Сабақтың тақырыбы: Сілтеу есімдігі. Жеті жетім
Сабақтың түрі: теориялық, жаңа сабақты меңгеру.
Сабақты өткізу әдісі: Сұрақ-жауап, интерактивті тақтамен жұмыс істеу.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік:
- Тіл білімінің салаларын меңгерту;
- Сілтеу есімдігінің басқа есімдіктерден айырмашылықтарын меңгерту;
-Студенттерге ана тілінің қадір-қасиетін ұғындыру;
-Тілге құрметін, сүйіспеншілігін арттыру;
-Тіл арқылы халықтар достығын насихаттау, сөздікпен жұмыс жасау;
Дамытушылық:
-Студенттерге курстың міндеттерін түсіндіру;
-Тұрмыстық, қоғамдық саяси, оқу-мамандық, ғылыми мәселелерде ана тілінде сөйлеу білуге қажет екендігін түсіндіру;
-Орыс тілі мен қазақ тілінің негізі айырмашылықтарын;
Тәрбиелік:
- Студенттерді әдептілікке тәрбиелеу
- Мемлекеттік тілге деген құрметін нығайту;
- Білімгерлердің өз мамандықтарын сүюге тәрбиелеу;
- Ана тілінің қадір- қасиетін түсініп, оны құрметтей білуге, тапқырлық, іздемпаздық қасиеттерге жетелеу, шығармашылыққа баулу.
Сабақ уақыты: 90 минут
Сабақтың құрылымы:
1. Ұйымдастыру кезеңі 5 мин.
2. Үй тапсырмасын сұрау 20 мин.
3. Жаңа тақырыпты түсіндіру 40 мин.
4. Жаңа тақырыпты бекіту 15 мин.
5. Сабақты қорытындылау 5 мин.
6. Үй тапсырмасын беру 5 мин.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылармен амандасу. Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру. Оқушылардың сыртқы келбеттеріне көңіл аудару. Сабаққа қажетті құрал-жабдықтарының бары-жоғын тексеру. Оқушыларды сабақтың тақырыбы және жоспарымен таныстыру.
Теориялық білімнің қажеттілігі:
Оқытушы бақылау сұрақтарын қою арқылы оқушылардың біліміне тексеру жүргізу.
Жаңа сабақты түсіндіру:
Оқытушы оқушыларға берілген жаңа тақырыпты түсіндіреді.(тақырыпқа байланысты негізгі сұрақтар).
Сабақтың қорытындысы:
Оқытушы сабақты толығымен жүйелейді, әрбір оқушының жұмысын бағалай отырып, олардың жетістігі мен кемшіліктерін ескереді. Олардың сабақты меңгергенін сұрақ-жауап арқылы анықтайды.
Оқытушы төмендегідей критерийлер бойынша оқушылардың жасалған жұмыстарына баға қояды:
· Өткен тақырып бойынша бағалау;
· Жақсы жауаптарды ескеру;
· Жаңа тақырып бойынша білімдерін бекіту және қорытындылау;
· Тақырып бойынша жаттығулардың орындалуын тексеру;
· Қорытынды баға қою
Үйге тапсырма беру:
Жеті жетім өлеңін жатқа айту. Грамматикалық тақырыпты оқып келу.Сілтеу есімдіктерін қатыстыра отырып сөйлемдер жазу.
Сілтеу есімдігі
Сілтеу есімдіктері меңзеу, нұсқау, көрсету мағыналарын білдіреді.Сілтеу есімдіктері бұл, сол, ол, осы, осынау, сонау, анау, ана, мына, мынау, әне, міне деген сөздер жатады.Әдетте сілтеу есімдіктері сілтеу,меңзеу мәнін білдіріп,сын есімнің орнына жұмсалып, қай? деген сұраққа жауап береді.Мысалы:Самғай бер асқардан асқарға мынау қырандай.Бұл ұрыста біз жеңеміз.
Жеті “жетім”
Тыңдамаған сөз жетім,
Киюсіз тозған бөз жетім,
Иесіз қалған жер жетім,
Басшысы жоқ ел жетім,
Аққу-қазсыз көл жетім,
Жерінен айрылған ер жетім,
Замандасы қалмаса –
Бәрінен де сол жетім.
(Төле би).
Сөз-слова
Жер-земля
Ел-страна
Аққу-лебедь
Көл-озеро
Замандас-товарищ
1-жаттығу