Берілген есімдіктер бойынша сөйлем құрастырыңыз.
Мен,сен,ол,біз,олар,сіз,сендер,сіздер
2-жаттығу
Қажетті жіктеу есімдігін қойыңыз.
1. ________мұғаліммін
2. ________балалар
3. ________қыздармыз
4. ________ақынсың
5. ________дәрігерсіздер
3-жаттығу
Бос орынға жіктеу есімдігін қой
1. ________-зейнеткер
2. ________-мейірбикесіз
3. ________-касса қызметкерісің
4. ________-мұғаліммін,
4-жаттығу
Өлеңді оқып,есімдіктерді табыңыз.Олардың есімдіктің қай түрінде түрғанын жазыңыз.
Сен құрметте оны
Сен құрметте оны!
Түсіндің бе,қарағым?
Ол ақшаға сатқан жоқ
Тіззеден кесіп аяғын
Еріккеннен де ұстап жүрген жоқ
Қолтықтағы ұзын таяғын.
Кеше елге қатер төнгенде,
Ол қарсы шықты жауға
Ол арыстанша алысты.
Сен құрметте оны!
5-жаттығу
Сөйлемді оқып,жіктеу есімдігін табыңдар.
Айғанша жқмыс аяқталса да,үйге қайтуға асықпайтын.Ол бүгін тіпті кеш шықты.Шыға бере,Кенжекейді көрді.
-Сен мұнда не қып тұрсың?
-Ағаң жіберді.Ертіп алып қайт дегенсін,сені күтіп тұрғаным ғой.
-Жеңеше сен кете бер.Мен мына ауылға соғам.
-Қарғам-ау,бұның қалай болды?Ағаң білсе қайтеміз?
-Біле берсін,-деді де,Айғанша жүріп кетті.
6-жаттығу
Мәтінді оқып шығып,ат қойыңдар.Жіктеу есімдіктерін теріп жазыңдар,қай септікте тұрғанын көрсетіңдер.
Сен тұтас жер болып едің,жер ана.Біз сені метрлеп өлшегеніміз де жоқ едік.Біздің мейірімді халық сені бөлшектемей-ақ,тұтасыңнан пайдаланбап па еді?Сенде бізді бауырыңа тартып,алалап көрмеп едің.Сен бізге ұмтылмас тәтті өмір беріп едің.
Біз,жастар,тағдырымыз сенімен байланысты екенін білеміз,туған жер!Біз сенің топырағыңда ғана бақытты бөленбекпіз.Біз сенің топырағыңда ғана бақытқа болса,сенің үстінде өлеміз де.
Тест
1.Жіктеу есімдігі бар сөйлемді көрсет:
А) Бұл жоғары оқу орнының мемлекет тарихында рөлі ерекше.
B) Маған ең қымбат көйлекті көрсетіңізші.
C) Мына сорпа өте ыстық екен.
Д) Алматының көшелері түп-түзу.
2. Белгілі бір заттық ұғыммен байланысты қолданылатын есімдіктің түрі:
А)Сілтеу есімдігі В)Жіктеу есімдігі С)Сілтеу есімдігі Д)Өздік есімдігі
3.Мен,сіз,ол есімдіктері қандай есімдікке жатады:
А)Сілтеу есімдігі В)Жіктеу есімдігі С)Сілтеу есімдігі Д)Өздік есімдігі
4. Жіктеу есімдігі бар сөйлемді көрсет:
А)Ол-оқыған азамат В)Өз үйім-өлең төсегім
С)Бар ойы-өлең айтып,ән салайық Д)Таба алмадым орнымды.
5.Жіктеу есімдіктері
А)бұл,анау В)әне,ана,мыа С)өзім,өзің Д)мен,сен,ол,біз