Мәтіннен жіктеу,сілтеу есімдіктерін табыңдар.

-Вася,міне,бәріміздің досымыз,ер гришаның қабірі осы. Сол өзіміз жерленген жерде жатыр.

-Мыналарды біздің селоның балалары әкеліп өойған болуы керек,-деді Алеша қабір үстіндегі гүлдерді нұсқап.Отанымыздың тәуелсіздігі үшін қаза тапқан досымыздың қабіріне гүл қойдық.

6-жаттығу

Мәтінді оқыңдар.Құрамындағы сілтеу есімдіктері бар сөйлемдерді көшіріп жазыңдар.

Бала осы кеште Бұғы ана туралы ғажайып ертегіні тағы бір тыңдағысы келіп еді.Бұл ертегіні айтуды Момын атаның өзі де жақсы көретін.Бірақ бала атасын мазалағысы келмеді.Атасынан жаттап алған ертегіні айта бастады.Бұл баяғыда болған оқиға.Сол ерте заманда суы мұздай үлкен өзен жағасын қырғыздың бір ел тайпасы жайлапты.

 

 

Тест

1.Сілтеу есімдігін көрсетіңіз

А) күн қандай тамаша В) достық туралы ән

С) бұл-күрделі мәселе D) биыл қыс ерте түсті

Е) сен барасың ба, жоқ па?

2.Сілтеу есімдігіне жататын сөздерді белгіле

А) біреу, бірнешеу, барлығы В) ешкім, бәрі, солар

С) өзім, өзі, өздері, өзің D) сен, ол, біз, олар

Е) бұл, осы, мына, сол, анау

3.Сілтеу есімдігін көрсетіңіз

А) Кейбіреулер күннің суығын жақсы көреді.

В) Балама санауды үйретіп отырмын.

С) Бүгінгі тойға сонау шет елдерден келген де қонақтар бар.

D) Үйдің сыртында үшеуі әңгімелесіп тұр.

Е) Үйден еш нәрсе тапппадым.

4. Сілтеу есімдігі бар сөйлемді көрсет:

А) Ол 150-ден астам еңбек жазған.

B) Оның балалық шағы Арыс, Сырдария бойында өтті.

C) Соның айтқанына Алмагүл сеніп қалды.

D) Түгелі суретшілердің көрмесіне кетті.

E) Еліміздің өркендеуіне өз еңбегімізді қосайық

5.Сілтеу есімдігі бар сөйлемді көрсет:

А) Мынау дұрыс орындалған жаттығу.

B) Бірде-бір адам аудиторияда қалмасын.

C) Біздің университетте үлкен, жарық, кітапхана бар.

D) Кітапхана өз дәрежесінде қызмет жасайды.

E) Ешқашан күн сөнбесін.