Тәуелсіз ел- Қазақстан тұрағы
Тәуелсіз ел –Қазақстан тұрағым,
Жарқыратқан нұрлы өмір шырағын,
Көкбайрағым еркіндікті паш етіп,
Қыран қанат –көкке самғар жыр әнім.
Тәуелсіздік –еліміздің ұлы әні,
Аңсап күткен бар Алаштың ұланы,
Болса да елім көп ұлыстың құрамы,
Бір кісідей тату –тәтті,
Жарасқандай ынтымағы,
Достық туын жоғары ұстап тұрады.
(Әли Ысқақбай)
Тәуелсіз ел-Независимая государство
Өмір-жизнь
Байрақ-флаг
Достық-дружба
Тәуелсіздік-незвисимость
Ынтымақ-дружба
1- жаттығу
Жақшаны ашып,сандарды болжалдық сан есім етіп жаз
Үлгі : Ол (30). Ол отыздарда
1. Біздің үйде (3,4) гүл бар
2. Жарысқа (100) адам қатысады
3. Емтиханнан (20) шақты адам өтті
4. Мен емтиханда (80) жуық ұпай жинадым.
5. Бөлмеде (30) кісі бар.
2-жаттығу
Сандарды цифрмен жаз
1. Ондаған 10-даған
2. Елудей
3. Сегіздерде
4. Мыңдаған
5. Жиырмадай
6. Отызға жуық
3- жаттығу
Сөйлемдегі болжалдық сан есімдерді тауып,жасалу жолын жаз
Үлгі: Мен үш-төрт күн бұрын келдім.
Үш-төрт-қосарлану арқылы
1. Оның жасы елулерде
2. Мен алпыстай сөз жаттадым
3. Омар он-он бес кітап жазды
4. Жиналысқа он шақты адам келмеді
4-жаттығу
Бос орынға керекті сандарды жаз
1. __-даған
2. __-ге жуық
3. __-тай
4. __-дерде
5. __-шақты
6. __-шамалы
7. __-деген
5 -жаттығу
Берілген есептік сан есімдерден топтау сан есімдерін жасап,оларды сөзбен жазыңдар.
3, 5, 10, 8, 6, 2, 40, 70, 80, 100, 1000
6 -жаттығу
Сөзбен берілген есептік сан есімдерден болжалдық және топтау сан есімдерін жасап жазыңдар.
Жүз, елу, тоқсан, мың.
Тест
1.Топтау сан есім қатысқан сөзді табыңыз.
А)Мен қазақпын мың өліп,мың тірілген
Ә)Оның жасы қырықтарда
Б)Бір қатарға он-оннан тізіле қалды
В)Үш өлшем бар:биіктік,тереңдік және кеңдік
2.Болжалдық сан есімді табыңыз.
А)Үш жарым Ә)Жиырмадай
Б)Төртеу В)Бесеуден
3.Заттың мөлшерін топтап көрсететін сан есімдер:
А)Болжалдық сан есім Ә)Бөлшектік сан есім
Б)Реттік сан есім В)Топтау сан есім
4. Заттың санын дәл білдірмей,шамамен болжалдап көрсететін сан есім:
А)Болжалдық сан есім Ә)Бөлшектік сан есім
Б)Реттік сан есім В)Топтау сан есім
5.Топтау сан есім сұрақтары
А)қанша? нешеу? Ә) қаншадан? нешеден?
Б)неше?қашан? В)қаншау?нешеу?