Етістіктің шақтары. Өткен шақ, келер шақ, осы шақ.
Осы шақ
Осы шақ болатын етістіктердің мағыналық белгілері:
1. Сөйлеп тұрған кездегі іс-әрекеттерді білдіреді. 2. Әрдайым қайталанып тұратын дағдылы іс-әрекеттерді көрсетеді.
1. Трактор жер жыртып жүр. Нұрлан хат жазып отыр. Мал өрісте жатыр. Осы сөйлемдегі жыртып жүр, жазып отыр, жатыр етістіктері—сөйлеп тұрған сәттегі қимылдар. 2. Трактор жер жыртады. Нұрлап хат жазып тұрады. Мал өрісте жатады.
Бұл сөйлемдердегі жыртады, жазып тұрады, жатады етістіктері—қалыптасқан, дағдығ аайналған іс-әрекеттер. Міне осылай, етістіктің осы шағы істің дағдылы түрде қайталанып тұратынын және сөйлеп тұрған кезде істеліп жатқанын білдіреді.
Осы шақ мағынасы мен түрлеріне қарай нақ осы шақ және ауыспалы осы шақ болып екі түрге бөлінеді.
Келер шақ
Келер шақ қимылдың, іс-әрекеттің сөйлеп тұрған сәттен кейін болатынын білдіреді. Мысалы:Ол мектепке ерте бармақ.Сендер үйге келерсіңдер. Бұл сөйлемдердегі бармақ,келерсіңдер деген етістіктер бару,келу қимылдарының әлі болмағанын,бірақ келешекте болатынын білдіріп тұр.Келер шақ мағынасы мен жасалуына қарай болжалды келер шақ,мақсатты келер шақ және ауыспалы келер шақ болып бөлінеді. 1.Болжалды келер шақ қимылдың, іс-әрекеттің болу мүмкіндінгін айқын көрсетпей,болжай ғана айтылады.Мысалы: Біз барармыз.Сен оқырсың т.б. 2.Мақсатты келер шақ қимылдың, іс-әрекеттің келешекте мақсат етіле орындалатынын білдіреді.Мысалы: Мен ауылға бармақпын.Сен ерте кетпексің т.б. 3.Ауыспалы келер шақ та ауыспалы осы шақ сияқты көсемшенің –а,-е,-й жұрнақтарының жжіктелуі арқылы жасалады.
Өткен шақ
Өткен шақ қимылдың, іс-әрекеттің сөйлеп тұрған сәттен бұрын болып,істеліп кеткенін білдіреді.Мысалы:Ол оқуды бітірді.Мен бұл кітапты оқыдым. Өткен шақ мағынасы мен жасалуына қарай жедел өткен шақ,бұрынғы өткен шақ және ауыспалы өткен шақ болып үшке бөлінеді. 1.Жедел өткен шақ ідетте қимылдың, іс-әрекеттің таяу уақытта болғанын,орындалғанын білдіреді.Мысалы:Асан домбыра тартты,мен өлең айттым.Сен үйге келдің. 2.Бұрынғы өткен шақ қимылдың, іс-әрекеттің сөйлеп тұрған сәтпен салыстырғнда әлдеқайда бұрын ьолғанын білдіреді.Мысалы:Сен мектепті бітіргенсің.Ол ауылға барыпты. 3.Ауыспалы өткен шақ есімшенің –атын,-етін,-йтын,-йтін жұрнақтары арқылы жасалып,бірде өткен шақ,бірде келер шшақ мағынасында қолданылады.Мысалы:Асан ауылға жиі баратын.Сен кітапханаға қашан баратын едің?
Бас қаланың бойтұмары
Астана қаласының нышаналы символы –‘’ Астана Бәйтерек” . Ол ашылып келе жатқан қызғалдақ сияқты.
Бәйтерек үш бөліктен тұрады. Жер асты бөлігі ұлттың тамыр жаю, өркендеу кезеңдерінің нышанын айғақтайтындай. Яғни, бұл кафеде орналасқан орасан зор аквариумдер көрініс тапқан мұхит әлемі дерлік. Дәл осындай шолу жеделсатыларымен қоса тереңдеген төрт жарым метр болатын дөңгелек холл бар. Мұнараға кіре берістегі холда белгілі суретші Ерболат Төлепбайдың өнер туындыларының көрмесі көрермендерді толғанысқа бөлеп, шаттыққа кенелтеді.
Ал, “ Даму “ кешенінің орта бөлігі ағаш діңгегі тәріздес. Онда аспанға асқақтауды бейнелейтін “mitsubishi”фирмасының екі жеделсатысы қондырылған. Бұл жеделсатылар келушілерді жаңғыру ағашының диаметрі 22 метрлік діңгегіне – Алтын шарға әпсәтте шығара алады. Бұл шар металл құрлымдарымен бедерленіп жасалынған, енді ғана бүршік жарып келе жатқандай көрінетін гүл қауызына шебер сыйдырылған. Ол көлденеңінен үш қабаты, алтындай жарқыраған жапырақтарымен шыныланған. Оның мәнісі мынадай :ол мұнараны сыртқы атмасфералық әсерлерден қорғайды. Шардың ішінде жеделсатылық холл, дәмхана, Астананың жаңа бейнесін көз алдыңа тосатын панарамалық зал орналасқан.
