Француз саяхатшысы Г. Мозердің қазақ жеріндегі саяхаты
1885 жылы Парижде француз тілінде Генрих Мозердің « Орталық Азия мен қазақ даласы және Түркістан, Бұхара, Хиуа, Персия жеріне барған сапарлары туралы жолжазбалары» деген кітабы жарияланған.
Бұл кітапта саяхатшының аталған елдерге қалай барғаны туралы деректер баяндалады.
1868 жылы Г.Мозер 24 жасында Петербургтен Шығысқа бет алған.
1882 жылы Г.Мозердің Шығысқа кезекті сапары болды. Сол сапары туралы жазған кітабында: « Қазақтар жылдың төрт мезгілінде үлкен территорияда көшіп – қонып жүреді.Отандарын өлеңге қосып мадақтайды, шексіз, жазық далада өздерін бақытты санайды, әрі еркіндікте өмір сүреді, қазақтай төзімді халық – дүние жүзінде жоқ!» деп жазыпты.
Содан соң, Г.Мозер қазақтардың әдет – ғұрыптарын суреттейді: қазақтар сәнді киінеді, әсіресе қыздар мен әйелдерінің киімдері жібектен, барқыттан, ал қысқы киімдері төрт түлік малдың жұқалап иленген терісінен жасалады.
Ыстық күнде бастарына тақия, қыста түлкі тұмақ немесе қойдың терісінен бөрік киеді. Қыздары үкі қадап, шолпы тағады.
Қорыта айтқанда, Г.Мозердің жолжазбаларының екі түрлі құндылығы бар: бірінші, көшпелі дәуірдегі қазақтардың жақсы қасиеттері жөнінде және олардың этнографиясы туралы мол мағлұмат береді, екінші Қазақстан мен Францияның достық қарым – қатынасы XIX ғасырдың сексенінші жылдарынан басталғанын білдіреді.
Саяхат-тутешествие
Әдет-ғұрып-традиция
Дала-степь
Бақыт-счастье
Достық қарым-қатынас-дружное отношение
Аймақ-территория
1-жаттығу