Мәтінді оқып, сілтеу есімдігін табыңыз.
1. Мұнан басқа сөз айтып та үлгерген жоқ. 2. Не ексең, соны орасың (мақал). 3. О шеті мен бұ шеті көз жетпейтін, бауырдай ілінген қоңыр топырақ.4. Күлтайдың баяғы оқыған ағасы осы ауылға қызметке келді.5. Мұныңыз адамшылық, енді Назгүлдің мұнда екенін тез барыңыз да айтыңыз, ана жүрегін қуантыңыз. 6. Омардың оқыған інісі бар деуші еді, сен солмысың ? – Иә, солмын ! 7. Анау Абай ағаға жүгінгенмін.
2-жаттығу
Синоним сөздердің мағынасын түсініп, сөйлем құрастырындар.
Қазақстан – отан – ел – мемлекет – республика:
Көкейі – есі –жады – ойы;
Қазына – байлық –молшылық;
Жетелі жұрт – дамыған ел – өркениетті республика;
Отаншыл – ұлтжанды;
Тәжім ету – бас ию – қастерлеу – тәңірі тұту;
Тұтастық – бірлік – ынтымақ;
Адалдық – ақиқат – шындық;
Мұң – қайғы,
Парыз – борыш – міндет;
Белгі – таңба – нышан;
3-жаттығу
Берілген сөздер мен сөз тіркестерінің антонимін екінші қатардан табыңдар.
1. - - - төр 1. қуаныш
2. - - - иелену 2. босаға
3. - - - адалдық 3. қара ниет
4. - - - ізгі ниет 4. арамдық
5. - - - мұң 5. Иеленбе
4-жаттығу
Қарамен берілген сөздерді мағыналас сөздермен алмастырыңдар.
1. Әрбір адамның жүрегінен орын алатын досы болады.
2. Қазақстандықтар өз елінің рәміздерін құрметтейді.
3. Еліміздің есте ұстайтын жеті белгісі бар.
4. Көк түс – мемлекетіміздің ізгі ниетінің белгісі.
5. Шаңырақ - бірлік пен достықтың нышаны.
6. Отаншыл әр азамат өз елінің әнұранын біледі.
7. Төлқұжат әрбір азаматта болу керек.
8. Өз тілін білу – әр адамның парызы.
5-жаттығу