Ең жоғарғы жағында – Аялы Алақан компазициясын тамашалауға болады. Былайша айтқанда, Бәйтерек идеясының апогейі Нұрсұлтан Назарбаевтың алақанының таңбасы бар күміс тұмар кім – кімді де зор әсерге бөлері хақ. Оған қол тигізгенде спираль түрінде жарық ағып түсіп, сәуле алақанға құйылса, Қазақстанның Әнұраны ойнай жөнеледі. Одан әрі қосымша жарық есебінде компазиция өз негізінен бөлініп, жер бетінде қалықтап тұрғандай әсерге бөлейді.
Астана – Бәйтерек сәулет – құрлыс кешені халқаралық сәулет академиясының София қаласында өткен халқаралық сәулет триенналының күміс медаліне ие болды. Бұдан басқа ТМД Сәулетшілер одағы халқаралық ассоциациясының қатысушы елдерінен шыққан сәулетшілердің 2002 жылғы үздік шығармаларының халқаралық байқауында Гран – при мен алтын медальді жеңіп алды.
Мұхит-океан
Жеделсаты-лифть
Көрме-выставка
Алтын шар-золотой шар
Жапырақтар-листья
Құрылыс кешені-стройтельный комплекс
1-жаттығу.Өлеңдегі етістіктерді теріп жазып,олардың қай шақты білдірітінін айтыңдар.
Кең айнадан өзін көріп, Құстар билеп,ойнайды. Су түбінен маржан теріп, Сүңгіп терең бойлайды.
Көлді қорып,байқұс қызғыш Қыңқылдайды жағалап. Өанатымен жерді сызып, Төңкеріліп сабалап.
2-жаттығу.Мәтінді оқыңдар.Осы шақ,келер шақ,өткен шақ етістіктерлі ткріп алып,әрқайсысын бөлек-бөлек жазыңдар.
Аққу
Көктемде Жайық өңіріне аққулар қос-қостан ұшып келеді.Тал-қайраңдағы көк шалғынға киіз үй тіккенбіз.Сыртта тұрып,сыбызғының үніндей аққулар дыбысын тыңдадым.Тобымен орман ішіне қонды. Таңертең ерте оянып,тысқа шықтым.Сүрлеумен өзенге жүгірдім.Өзен жағасын әнге бөлеп,аққулр өзенге көтерілді.
3-жаттығу. Төмендегі етістіктерді жекеше,көпше түрде жіктеп,әр қайсысына сөйлем құраңдар.
Ойнамас.Күлер.Жазар.
4-жаттығу.Берілген етістіктерден мақсатты келер шақ жасап,жіктеп,әрқайсысына сөйлем құраңдар.
Шаш.Оқы.Сөйле.Қайт.Кел.Жаз.Жаса.
5-жаттығу.Көшіріп,келер шақты білдіріп тұрған етістіктердің астын сызыңдар.
-Сен осы арада тоқтай тұр.Мен үйге кіріп,жағдайды білейін.Екеуміздің бірдей кіруімізге болмайды,-дедім. –Ол дұрыс қой.Бірақ Семен Григорьевич сені танымайды.Онда мен барайн сен тұра тұр.Әрі ойлар,бері ойлап,үйге кірдік. –Мына терезеде ашылады ма?-деп сұрады Иван Кузьмич. –Бұл терезе ашпалы.Ашылады.
6-жаттығу. Баяндаймын,баяндамақпын,баяндармын деген сөздерді жекеше көпше түрде жіктеңдер.
7-жаттығу.Берілген етістіктерден жедел өткен шақ жасап,жіктеп,әрқайсысына сөйлем құраңдар.
Үлгі: бар-бардым,бардың,бардыңыз,барды.Жартасқа бардым,айғай салдым.
Бар.Ойна.Жүгір.Жарыс.Сөйле.
Тест
1.Ауыспалы осы шақта тұрған сөздi табыңыз А) Ол ерте тұрады В) Талапты ерге нұр жауар С) Ащы тiл таяқтан өткiр D) Шәкiртсiз ғалым – тұл 2.Етістіктің бұрынғы өткен шақ формасы қай сөйлемде қолданылған? А) сен мектепті бітірерсің B) сен мектепті бітіргенсің C) сен мектепті бітірдің D) сен мектепті бітіретін едің 3.Етістігі ауыспалы келер шақ тұлғасындағы сөйлемді көрсетіңіз. A) Ол ертең келеді, ән айтады, би билейді. B) Біресе қар жауады, біресе бұршақ жауады. C) Түйе боздап, қой қоздады. D) Ол жақсы хабар әкелді. 4.Өткен шақ формасындағы етістікті табыңыз. A)Ертең барармыз B) Кейін кездесерміз C) Әрине,келеміз D) Таңертең жеттік 5.Келер шақ формасындағы етістікті табыңыз. A) Барар B) Келді C) Бардық D) Бердік E) Отырмыз