Қазақстанның ресми белгілері
Президенттің шдандарты мемлекеттік рәміз болып есептелмейді, бірақ ол –Елбасымызды ерешелейтін ресми белгілерінің бірі.
«Штандарт» сөзі неміс тілінен аударғанда «полк туы» деген мағынаны білдіреді, яғни жорық туы.Бертін келе штандарт деп мемлекет басының –императордың, президенттің туы айтылатын болды.
Штандарт ел басшысы болған кезде барлық жерге мемлекет астанасындағы резиденциясының төбесіне, қызмет кабинетіне, өзі қатысатын барлық салтанатты қабылдаулар кезінде, сонымен бірге, шет елдердегі қабылдаулар кезінде де қойылады.
Қазақстан Республикасы президентінің шдандарты – көгілдір түсті ту. Тудың орта тұсындағы алтын түсті шеңбер ішіне қанатты барыс үстінде отырған сақ тайпасының жас көсемі бейнеленген. Археологтар Есік түбіндегі қорғаннан жас сақ көсемі – әйгілі Алтын адамның моласын тапқан болатын, сол президент туындағы алтын жауынгердің бейнесіне айналды.
Қанатты барыс –аң патшасы бұл жерде де өз президенттеріне деген халық қолдауын, оның күші мен ақылына деген сенімін білдіреді.
Елбасы-Глава государства
Салтанатты қабылдаулар-торжественные приемы
Алтын жауынгер-золотой войн
Аң патшасы- царь зверей
Ресми белгілер-офицальные знаки
Қанатты барыс-крылатый барс
1-жаттығу.Төмендегі жалпылау есімдіктерін түрлендіріп,тәуелдену және септелу үлгісін кестемен көрсетіңдер.
Барлық,барша, бәрі
2-жаттығу.Сөйлемдердің құрамындағы жалпылау есімдігіне сұрақ қойып,олар қай мүшенің қызметін атқарып тұрғаның ажыратыңдар.
Үлгі:Кім туралы шағым айтып келген?-біреу туралы-толықтауыш.
Әмірші біреу туралы шағым келген кісіні ит етінен жек көреді.Сондықтан оған ешкім бұралқы сөз айтпайды.Өзі тапсырма бермесе, уәзірлер мен балалары да ешкім жөнінде ештеңе айтпайды.Олар бұған өздері естіген жайсыз хабарды нысаланып білдіреді.Оны қалай түсіну бұның өз еркінде.Құлағы естіген әрбір ұнамсыз жайларды әшкерлеп отыру өзіне де оңай емес.Жазықтыға қандай жаза қолданарын тек өзі ғана біледі.Барлық кернейлер тартылып,барлық дауылпаз дабыл қақты.
3-жаттығу.
Барлық,барша,күллі, бәрі деген еісмдіктердің қай сөз табының орнына жұмсалатынын,сөйлемде қай мүшенің қызметін атқаратынын естеріңе түсіріңдер.осы есімдіктерді қатыстырып сөйлем құрап жазыңдар.Құрастырған сөйлемдеріңе синтаксистік талдау жасаңдар.
Үлгі:дүние жүзіндегі барлық халық бейбітшілікті сүйеді.Бұл сөйлем – айтылу мақсатына қарай хабарлы сөйлем, құрамына қарай жай сөйлем.Халық қайтеді? – сүйеді – баяндауыш.Кім сүйеді? – халық – бастауыш.Қанша халық? – барлық – жалпылау есімдігі,анықтауыш қызметінде,сан есімнің орнына жұмсалған.Қай (қайдағы) халық? – дүние жүзіндегі – анықтауыш.Нені сүйеді? – бейбітшілікті – толықтауыш.
4-жаттығу.Мәтіндегі есімдіктерді мағыналық түрлеріне, тұлғасына қарай ажыратып, сөйлемнің қай мүшесі екенін айтыңдар.
Мұхитбақ
Мұхитбақта бір балық бар, ол суда жүзіп қана қоймай, әуелеп ұша да алады.Сондықтан оны ұшпабалық деп атайды.Ол су түбінен зуылдап келіп, сол екпінімен сыртқа атылып шығады да,әуеде жүзу қанаттарын жайып жіберіп, тіпті жүздеген метр қашықтыққа дейін ұшады.Тек ол әуеде олай-былай бұрыла алмайды, соның кесірінен кейде байқамай кеменің палубасына келіп түседі.
Мұхитбақта электрлі скаттар деген балықтар өмір сүреді.Скаттың денесінде батарея тәріздес жасырын бірдеңелер болады.Олардың саны да көп.Мұның әрқайсысы жеке-жеке тұрғанда пәлендей күшті емес, ал бәрі біріккенде әжептәуір қуатты ток береді.Оның тогының күші соншалық – ұсақ балықтарды лезде сеспей қатырады.Ол ток адамды да ұрып жығуы мүмкін.Бірақ бұл кішкентай тірі батареялар бар болғаны қас қағым уақыт қана жұмыс істейді.
5-жаттығу.Төмендегі жалпылау есімдіктерін қатыстырып «өз елім» атты шығарма жазу. Барша, бәрі, барлық,түгел,бүкіл. 6-жаттығу. Мына сөйлемдердің ішінен жалпылау есімдігін көшіріп жазыңдар.
1.Кәкітай бәріңді қирата жеңіп отыр.2.Мен ертең Астана қаласына барамын.3.Бүкіл халық наурыз мерекесін тойлауда.4.Алмат мектеп аралық шахматқа қатысып бірінші орын алды.5.Күллі әлем дамып жатыр.6.Бүгін бәрінің көңіл күйі жоқ.