Сөйлемдегі болымды етістіктерді болымсыз етістіктерге айналдырыңыз.

Ол сабаққа дайындалды. Айгүл құрбысының үйіне қонаққа келді. Нұрболға аяз ата ойыншық сыйлады. Кеше біз киноға бардық. Кино өте қызық екен.

2-жаттығу

Берілген сөздерден үлгідегідей болымсыз түрде жаз

Үлгі: мен/айт

Мен айтпадым.

1. Мен/кет

2. Сен/бар

3. Сіз/жауап бер

4. Ол/сұрақ қой

5. Біз/қыдыр

6. Сендер/демал

3-жаттығу

Берілген етістіктерді болымсыз түрде жаз

Үлгі: Мен оқыдым/Мен оқымадым

1. Мен айттым

2. Сен жаздың

3. Сіз келдіңіз

4. Біз киіндік

5. Сендер барыңдар

6. Олар кетті

4-жаттығу

Болымды етістіктерден болымсыз етістіктер жасаңдар.

Асық. Жүгір. Шула. Айқайла. Тарық. Кешік. Бөгел. Сүрін. Күл. Жағалас. Сыз. Теп. Ти. Ұмыт. Жоғалт. Атта. Секір. Өшір. Қи. Аш. Ал. Тасы. Сұра. Төк.

5-жаттығу

Болымды етістіктерді бір бөлек болымсыз етістіктерді бір бөлек жазыңдар.

Барма, кеткен жоқ, айтты, күлді, көрді, қарама, кешікпе, айтқан, келді, барма, қайтатын емес, жазатын емес, сөйледі, барды.

6-жаттығу

Болымды,болымсыз етістіктерді қатыстырып «Менің күн тәртібім» тақырыбында шағын әігіме жазыңдар.

7-жаттығу

Болымсыз етістіктерді болымды етістікке айналдырыңыз.

Барған жоқ, естіген емес, қарама, алма, кешікпе, мақтанба, ойнама, секірме, күлме, қайтатын емес, айқайлама, өшірме, ашпа, сызба, шулама.

Тест

1.Болымды етістігі бар сөйлемді көрсетіңіз

А) ол өтірік айтқан емес B) досын көрмеді

C) кітапты әкелген жоқ D) айтқан уақытында келген жоқ

Е) кітабын әкеліп берді

2. Болымсыз етiстiктi көрсетiңiз

А) Марат кітабының қолжазбасын баспаға тапсырды.

В) Ол айтқан уақытында келмеді. С) Арпа бидай ас екен.

D) Көрпеңе қарай көсіл. Е) Ет етке, сорпа бетке.

3. Болымсыз етістіктер қатарын көрсетіңіз.

А) көрпе, кеспе, арпа

В) алма, бағдарлама, жоба

С) жолама, айтпа, сенбе

D) таспа, қоспа, таңба

Е) қақпа, асаба, таспа

4.Болымды етістіктер қатапын көрсетіңіз.

А) бар,кел,айт,күл

В) алма, бағдарлама, жоба

С) жолама, айтпа, сенбе

D) таспа, қоспа, таңба

Е) қақпа, асаба, таспа

Болымсыз етістігі бар сөйлемді тап:

А) Қ.Сәтбаев көшесінде Павлодар қаласының әкімшілігі орналасқан.
B) Сабақтан ерте босағанымен, киноға үлгере алмадым.
C) Студенттер шаңғымен серуенге барды.
D) Қазақстан спортшылары Туриндегі қысқы Олимпиадаға қатысты.
E) Ғ.Мүсреповтің ана туралы әңгімелерін оқыдым.