Жетелі жұрттың жеті белгісі

Еліміздің көкейінен, әрбір үйдің төрінен, әр азаматтың жүрегінен құрметті орын иеленіп, төтенше қастерлеп, тәңірі тұтып, тәжім етіп, бас иер, елдің өзіне тән, өзгеге ұқсамайтын өзін бүкіл дүниеге паш етіп тұратын қазақ елінің рәміздері үшеу емес, жетеу болған. Оларды біз “Жетелі елдің жеті белгісі” деп атадық. Олар: ТУ, ЕЛТАҢБА, ӘНҰРАН, ЕЛҰРАН, ТӨЛТҰМАР, ЕЛТЕҢГЕ, ҰЛТЖАЗУ.

ТУ. Көрген жерден-ақ көкірегімізді жаулап алар көгілдір жылы түс тұтастық пен бірліктің, ынтымақ пен адалдықтың ізгі ниетімен ұштасып, “біз” деген бірегей ұғымды жинақтаған көне құдіретті белгі.

ЕЛТАҢБА. Тағдырдың тар жол, тайғақ кешуіне дес бермейтін таймас тұяқ пырақтың, өркениетті бодашаққа қарай өрлеген сайын талмас қанаттың, алты алаштың білік-бірлігін біте қайнасқан күлдіреуішке түйіндеп, атадан-балаға мұра, құдіретті қара шаңырақты көгілдір аспан жүзінде жүздіріп, мәңгі сөнбес шырағың маңдайына жарқыратып, сары алтынмен сомдап, нық тұғыр Қазақстанға қондырған, төбемізге көтеріп жүретін ұлттық нышанымыз.

ӘНҰРАН. Халықтың мұңы мен мұратын, қайғысы мен қуанышын, аңсаған арманын, бірліктің берекесін құдіретті сөздерімен өлең шумақтарына екшеп енгізген сұлу саз, мағынасы, махмұны жағынан “гимн” - ел ұран, ел әні.

ЕЛҰРАН. Жігеріңді жанып, қажырыңды қайрап, жадыңнан жалын жадырар құдірет күші, айбарыңды асқақтатып әкетер рух. Елұран – біздің ұлттық ерекше нышанымыз!

ТӨЛТҰМАР. “Төлқұжат” деп айтылып, жазылып жүрген паспортты осылай атадық.

ЕЛТЕҢГЕ. Тәуелсіздігі қолына тиген егемен елдің ең бір айрықша белгісі – ақша.

ҰЛТЖАЗУ. Көрген жерде көзіне оттай басылатын, бүкіл бітім, болмысынан иісі аңқып тұратын, кім екенінді айтпай-ақ айқындап тұратын ұлтжазудың жөні бөлек.

 

 

 

Ту-флаг

Елтаңба-герб

Әнұран-гимн

Болашақ-будушее

Тағдыр-судьба

Нышан-символ

 

1-жаттығу