Көктемнің келгенін қалай білуге болады?

Көктемге қарай ауа-райы біртіңдеп,жыли бастайды.Қар түскен күннің өзіңде де,ол бірден ериді,ал күн болса,күннен күнге жарқырайды.Қысқа қарай жылы жаққа ұшып кеткен құстар,қайта оралып,жұмыртқа салу үшін ұяларын дайындайды. Қыс бойы ұйқыға кеткен аңдар,өздерінің індерінен жаңа туылған балаларымен бірге шығады.Ағаштарда бүршіктерден кішкентай жапырақтар шығып,гүлдер мен шөп өсе бастайды.Ослылайша жан-жақтың бәрі қайтадан жасыл түске бөленеді

 

6-жаттығу.Төмендегі сөйлемдерден өздік есімдіктері бар сөйлемді көшіріп жазыңдар.

1.Кеше Айжан өзіне әдемі көйлек сатып алды.2.Қайрат Мадияр екеуі «мен өз елімді қорғаймын» атты концертке қатысып мақтау қағаздар алды.3. Жауын құрттар өздері қазатын жер асты жолдарда өмір сүреді.4. Ернар өз қолымен қарындасына тамақ жасап берді.5.Майгүл анасына қатты ренжіп қалды.6.Бүгіннен бастап ққушылар жаздық демалысқа шықты.

7-жаттығу.Берілген өздік есімдіктерін қосып мәтін құраңдар және мәтінге ат қойындар . Өз,өзім, өзің,өзіміз,өзі.

Тест. 1.Өздік есімдігі дегеніміз не? А. белгілі бір жақ түрінде қолданылады Ә.әр түрлі тұлғадағы «өз» деген бір ғана сөзді білдіреді. Б.болымсыздық мағынаны білдіреді. В.нұсқау және көрсету мағыналарын білдіреді. 2.Мына сөздердің ішінен өздік есімдігін табыңыз? А.түгел, бүкіл Ә.әр, бірақ Б.өзі, өздері В.ешкім.ештеңе 3.Дұрыс жазылған өздік есімдігін көрсет? А.өзүм отырмын Ә.өзұң отырмын Б.узим отырмын В.өзім отырмын 4 .Өздік есімдігі бар сөйлемді көрсет? А.бұл кітап өте қызық Ә.кеше біреу телефон соқты Б.біз өз тобымызбен таныстық В.барлығы бақытты болсын

5.Мына сөйлемнің ішінен өздік есімдігін табыңыз? Айнұр ертең өзі жалғыз ауыға кетеді. А.ертең Ә.ауылға Б.өзі В.жалғыз