Болымды және болымсыз етістіктер.
Етістік негізгі түбірде де,туынды түбірден де қимылдың,іс-әрекеттін болуын білдіреді.Сондықтан етістік негізгі я туынды түбір күйінде болымды мәнді білдіреді.Оларды болымды етістік дейді.Мысалы: келіпті, көріпті, барған, алды , асықты, т.б.
Сонымен бірге етістік қимылдың,іс әрекетін болмауын,іске асыруында білдіреді.Ондай етістіктерді болымсыз етістік дейді.Болымсыз етістік негізгі я туынды түбір етістіктерге –ма,-ме,-ба,-бе,-па,-пе жұрнақтары жалғану арқылы және белгілі шақ тұлғасындағы болымды етістікке жоқ,емес сөздерінің тіркесу арқылы жасалады.Мысалы:бар-ма,көбей-ме,тісте-ме,айтқан емес,кеткен жоқ, т.б.
Қазақ елінің бас қалалары
Қазақ елінің мемлекеттілігінің белгісі-ежелден елді бір жерден басқаратын бас қалалар мен орталықтарының болуында.Бұл қалалардың саяси-эканомикалық,әскери- шаруашылық,сауда, ең бастысы ел басқаруда маңызы зор.
Қазақ халқын осылай бір орталықтан басқару мыңдаған жыл мерзімді қамтиды.Қазақ жеріндегі ең алғашқы мемлекет,көне түріктер қағандығының ту көтерген жері-Алтай,Түрік,Түргеш және Қарлұқ қағандығыныңастанасы-Суябтың іргесі V ғасырда қалаған.Кейін Баласағұн(Ақбешім)-Орталық Азиадағы ірі қалалар қатарына жатқан.
Испиджаб (Сайрам) және Отырар(Фараб) VII-IX ғасырларда көне түріктердің бас шаһарлары болған.Жанкент-оғыздардаң,Ертіс бойындағы Имақия Қимақ мемлекетінің,Сығанақ-Дешті Қыпшақтың орталығ,содан кейін қазақ хандығының астанасы болды,Ташкент-Тәуекел Жолбарыс хандар тұсында,Түркістан-XVI-XVIII ғасырларда қазақ халқының бас қалалары мен астаналары саналған.
Кеңес дәуіріндегі Қазақстан астаналары Орынбор(1925-1929),Алматы(1929-1997) қалалары болды.Ал 1997 жылы 20 қазанда астана Ақмола қаласна көшірілді.
Мемлекет-государство
Бас қала-главный город
Ғасыр-век
Ірі қала-крупный город
Орталық-центр
1-жаттығу