Қазақстан рәміздері

 

Қазақстан рәміздері 1992 жылы 4 маусымда қабылданды. Қазақстан елінің рәміздері – байрақ, елтаңба, әнұран.

Еліміздің басты айрықша белгісі – Мемлекеттік ту (байрақ). Ол зеңгір көк түсті. Тудың ортасында алтын күн аясында еркін қанат қаққан бүркіт – Қазақстан халқының қанаты осы қыран құстай самғай берсін деген белгісі, ал таяу ұлттық өрнек мәдениетіміздің даму жолының куәсі ретінде бейнеленген.

Көгілдір түс – адалдықтың, кіршіксіз тазалықтың белгісі. Мемлекеттік тудың авторы – суретші Шәкен Ниязбеков.

Мемлекеттік елтаңбаның негізі – шаңырақ. Шаңырақ – қазақ үшін киелі ұғым. Қара шаңырақ – ұлттық алтын бесік. Шаңырақты айнала күн сәулесіндей тарап, уықтар шаншылған. Оны қос пырақ қанатымен көмкеріп тұр. Жоғарғы жағында бес бұрышты жұлдыз.

Ол тәуелсіз мемлекетіміздің құшағы бес құрлыққа бірдей ашық екенін білдіреді. Елтаңбаны жасаған – Жандарбек Мәлібеков пен Шота Уәлиханов.

Әнұран – ерлік пен елдік, намыс пен қуаныш жайлы асқақ ән. Әнұранның әнін жазған:Ш.Қалдаяқов

Сөзін жазғандар: Ж.Нәжмединов, Н.Назарбаев

 

Мемлекеттік ту-государственный флаг

Алтын күн-золотое солнце

Ұлттық өрнектер-национальные узоры

Алтын бесік-золотая колыбель

Жұлдыз-звезда

Елтаңба-герб

Әнұран-гимн

1-жаттығу.Өлең мәтіндерінен үш авторлың айтпақ ортақ ойын түйіндеңдер.Өздік есімдіктерді тауып,қандай тұлғада түрленіп тұрғынын айтыңдар.

Білікті біліп айтар сөзін ұтар, Ол емес сөзіңді бедел тұтар. Білімсіз не айтса да,білмей айтар - Өз тілі өзінің кеп басын жұтар. (А.Йүгінеки) Келгенде өзді-өзіңі мықты-ақсыңдар, Қайтейін,өзге десе көнгішіңді. Сықылды сынық бұтақ төмендесең, Кім жұлмас оңайдағы жемісіңді?! (А.Байтырсұнов) Басқа жұрт балалары оқу қуған, Біліммен өз жұртының бетін жуған. Ішіп-жеп жүрсеегер хайуан малдай, Адамзат жер жүзіне не үшін туған?! (М.Жұмабаев) 2-жаттығу.Берілген өздік есімдіктерін қатыстырып сөйлем құрап жазыңдар. Өз, өз-өзіне, өзіміздің, өзінің, өзі, өзім.

3-жаттығу.Мына сөздерді септелу және жіктелу үлгісі бойынша жазыңдар. өзі, өзің, өзім, өзіңіз.

4-жаттығу.Төмендегі мақал-мәтелдерден өздік есімдіктерді тауып жазыңдар.

1.Өзге елде - ұлтан болғанша , Өз елінде - сұлтан бол.

2.Жаңбыр бір жауса, Терек екі жауады.

3.Талап қылмай мұратқа жетпес

4.Қайта жауған қар жаман, Қайта шапқан жау жаман.

5.Өзге тілдің бәрін біл, Өз тіліңді құрметте.

6.Әр тілдің өз ырғағы бар.

5-жаттығу. Мәтінді көщіріп жазыңдар. Өздік есімдіктердің астын сызыңдар