Үлгі: нені сұрама?-күшін сұрама-етістік табыс септігінде сөзбен тіркескен,сондықтан сабақты етіс болады.
1.Жігіттің жұмсаған күшін сұрама, Бітірген ісін сұра.
2. Аға алдында пейіліңді көрсет, Іні алдында мейіріңді көрсет.
3.Отты үрлей берсең,өшіресің. Көршіңді күндей берсең,көшіресің.
4.Семіздікті қой көтерер
5.Қыс азығын жаз сайла
2-жаттығу.Төмендегі мақалдардан етістікті тап. Сабақты етістіктің астын түзу сызықпен, салт етістіктің астын ирек сызықпен сыз.
1.Талапты ерге нұр жауар.
2.Оқу –инемен құдық қазғандай.
3.Дихан жерін мақтайы,
Ұстаз шәкіртін жақтайды.
Салт етістік | Сабақтас етістік |
шам сөнді | |
ол кетті | |
бала өкпеледі | |
гүл өседі |
Салт етістік | Сабақтас етістік |
әңгіме айтты | |
хат жазды | |
кітапты оқыды | |
үйді жинады |
3-жаттығу. Төмендегі сабақты етістіктерді салт етістікке, салт етістікті сабақты етістікке айналдыр.
4-жаттығу. Көп нүктенің орнына тиесті жалғауларды жалғап, етістіктің түрін анықта (сабақты, салт). Жақшаға жаз.
Жігіт қадірі өнері ... өлшенеді. (...)
Су ... шым тоқтатар, сөз ... шын тоқтатар. (...)
Жаманға сырын ... айтпа, сырыңды айтсаң да, шының,,, айтпа. (...)
5-жаттығу. Мәтіннен салт етістіктерді бір бөлек, сабақты етістіктерді бір бөлек теріп жаз.
Наурыз қыз
Күннің Наурыз деген кішкене қызы болатын. Ол жерді жақсы көруші еді. Мәңгі мұз басқан Жерді жайнатып, гүлдендірсем деп ылғи ойлайтын. Бір күні Наурыз қыз тәуекел деп жолға шықты. боран далданды, қаһарланып қатты ашуланды. Қалай да қаршадай қызды Жерге жеткізбеуге тырысты.
Сабақты етістік: _______________________________________________
____________________________________________________________________________________________________________________________________
Салт етістік: __________________________________________________
___________________________________________________________________________________________________________________________________
6-жаттығу. «Адамгершілік-кісіліктің белгісі» тақырыбында ойтолғау жазыңдар.Оған төменде берілген сөз тіркестерін кірістіріңдер.
Досыңа көмектес,тапсырманы орында,мектептен шықты,малды өргіз,ісіңе абай бол,дұрыс киән,анық сөйле.
7-жаттығу.Мәтіннен сабақты етісті тауып,оны тіркесіп тұрған сөзбен бірге теріп көшіріңдер.
Рас,Қазақстан-көп ұлтты мемлекет.Басқа ұлт өкілдерін шөміштен ағайын деп отырған ешкім жоқ.Бірақ олар басынбасын.Қазақтың кеңдігін,дарқандығын,қонақжайлылығын сыйласын.Қазақ-кеңпейіл,кеңқолтық.Соған қарап оны мәнжубас,момын,жуас екен деп ойламасын.Қазақ қойдан жуас көрінер.Ол жабайы жылқыдай тарпаң.Тарпаңдығына тап болма!
Тест.
1.Сабақты етістік қатысқан сөйлемді табыңыз А) Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін. Ә) Келесі аптада апам да қаладан қайтпақ. Б) Әсет мектепке кетті. В) Әжесіне де хат жазылды. 2.Салт етістік қатысқан сөйлемді көрсетіңіз: А) Кеше үйден хат келді. Ә) Бетіңді жуған соң мына сүтті ішіп ал. Б) Сөзді сен баста. В) Мына ақшаны керегіңе жұмса. 3. Етістіктер мағынасына қарай қалай жіктеледі? А)Болымды және болымсыз Ә)Дара және күрделі Б)Сабақты және салт В)Өздік және ырықсыз 4.Сабақты етістіктер қандай сұрақтарға жауап береді? А)қанша? қашан? Ә)неше?қайда? Б)не істеді?қайтті? В)кімді?нені? 5.Мағынасы жағынан тура объектіні,табыс септіктегі сөзді қажет ететін етістіктер қалай аталады? А) Болымды етістік Ә) Сабақты етістік Б)Салт етістік В) Өздік етістік