Сабақтың тақырыбы: Топтық сан есім. Болжалдық сан есім.
Тәуелсіз ел- Қазақстан тұрағы
Сабақтың түрі: теориялық, жаңа сабақты меңгеру.
Сабақты өткізу әдісі: Сұрақ-жауап, интерактивті тақтамен жұмыс істеу.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік:
- Тіл білімінің салаларын меңгерту;
- Топтық сан есімнің, болжалдық сан есімнің жасалу жолдарын меңгерту;
-Студенттерге ана тілінің қадір-қасиетін ұғындыру;
-Тілге құрметін, сүйіспеншілігін арттыру;
-Тіл арқылы халықтар достығын насихаттау, сөздікпен жұмыс жасау;
Дамытушылық:
-Студенттерге курстың міндеттерін түсіндіру;
-Тұрмыстық, қоғамдық саяси, оқу-мамандық, ғылыми мәселелерде ана тілінде сөйлеу білуге қажет екендігін түсіндіру;
-Орыс тілі мен қазақ тілінің негізі айырмашылықтарын;
Тәрбиелік:
- Студенттерді әдептілікке тәрбиелеу
- Мемлекеттік тілге деген құрметін нығайту;
- Білімгерлердің өз мамандықтарын сүюге тәрбиелеу;
- Ана тілінің қадір- қасиетін түсініп, оны құрметтей білуге, тапқырлық, іздемпаздық қасиеттерге жетелеу, шығармашылыққа баулу.
Сабақ уақыты: 90 минут
Сабақтың құрылымы:
1. Ұйымдастыру кезеңі 5 мин.
2. Үй тапсырмасын сұрау 20 мин.
3. Жаңа тақырыпты түсіндіру 40 мин.
4. Жаңа тақырыпты бекіту 15 мин.
5. Сабақты қорытындылау 5 мин.
6. Үй тапсырмасын беру 5 мин.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылармен амандасу. Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру. Оқушылардың сыртқы келбеттеріне көңіл аудару. Сабаққа қажетті құрал-жабдықтарының бары-жоғын тексеру. Оқушыларды сабақтың тақырыбы және жоспарымен таныстыру.
Теориялық білімнің қажеттілігі:
Оқытушы бақылау сұрақтарын қою арқылы оқушылардың біліміне тексеру жүргізу.
Жаңа сабақты түсіндіру:
Оқытушы оқушыларға берілген жаңа тақырыпты түсіндіреді.(тақырыпқа байланысты негізгі сұрақтар).
Сабақтың қорытындысы:
Оқытушы сабақты толығымен жүйелейді, әрбір оқушының жұмысын бағалай отырып, олардың жетістігі мен кемшіліктерін ескереді. Олардың сабақты меңгергенін сұрақ-жауап арқылы анықтайды.
Оқытушы төмендегідей критерийлер бойынша оқушылардың жасалған жұмыстарына баға қояды:
· Өткен тақырып бойынша бағалау;
· Жақсы жауаптарды ескеру;
· Жаңа тақырып бойынша білімдерін бекіту және қорытындылау;
· Тақырып бойынша жаттығулардың орындалуын тексеру;
· Қорытынды баға қою
Үйге тапсырма беру:
Тәуелсіз ел-Қазақстан тұрағы мәтіні бойынша түсініктерін айту. Грамматикалық тақырыпты оқып келу.Топтау сан есімі мен болжалдық сан есімдерге сөйлемдер құрастырып жазу.
Топтау сан есім
Топтау сан есімдер біркелкі заттар мен құбылыстардың мөлшерін топтап көрсететін сан есімдер.Сұрақтары: қаншадан? нешеден?
Топтау сан есімдердің ерекшеліктері
1. Топтау сан есімдер дара сан есімдерге –дан, -ден, -тан,-тен қосымшаларының жалғануы арқылы жасалады: үштен, төрттен.
2. Қосарланған сан есімдерге –дан, -ден, -тан,-тен,-нан,-нен қосымшалары жалғанады: бір-бірден, он-оннан
Болжалдық сан есім
Болжалдық сан есімдер заттың санын дәл білдірмей,шамамен болжалдап көрсетеді де,қанша?неше?қай шамалы?қаншадан? сияқты сұрақтарға жауап береді.Болжалдық сан есім бірнеше жолмен жасалады.
1.Есептік сан есімдерге –лаған,-леген,-даған,-деген,-таған,-теген,-лап,-леп,-дап,-деп,-тап,-теп,-дай,-дей,-тай,-тей жұрнақтары жалғану арқылы жасалады. Мысалы: жүздеген,отыздаған,қырықтаған,мыңдап,елулеп,жетпістей, т.б.
2. Есептік сан есімдерге әуелі көптік жалғауы,оның үстіне жатыс,барыс септік жалғауы жалғану арқылы жасалады.Мысалы: жасы елулерде,сағат ондарда, т.б.
3. Есептік сан есімдердің қосарлану арқылы жасалады.Мысалы:он-он бес,қырық елу,жетпіс-сексен, т.б.
4. Есептік сан есімдерге шамалы,шақты,қаралы,таман,тарта,жуық,жақын сияқты сөздердің тіркесуі арқылы жасалады.Мысалы:жүз шамалы,мыңға тарта,отызға жақын, т.б.