Сабақтың тақырыбы: Есімдік. Жіктеу есімдігі.Туған жер
Сабақтың түрі: теориялық, жаңа сабақты меңгеру.
Сабақты өткізу әдісі: Сұрақ-жауап, интерактивті тақтамен жұмыс істеу.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік:
- Тіл білімінің салаларын меңгерту;
- Есімдіктің ерекшелігін және оның түрлерін меңгерту;
-Студенттерге ана тілінің қадір-қасиетін ұғындыру;
-Тілге құрметін, сүйіспеншілігін арттыру;
-Тіл арқылы халықтар достығын насихаттау, сөздікпен жұмыс жасау;
Дамытушылық:
-Студенттерге курстың міндеттерін түсіндіру;
-Тұрмыстық, қоғамдық саяси, оқу-мамандық, ғылыми мәселелерде ана тілінде сөйлеу білуге қажет екендігін түсіндіру;
-Орыс тілі мен қазақ тілінің негізі айырмашылықтарын;
Тәрбиелік:
- Студенттерді әдептілікке тәрбиелеу
- Мемлекеттік тілге деген құрметін нығайту;
- Білімгерлердің өз мамандықтарын сүюге тәрбиелеу;
- Ана тілінің қадір- қасиетін түсініп, оны құрметтей білуге, тапқырлық, іздемпаздық қасиеттерге жетелеу, шығармашылыққа баулу.
Сабақ уақыты: 90 минут
Сабақтың құрылымы:
1. Ұйымдастыру кезеңі 5 мин.
2. Үй тапсырмасын сұрау 20 мин.
3. Жаңа тақырыпты түсіндіру 40 мин.
4. Жаңа тақырыпты бекіту 15 мин.
5. Сабақты қорытындылау 5 мин.
6. Үй тапсырмасын беру 5 мин.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылармен амандасу. Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру. Оқушылардың сыртқы келбеттеріне көңіл аудару. Сабаққа қажетті құрал-жабдықтарының бары-жоғын тексеру. Оқушыларды сабақтың тақырыбы және жоспарымен таныстыру.
Теориялық білімнің қажеттілігі:
Оқытушы бақылау сұрақтарын қою арқылы оқушылардың біліміне тексеру жүргізу.
Жаңа сабақты түсіндіру:
Оқытушы оқушыларға берілген жаңа тақырыпты түсіндіреді.(тақырыпқа байланысты негізгі сұрақтар).
Сабақтың қорытындысы:
Оқытушы сабақты толығымен жүйелейді, әрбір оқушының жұмысын бағалай отырып, олардың жетістігі мен кемшіліктерін ескереді. Олардың сабақты меңгергенін сұрақ-жауап арқылы анықтайды.
Оқытушы төмендегідей критерийлер бойынша оқушылардың жасалған жұмыстарына баға қояды:
· Өткен тақырып бойынша бағалау;
· Жақсы жауаптарды ескеру;
· Жаңа тақырып бойынша білімдерін бекіту және қорытындылау;
· Тақырып бойынша жаттығулардың орындалуын тексеру;
· Қорытынды баға қою
Үйге тапсырма беру:
Туған жер тақпағын жаттау. Грамматикалық тақырыпты оқып келу.Есімдіктерді құрастыра отырып шағын әңгіме жазу.
Есімдік
Есімдіктер – есім сөздердің орнына жүретін сөз табы.Есімдіктер қандай сөздердің орнына қолданылуына байланысты зат және заттық белгі деген ұғымдармен ұштасып, жалпы зат және заттық белгі мағыналарына ие болады.Сол ұғымдарыдың жалпы түрдегі атауы есебінде айтылады.Мысалы,жіктеу есімдігі мен,сен; сілтеу есімдігі бұл,сол; сұрау есімдігі кім?не?қай?сөздерін алайық.Осы есімдіктердің негізгі мағыналарын іштей топтастырып қарайтын болсақ,олардың кейбірі заттың белгісі ұғымдағы сөздер болып күрделі екі жікке бөлінеді.Яғни мен,сен,кім? не? Есімдіктері заттық үғымдағы сөздер де,бұл сол,қай? Есімдіктерізаттың белгісі үғымындағы сөздер қатарына жатады.Міне, осылай іштей заттық ұғымдағы (субстантивті) есімдіктер және заттың белгісі ұғымындағы (атрибутивтік) есімдіктер болып екі салаға бөлінеді.
Қазақ тілінде мағынасына қарай есімдіктің 7 түрі бар.
Жіктеу есімдігі - белгілі бір заттық ұғыммен байланысты қолданылатын есімдіктің түрі. Жіктеу есімдіктері мен,сен,сіз,ол,біз,сендер,сіздер,олар.Жіктеу есімдігінің үш жағы және көпше,жекеше түрі бар.
Бірінші жақ - айтушы, сөйлеуші жақ,екінші жақ - тыңдаушы жақ.Бұлар адамға байланысты атаулар, сондықтан кім? деген сұраққа жауап береді. Үшінші жақ- бөгде жақ.Ол адамға,адамнан басқа заттарға байланысты бола береді.Сондықтан кім? немесе не? деген сұраққа жауап береді.
Туған жер
Бұл жарыққа аяқ басып туған жер,
Кіндік кесіп,кірім сенде жуған жер.
Жастық-алтын,қайтып келмес күніме,
Ойын ойнап,шыбын -шіркей қуған жер.
Жаратылдым топырағыңнан,сен түбім,
Жалғаны жоқ, бәрі сенен жан тәнім.
Сенен басқа жерде маған қараңғы,
Жарық болар Шолпан,Айым,сен-Күнім.
Тәтті суың дәмі аузымнан еш кетпес,
Қалың нуың, қыр, суыңа жер жетпес.
Балақ түсіп,қозы қуып,жарысып,
Батпағыңда тең құрбыммен алысып.
Түнде-ақсүйек ,алтыбақан,ал күзде,
Үйретем деп асау тайға жабысып.
«Адам басы-алла добы» деген рас,
Калай куса,солай кетпек сорлы бас.
Кім біледі, менде шетке кетермін,
Туған жерім, сені тастап,басым жас.
Туған жер-родная земля
Түн-ночь
Алтыбақан –качели
Ойын-игра
Қалың ну-густой лес
Жастық-молодость
1-жаттығу