы анықтайды.
Оқытушы төмендегідей критерийлер бойынша оқушылардың жасалған жұмыстарына баға қояды:
· Өткен тақырып бойынша бағалау;
· Жақсы жауаптарды ескеру;
· Жаңа тақырып бойынша білімдерін бекіту және қорытындылау;
· Тақырып бойынша жаттығулардың орындалуын тексеру;
· Қорытынды баға қою
Үйге тапсырма беру:
Алматы-оңтүстік астана мәтіні бойынша түсініктерін айту. Грамматикалық тақырыпты оқып келу.Сөйлемдердегі есімше мен көсемшенің жұрнақтарын табу.
Есімше
Есімше — етістіктің ерекше түрі. Себебі есімше сөйлемде екі түрлі мәнде, екі түрлі қызметте қолданылады. Бірде жіктеліп келіп, қимылды, іс-әрскетті белгілі бір шаққа байланысты білдіредіде, сөйлемнің баяндауышы қызметін атқарады. Мысалы: Ардақ бағана кетіп қалған.Сен менің айтқанымды ұғып, орнына келтірсең, жақсы түзік кісі болып өсерсің .
Берілген сөйлемдерде кетіп қалған, өсерсің, тыңдайтын деген етістіктер есімше тұлғаларында жіктеліп келіп (кетіп қал-ған— 3-жақ, өс-ер-сің— 2- жақ, тыңда-йтын— 3-жаққимыл, іс-әрекеттібілдіріптұр. Атапайтқанда: Ардақтың кетіп қалуы (Ардақ кетіп қалган)—өткен шақты білдіріп тұр; сенің өсуің (сен өсерсің)—келер шақты білдіріп тұр. Сөйтіп, бұл сөйлемдердегі есімшелер (есімше тұлғалы етістіктер) белгіл бір шақты (еткеншақнемесекелершақ) білдіріп, жіктеліп келіп баяндауыш қызметін атқарып, белгілі заттың қимылын көрсетіп тұр. Бұл—есімшенің етістікке тән касиеті. Кейде есімше тұлғалы етістік бүтіндей басқа мәнде, басқаша қызметте қолданылады: етістікке тән болып келетін белгілі бір заттың қимылын емес, керісінше заттың сынды ққасиетін, қатыстық белгісінбілдіріп немесе заттанып, заттық мәнде жұмсалады. Ондайда есімше тұлғалы етістік бір зат атауын анықтап тұрады немесе септеліп, көптеліп, я тәуелденіп жұмсалады. Мысалы: Қараса, әкелгені бір үлкен қуыршақ екен. Баладан қорық қанына Жұмабай ұялды да, ыза болды. Есімше тұлғалы сөздердің бұндай қолданысын да етістікке тән қасиет жок, керісінше сын есіммен заттанып барып зат есімнің орнына жұмсалған. Сондықтан дае сімше етістіктің ерекше үрі деп аталады.
Жасалуы | Сөйлемдегі қызметі | Үнсіз күліп тұрған-бағанағы шәкірт бала. Баланың қытығына тиетіні – осы жері. |
Есімше атау септікте тұрып заттанады | Бастауыш | Үнсіз күліп тұрған-бағанағы шәкірт бала. Баланың қытығына тиетіні – осы жері. |
Есімше жіктеледі | Баяндауыш | Туған жердің ой-шұқырын түгел аралағанмын. Ол сүйінші сұрай келген. |
Есімше зат есіммен тіркесіп немесе ілік септікте тұрады. | Анықтауыш | Ерке мінезді, сылаң қағып ағатын өзен. Ашылғанның тілі ащы |
Атау мен іліктен басқа септіктерде тұрады. | Толықтауыш | Ағайынды жамандап, Туғанды қайдан табасың. Еңкейгенге еңкей, шалқайғанға шалқай. |
Барыс, жатыс, шығыс, көмектес сөздермен тіркеледі | Пысықтауыш | Жасыңда қалжың болсаң, өскенде мылжың боларсың. Қартайғанда оқыған оқуың, мұзға жазғанмен бірдей. |
Көсемше
Негізгі қимыл, амалды және негізгі қимылды айқындайтын, қосымша қимылды білдіретін етістіктің түрі көсемше деп аталады. Тиянақсыз тұлғада келіп, көмекші етістіктермен тіркесу арқылы күрделі етістік тудыратын етістіктің түрін көсемше деп атайды, яғни бірде пысықтауыштың, бірде баяндауыштың қызметін атқаратын етістіктің түрі.
Сұрақтары: қайтіп? не істеп? не істегелі?
Баяндауыш |
Көсемше күрделі етістіктің құрамында келіп, баяндауыш болады. |
Алып та халықтан үйренеді. Ол үйіне барып келді. Ол өз ойын айта салды. Түнде жаңбыр жауыпты. |