Орынбор- тұңғыш астана

1920 жылы Қазақстан Ресейдің құрамындағы автономиялы ресиублика болып құрылды.Орынбор бас қала болып жарияланды. Орынбор өлкесі ол кездеқазақ жерінің құрамдас бөлігі саналатын.

Қызылорда.

1925 жылы наурыз айында Қазақстанның астанасы Орынбордан Қызылордаға көшті.сөйтіп,Ақмешіт бекеті, қазіргі Қызылорда қаласы астана болды.Қазіргі Қызылорда-ақ күріштің атасы Ыбырай Жақаевтың Отаны. Газ бен мұнай өнеркәсібінің орталығы.

Алматы.

1929 жылы Қазақстан астанасы Қызылордадан Алматыға көшіп келді.Алматы-мәдениет пен өнер,білімнің орталығы.Қалада сәулет өнерінің тамаша ескерткіштері болыпсаналатын операжәне балет театрының үйі.Республика сарайы,Әуезов атындағы театр,Орталық мұражай,Ғылым академиясының бас ғимараты сияқты т.б. ғимараттар бар. Медеу-спорт кешені,бүкіл республика мақтанышы. Қалада 100-ге жуық оқу орындары, ондаған театрлар, концерт, кинозалдар бар. 500-дей мейрамханалар мен кафелер қала халқы мен қонақтарға қызмет етеді.

Республика тәуелсіздігінің белгісі-Алтын адамның мүсіні алыстан көз тартады.

Астана.

1997 жылы саяси, эканомикалық, халқаралық жағдайлардағы байланысты республиканың бас қаласы – Ақмолаға көшірілді. Әсем Есілдің жағасын бойлай Призидент сарайы, Парламент ғимараты, Еуразия университетінің жаңа корпусы т. б. ғимараттар бой көтерді. Парламент үйінің алдында қазақтыңүш бүі: Төле би , Қазыбек би, Айтеке бидің ескерткіштері халқын болашаққа бастағандай бейнеленген. Аспанға атылған ақ барыс мүсіні – жас Қазақстанның XXI ғасырдағы жарқын да бақытты болашағының символындай елестейді.

 

Күріш-рис

Ескерткіш-памятник

Мұражай-музей

Алтын адам-золотой войн

Кешен-комплекс

Ғимарат-здание

1-жаттығу. Мақал-мәтелдердің құрамындағы етістіктерді тауып,олар қай септіктегі сөзбен тіркесіп тұрғанын сұрақ қою арқылы анықтаңдар.Қайсысы сабақты қайсысы салт етістік екенін айтыңдар.